Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі ауданның басты перспективасы — ауыл шаруашылығы саласы екенін айтты

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен құрылғанына биыл 2 жыл болған көне Сауран ауданының даму бағыттары пысықталды. Жиынға «Консалтинга» зерттеу орталығының өкілдері және аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Жиында Астанадан арнайы келген «Консалтинга» зерттеу орталығының жоба менеджері Мақсат Тұрсынов ауданның алдағы уақытта дамуы бойынша слайд арқылы кеңінен түсіндіріп өтті.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауданның басты перспективасы — ауыл шаруашылығы саласы екенін, ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету, бұл тұрғыда ауыл шарашылығы еңбеккерлерінің жұмыстары ерен екенін жеткізді. Бұдан бөлек, ауданның тағы бір негізгі бағыттардың бірі – кәсіпкерлік және туризм саласы. Әр қаланың, ауылдың, кез келген елдімекеннің тіршілік көзі орта және шағын бизнеске негізделген. Соның арқасында тұрғындар тұрақты табыс тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

“Сауран ауданын туристік ауданға, туризм орталығына айналдырудағы мақсат — туристік нысандарды көбейту, туризмнің даму деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу, туристік саладан түскен табысты көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Сондықтан, бұл мәселе күн тәртібіндегі негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Сол мақсаттарға жету үшін туризммен байланысты салаларын дамыту, инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызмет саласын жақсарту, туризм саласындағы білімді жетілдіру міндеттері қойылып отыр”, — деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Жиын соңында ауданды дамыту бағытында көптеген ұсыныстар айтылып, бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, ауданның бас жоспарына сәйкес, кезең-кезеңімен дамитын болатыны айтылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.