Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі суармалы жер, ағын су, жайылым, көктемгі залалсыздандыру мәселелеріне ерекше назар аударды

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек және «Жұмыспен қамту» КММ орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Азамат Мұсырманқұлов хабарлап өтті.

Дәуірхан Сейілбекұлының мәлімдеуінше, статистикалық көрсеткіштерге сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 43361, жұмыссыздар саны — 2181 адам, жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны — 17483 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 23697 адамды құрайды. 2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен — 323125,0 мың теңге, облыстық бюджеттен — 64624,0 мың теңге, қосымша төлемге республикалық бюджеттен — 40884,0 мың теңге қаралған. 2023 жылдың 3 айында 502 отбасының 3126 адамына 96592,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төлем жүргізілген.

Түркістан облысы әкімінің 2023 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспарына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 4904 адамнан жыл соңына дейін 15% кемітіп, 4168 адамға азайту бойынша меморандум түзілген. 2023 жылдың 1-тоқсанына бекітілген АӘК алушылар жоспары — 3433 адам болса, АӘК алушылар саны бірінші тоқсанға 3126 адамға орындалып, көрсеткіш 307 адамға төмендетілген. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 220,0 мың теңге материалдық қаржылай көмек көрсетілгенін жеткізді.

Сонымен қатар, қосымша хабарлама жасаған Азамат Ержанұлы Сауран ауданы бойынша «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жоба аясында 2023 жылы атқарылған жұмыстарын баяндады. Жоба аясында 2023 жылы аудан бойынша 5990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, қазіргі таңда 3940 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 2303 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған. Ал, жоба бойынша мүмкіншілігі шектеулі 150 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 91 азамат жұмыспен қамтылған. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» бойынша 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін орталық арқылы атаулы әлеуметтік көмекке 502 отбасының 3126 адамына 96 592 339 мың теңге тағайындалып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі қаралған мәселеге бойынша аудан аумағында аса қауіпті және зиянды жәндіктерді залалсыздандыру жұмыстары туралы Түркістан қалалық аумақтық инспекция басшысы Жантөре Ибрагимов, көктемгі залалсыздандыру (кенеге қарсы) атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Сауран ауданы бойынша ветеринариялық қызметі басшысының міндетін атқарушы Мирзахан Вапаев және аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мирзагелдиев хабарлама жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Мұнан соң Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Аудан әкімнің жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап өтсек, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекенінің тұрғыны Нурмет Султанмуратов ауыл көшелеріне атау беруді сұраса, Ескі Иқан ауылдық округі, Мәшһүр Жүсіп елді мекенінің тұрғыны Адай Құсайын суармалы жерін басқа біреу иемденіп отырғанына шағымданды. Сонымен қатар, баласына 10 гектар суармалы жер беруін, ауыз су мәселесін шешуді өтінді.

Ал, Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінің тұрғыны Елмұрат Утенов Иассы ауылдық округі, Шойтөбе елді мекеніндегі жер мәселесін шешіп беруін, Шаға ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінің тұрғыны Амирше Маленұлы егістік жеріне баратын ағын суды кәсіпкер азаматша жауып тастаған, соны шешіп беруді болмаса басқа жерден ағын су өтетін арық қазып беруін жеткізді.

Сонымен қатар, Майдантал ауылдық округі, Қаражон елді мекенінің тұрғыны Әділ Әбен аудан көлемінде үстел тенисін дамытуға көмек беруін жеткізсе, Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекенінің тұрғыны Абдыашим Есеналиев жайылым жерлеріне Жүйнек ауылының тұрғыны малдарын жайып жатқанын айтып, наразылығын білдірді.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.