Түркістан облысы: Сауран ауданының орталығы жаңарып, гүлденіп келеді

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекені бүгінде жаңа келбетке еніп келеді. Аудан орталығы болған 3 жыл көлемінде құрылыс қарқыны күн санап артып, әлеуметтік нысандар бой түзеп келеді. Жаңа аллеялар салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Ауданның осындай көз ілеспес жылдамдықпен дамып, түрленіп жатқанына саурандықтардың алғысы шексіз.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан орталығын аралап, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінде аталған аумақта көшелер жөнделіп, жарықтандырылып, инфрақұрылымы жақсарып келеді. Алдағы уақытта орталықты көркейту бағытында саябақ пен рәміздер алаңы салынбақ. Аудан басшысы аудан орталығын аралау барысында атқарылған жұмыстарды саралап, ауылдық округ әкіміне және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымдай жерде, Арыс-Түркістан каналының бойында орналасқан. Мақта ұжымшары болып, Түркістан мақта тазалау зауытының дайындау пункті, астық қабылдау мекемесінің пункті болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Округ жерінде 18-ші ғасырда ежелгі Шорнақ қаласы болған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin