Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен арнайы делегация Түркия Республикасына іссапармен барып қайтты. Конья қаласының Қаратай ауданында болып, бауырлас қала ретінде меморандумға қол қойылды. Онда бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, шет елден инвестиция тарту, өндіріс орындарын құру және жаңа технологиялар бойынша алдағы уақытта тәжірибе алмасады.
Делегация Конья қаласының Қаратай ауданында сауда және өнеркәсіп, іскерлік бизнес өкілдерімен кездесіп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері таныстырылды.
Экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындармен қатар, делегация бірқатар өндіріс орындарының технологияларымен танысты. Алдағы уақытта меморандум негізінде екіжақты байланыстарды нығайтып, қант өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, жиһаз жасау және текстиль өндіру бағытында әріптестік орнату негізінде кездесулер өтеді.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы қазан айының соңына таман Қытай Халық Республикасына арнайы іс-сапармен барған-ды. Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу болып табылады.
Саурандық кәсіпкерлер бірінші кезекте сол тұста сапарын Чыңду ауданының Шиньжин қаласындағы «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысудан бастады. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда.
Делегация тарапынан компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті.
Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ өндірісі мен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бойынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі осы балық шаруашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. «Салқын су» балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсібпен айналысқан шаруа қожалығында бекіре балығының ұзындығы 4-5 метрге дейін жетіп, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.
Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды «Шин ноң» тәтті жүгері өндіріс кооперативі жүгеру зауыты жұмыс істеп тұр. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады.
Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, «Кен юань» саңырауқұлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай Халық Республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады.
Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екі жақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар.
Осы орайда атап өтерлігі, биыл наурыз айында да Түркістан облысының делегациясы Түркия Республикасының өндіріс орындарымен танысып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізген-ді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес шетелдік инвестицияны тарту, өндіріс орындарын құру және өндірістердегі жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысынан құралған делегация Түркия еліне іссапар жасады. Іссапарды Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырды. Оның құрамында «Turkistan Invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту» агенттігі, «Turan» арнайы экономикалық аймағының, Кентау және Арыс қалалары, Отырар, Созақ және Сауран ауданы әкімдіктері және бизнес өкілдері бар.
Делегация Измир және Конья қалаларының Сауда және өнеркәсіп палатасы басшылығы, іскерлік бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, одан әрі «В2В» форматында келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту бойынша кәсіпкерлік саясатты жүргізуге жауапты Сауда- экономикалық байланысты дамыту палаталарымен меморандумдарға қол қойылды.
Кездесулерде Измир және Конья қалаларының Сауда және өнеркәсіп палаталарына, бизнес ассоциацияларына Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері таныстырылды.
Іссапар барысында құрамында 197 компания жұмыс істейтін «Избаш», 250 компания қызмет ететін «Есбаш» еркін экономикалық аймақтары жұмысымен және кәсіпорындарымен танысты. Кәсіпті кеңейту тұрғысында Түркістан өңірінде өндіріс ошақтарын құру бойынша ұсыныстар білдірілді.
Экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындармен қатар, делегация бірқатар өндіріс орындары технологияларымен танысты. Олардың қатарында «Akaylar Derі» тері өңдеу зауыты, «Hidromek» ауыл шаруашылығы техникаларын және құрылғыларын өндіру зауыты, «Abalioglu yagi» күнбағысы майын өндіру зауыты, жаңбырлатып және тамшылатын суару жүйелерін өндіретін «Elit plastic», «Sertsan Plastik», «Ercanlar Plastik», «OpalPivot», «Akona plastik» компаниялары, «RTM Tarım Kimya» кіші, ірі қара және құстарға арналған жем шығару зауыты, кептірілген жемістерді өндіретін «Pinar Kuruyemis», Түркия елінің үштен бір бөлігін ет өнімдерімен қамтамасыз ететін консервіленген дайын ет өнімдерін өндіретін «Konaet» компаниялары бар.
Делегация іссапары Конья елінде өтіп жатқан Түркия еліндегі ең ірі және Еуропадағы 3-ші ең ірі «Konya Agriculture Fair 2024» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалғасты. Жәрмеңкеде соңғы технологияларды қолданатын ауыл шарушылығы саласындағы кәсіпорындарға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.
Келіссөздерде бірқатар кәсіпорындар Түркістан облысына инвестиция салуға қызығушылық танытты. Сол тұста түркиялықтар алдағы уақытта Түркістан өңіріне қызметтік іссапармен келеді деп күтілген болатын.
Айтпақшы, түнеугүні инвестиция тарту бағытында Өзбекстан іссапарының нәтижесі мен орындалуы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен ауданның апталық мәжілісінде қаралды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Апталық мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда Түркістан облыс әкімі бекіткен үш жақты келісімшарттың орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, ауыл шаруашылығы бөлімінің 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров, инвестиция тарту бағытында Өзбекстан іссапарының нәтижесі мен орындалуы бойынша Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаев баяндама жасады.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметовтың мәлімдеуінше, 2024 жылдың III тоқсанында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан. (2023 жылдың тиісті кезеңінде 78,2 миллиард теңге) Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 765,9 мың теңгені құраған. 2024 жылдың 9 айында 59,0 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3%-ды құрап отыр. (Оның ішінде: мал шаруашылығында – 11 276,2 миллион теңге, өсімдік шаруашылығында – 47 724,3 миллион теңгенің өнім өндірілген.) Үш жақты келісімге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 112,1 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 102,5 пайызға жету керектігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып болған соң, аудан басшысы айтылған пікірлерді, баяндамаларды сараптай отырып, бөлім басшыларына және жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар жүктеді. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен нақты индикаторлық көрсеткіштер мен облыс әкімі тапсырмаларының уақтылы орындалуы, ауыл-аймақтағы тазалық жұмыстарды күн сайын сараптап отыруды тапсырды.
Сонымен қатар инвестиция тарту бойынша Өзбекстанға жасаған іс-сапарының орындалуы мен нәтижесі туралы Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов та Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен ауданның апталық мәжілісінде баяндама жасады. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда инвестиция тарту бойынша Өзбекстанға жасаған іс-сапарының орындалуы мен нәтижесі туралы Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов, аудан әкімінің жеке қабылдауларындағы берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Жандос Әлен, аудан аумағында күзгі мезгілде егілетін көшеттердің орындалуы туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асылбек Қанағат баяндама жасады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.