Түркістан облысы: Сауран ауданының шаруалары Астана қаласындағы жәрмеңкеге 40 тонна көкөніс жөнелтті

Қыркүйек айының алғашқы күндерінде Астана қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Сауран ауданы 40 тонна көкөніс пен жеміс жөнелетті.

Атап айтқанда, шаруалар өздері еккен қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, баклажан, болгар бұрышы, картоп, алма, жүзім, қара өрік, алмұрт, қарбыз, қауын, асқабақ өнімдерін арнайы жүк көліктеріне тиеді.

Сауран ауданы бойынша 2023 жылы 42 200 гектар егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған болатын. Атап айтқанда: бидай — 4259 гектар, дәндік жүгері — 3 500 гектар, мақсары – 300 гектар, күнбағыс – 100 гектар, көкөніс — 2 137 гектар, картоп – 506 гектар, бақша — 6 422 гектар, мақта – 11000 гектар, мал азығы (жоңышқа, сүрлемдік жүгері) 13976 гектарға егілді.

Атап өту керек, Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды өсіп келеді. Бұл жайында ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев мәлімдеп отыр.

Ол биыл аталған саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард 973 миллион теңгеге жеткіндігін айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан екен. Сонымен қатар, биыл жоғарыда айтып өткен 42 200 гектардың орнына артығымен 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2 057 гектарға көбейген.

Айта кетерлігі, 44 080 гектар жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Ал, аудан бойынша жылыжай өсіруді 12 гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі таңда бұл меже 100%-ға толық орындалған.

Жалпы, елімізде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, облыс әкімдіктері деректеріне сәйкес 2023 жылғы егіс алқаптары бойынша болжам жасалған-ды. Мәселен, биылғы жалпы егіс алаңы 23,4 миллион гектар болып отыр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық. Сондай-ақ дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы алаңдарын, 6,7 мың гектарға ұлғайтылды.

Нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты мақсары, соя және қыша сияқты кейбір майлы дақылдар егілетін алаңдар шамалы қысқарды. Сонымен қатар күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алқаптарын 30,8 мың гектарға ұлғайтылды.

Көкөніс, бақша және картоп бойынша егіс алқабын 11,1 мың гектарға ұлғайтылды. Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңының 14,8 мың гектарға азайып, ол 111,4 мың гектар болды. 

«Сонымен қатар Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдары өткен жылмен салыстырғанда 7,6 мың гектарға ұлғайған. Жалпы астық, көкөніс-бақша, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді Ә. Тамабек.

Маңызды міндеттердің бірі – топырақта ылғалдың жиналуы және оны ұтымды пайдалану шараларын жүргізу. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 21 ақпан және 1 наурыз аралығында республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын және одан да көп түскен. Ең көп жауын-шашын батыста, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы және тау етегіндегі аудандарында және оңтүстіктің кей жерлерінде болды. Қалған аумақта жауын-шашын нормадан аз болды.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республиканың батысында қар жамылғысының қалыңдығы 5-16 см-ден 19-36 см-ге дейін, шеткі солтүстік-батыста кей жерлерде 42-61 см-ге дейін, солтүстікте аймақта 2-10 см-ден 12-58 см-ге дейін, орталықта 7-15 см-ден 18-39 см-ге дейін, шығыста 9-20 см-ден 22-75 см-ге дейін, таулы аймақтарда 101 см-ге дейін болды. Оңтүстік-шығыста – 2-6 см, таулы және тау етегіндегі аймақтарда – 5-23 см, Алакөл өңірінде – 74 см-ге дейін және оңтүстік-батыстың кейбір аудандарында (Атырау облысы) – 5-14 см .

«Көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде сапалы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді. Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарында 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешені, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралы бар»,  дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Сондай-ақ республикада бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын 4,9 мыңнан астам заманауи егіс кешені аграрлық технологияларды сақтай отырып, дәнді дақылдар алаңдарының 70%-ын себуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, көктемгі жұмыстарды жүргізуге өңірлерге 413,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13,0 мың тоннаға көп. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі және мұнай өңдеу зауыттарымен ақпан айына белгіленген баға тоннасына 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді.

Облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша тұқым құю жоспары 100%-ға жүзеге асырылды. Фермерлер 2,4 млн тонна көлемінде тұқым қорын қалыптастырған. Сараптамаға 1,4 миллион тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түсті. Тексерілген тұқым көлемінің 99,7%-ы кондицияланған деп танылған, сондай-ақ 93,4%-ы себу стандартының 1 және 2 кластарына сәйкес келеді.

«Сонымен қатар өңірлердегі қоймаларда тұқым қоры жиналған. 2023 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд теңге бөлінді», дейді Әбілхайыр Тамабек.

Ауыл шаруашлығы министрінің айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша соңғы 10 жылда алғаш рет тыңайтқыштар енгізу 667 мың тоннаға немесе ғылыми қажеттіліктің 26% деңгейіне жетті.

Биыл шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш енгізілді, оның 63%-ы – отандық тыңайтқыштар (аммиак селитрасы мен аммофос). Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 112 мың тонна, оның ішінде оңтүстік өңірлерге 31 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді. Тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына жергілікті бюджеттерде 31,3 миллиард теңге қарастырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды организмдер мен арамшөптерден қорғау үшін биыл пестицидтерді субсидиялау бағдарламасына 32,6 миллиард теңге қарастырылды.

Биылғы қаңтар айынан бастап алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына 140 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру пысықталды (бұрын наурыз айына дейін түспейтін). Аграрлық несие корпорациясы бұл қаражаттың бөлінуін күтпей-ақ, қолда бар ресурстар есебінен желтоқсан айынан бастап қаржыландыруды бастады. Жалпы 3 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қамтып, 2 миллион гектарға жуық алқапта егін егу мен жинауды жоспарланып отыр.

Министрдің мәлімдеуінше, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы да қаржыландыру жалғасады. Биыл Азық-түлік корпорациясы салаға 55 миллиард теңге бөлді, оның 20 миллиард теңгесі форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша, 35 миллиард теңгесі тауарлық несие беру есебінен жоспарланды.

«Барлық мәселені жедел шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан қажетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тарта отырып, Жедел штаб құрылды. Қабылданып жатқан шаралар егіс науқанын сапалы және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді», дейді Әбілхайыр Тамабек.

Ал Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленді. Аталған құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылда Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есеге, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Өңір басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

– Өңірімізде ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамытудың барлық жолы, тәсілі қарастырылады. Тұжырымдама нақтыланып, толықтырылады. Ол үшін мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қайта өңдеу және өзге де салалар бойынша сарапшылардың ақыл-кеңесі назарға алынады. Бұл ретте аудан, қала әкімдері өздеріңіз басқаратын аймақтың ерекшелігіне сай нақты ұсыныстарды берулеріңіз керек. Кейбір аудандарда агроиндустриалды аймақ ашамыз, кейбір аудандарда жеке шаруашылықтарға басымдық береміз. Қосымша жылыжай шаруашылықтарын дамыту үшін газ, энергия мәселелеріне жеңілдіктер қарастыру көзделіп отыр. Екіншіден, былтыр біраз ауданда ауыл шаурашылығы бойынша жоспар орындалмады. Инвестициялық жобалар аз. Сондықтан жауапты орынбасарға осы салаға қатысты жұмысты жандандыруды тапсырамын. Өз міндетін дұрыс атқармаған аудан, қала әкімдіктеріндегі жауапты басшылардың жұмысы қадағалансын. Биылға жоспарланған индикаторлар толық жүзеге асырылуы тиіс. Тұжырымдаманы толықтыру жұмысы жеделдетілсін. Бұл – облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды жоспар, – дейді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, тұжырымдамаға сәйкес, АӨК негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есеге арттыру межеленген. Яғни, 84,9 миллиард теңгеден 481,1 миллиард теңгеге дейін көбейтілмек. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 триллион теңгеден 2,12 триллион теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 миллион АҚШ долларынан 310,5 миллион АҚШ долларына жетеді деген жоспар бар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы егіс көлемі 869,8 мың гектарға жеткізіледі (2022 жылы 859,9 мың гектар), мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді дақылдар, көкөніс, бақша және малазықтық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Жылыжайлар көлемі 1569 гектардан 2118,6 гектарға ұлғаяды (+ 550 гектар), қарқынды баудың көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға арттыру жұмысы жүреді. 5 жылда 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу, мақта шаруашылықтарын 2027 жылдан бастап жергілікті элиталық тұқымдармен 100 % қамтамасыз ету жоспарланған. 5 жылда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін 0,23 %-дан 10 %-ға, ет өнімдерін өңдеу үлесін 12,3 %-дан 34,0 %-ға, сүт өнімдерін өңдеу үлесін 13,6 %-дан 31 %-ға ұлғайту көзделген.

Аудан, қала әкімдіктерінен алдын ала 2023-2027 жылдарға жалпы құны 320 миллиард теңгені құрайтын 109 жоба инвестициялық жоба тізімі анықталды. Оның ішінде биыл құны 29,4 миллиард теңгені құрайтын 36 жоба енгізілген. Инвестициялық жобалар тізімін кеңейту, өзектендіру жұмыстары жалғасады.

Осы тұста соңғы жылдары ағын су тапшылығының артуына байланысты Сауран ауданының диқандары жаңа технологияға көшіп, тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологияларын пайдалануға көшкендігін де айта өтейік.

Шикізаттың тез бұзылып кетуіне және алыс жолға шыдамауына байланысты да жеміс-жидектер мен азық-түліктерді қалбырлап, тосап жасауға да бейімделе бастады.

Іске асырылған, асырылып жатқан, жоспарланған инвестициялық жобаларға келсек, 2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 миллиард 300 миллион теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 миллиард 141 миллион теңге инвестиция тартылып, өсім 113,4 % құрады.

2023 жылға 11 миллиард 332 миллион теңге тапсырма берілді, 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард 973 миллион теңге орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есе артқан.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 миллиард 810 миллион теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

  1. Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығы – балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны 600,0 миллион теңге;
  2. Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» ЖШС – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны 2,56 миллиард теңге;
  3. Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» ЖШС – мақта майын өндіру цех жобасы, жалпы инвестиция құны 500,0 миллион теңге;
  4. Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» ЖШС – мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 миллион теңге;
  5. Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығы – 300,0 гектарға жаңбырлатып суару қондырғысын орнатып, жоңышқа өсіру жобасы, жалпы құны 350,0 миллион теңге;
  6. Жібек жолы ауылдық округінде «JMJ» ЖШС – 500,0 гектарға жаңбырлатып суару қондырғысын орнатып, жоңышқа және мақсары дақылын егу жобасы, жалпы құны 400,0 миллион теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 392 100 гектар.

Оның ішінде: суармалы – 44 441 гектар; шабындық – 3 257 гектар;

Жайылымдық жер – 344 402 гектар.

Ауданда 2972 шаруа қожалығы мен заңды тұлғалар бар.

  1. Заңды тұлға – 45;
  2. Шаруа қожалықтары – 2927.

Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырма берілген болатын. Оның орнына артығымен 44082 гектар егістік жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1945 гектар артығымен орындалып, 104,6 пайызды құрады.

Дақыл түрі 2022 жылы 2023 жылы Айырашылығы (+\-) %
1 Бидай 3275 4254 979 129,9
2 Арпа 300 -300 0
3 Дәндік жүгері 2800 2875 75 102,7
4 Мақсары 310 580 270 187,1
5 Күнбағыс 65 110 45 169,2
6 Көкөніс 2433 2502 69 102,8
7 Картоп 358 470,5 112,5 131,4
8 Бақша 5259 6473 1214 123,1
9 Мақта 12772 11666 -1106 91,3
10 Мал азығы (жоңышқа, сүрлемдік жүгері) 14565 15153 588 104
Барлығы 42137 44082 1945 104,6

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin