Түркістан облысы: Сауран ауданының делегациялары Өзбекстан Республикасына ресми іс-сапармен барды

Ағымдағы жылдың 23-24 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасында «Өзбекстан-Орталық Азия-Қытай экономикалық-мәдени форумы» өтті. Аталмыш форумға Сауран ауданының делегациялары, атап айтсақ, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Майдантал, Жүйнек ауылдық округ әкімдері арнайы барып қатысты.

 Іс-сапардың негізгі мақсаты — өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске қажетті жаңа технологиялармен танысу, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу. Сонымен бірге, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу болмақ.

 Форум аясында ауылдық округ әкімдері Қытай Халық Республикасының көптеген кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныстар жасап, келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта ауданда инвесторлар зауыт ашып, бірлесе жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр. Таяу арада инвесторлардың айтқан ұсыныстары бойынша алдағы уақытта келіссөздер жүргізіліп, екі-жақты меморандумға отыратын болады.

 Осы ретте тағы бір атап өтерлігі, Астана қаласында ағымдағы жылдың 23-24-25-ші тамыз күндері Қытай тауарларының көрмесі өтті. Түркістан облысының делегация құрамында Қарашық ауылдық округінің 7 кәсіпкері қатысып, келіссөздер жүргізді. Аталмыш шараға делегация құрамын Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев арнайы бастап барды.

 Сапардың негізгі мақсаты — өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске қажетті жаңа технологиялармен танысу, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу. Сонымен бірге, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу бағытында өрбіді.

 Көрме аясында Қарашық ауылдық округінің кәсіпкерлері Қытай Халық Республикасының көптеген кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныстар жасап, келіссөздер жүргізді. Шетелдік инвесторлар жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, өндіріс орындарын ашуға ниет танытып отыр. Алдағы уақытта инвесторлардың пәрменімен өндіріс орындары ашылады деп күтілуде.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin