Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында Сауран, Сайрам, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары және Кентау қаласының әкімдері, сонымен қатар кәсіпкерлерден құралған Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Линьцин қаласына іссапармен барды.
Мақсат – облысқа инвестиция тарту, екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу.
Делегация алғашқы күні Қытай Халық Республикасының Шандонг провинциясының Линьцин қаласының әкімшілігі және бизнес өкілдерімен кездесті. Жиналыста Линьцин қаласының басшылығы қаланың тарихын, бизнес климатын, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қайта өңдеу салаларында жеткен жетістіктерімен таныстырды.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары С.Көшкінбай Түркістан облысы делегация құрамын таныстырып, облыстың инвестициялық тартымдылығы бойынша әзірленген арнайы видеоматериалды көрсетті. Сонымен қатар облысқа инвестиция салудың тиімділігі бойынша арнайы презентация жасалды.
Түркістандық делегацияның іссапары Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен жалғасады. Келіссөздер жүргізіліп, келісімдер жасалады.
Екінші күні делегация бұрғылау машиналарына және магнитті крандарға қажетті жабдықтар шығарумен айналысатын Қытайдағы ең ірі кәсіпорынның бірі – «Shandong Band Hongzhongchuang Intlligence Equipment Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысып, кәсіпорынның көпжылдық тәжірибиесі негізінде өндірісті Түркістан облысында бірлесіп дамыту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар «Shandong Band Hongzhongchuang Intlligence Equipment Co., Ltd» компаниясының өкілдеріне Түркістан облысының шикізаттық әлеуеті таныстырылып, аталған өндірісті Түркістан облысында бірлесіп кәсіпорын ашу арқылы дамыту ұсынылды. Кәсіпорын ашылған жағдайда, Қазақстанның ТМД елдерімен және Евразия экономикалық одағына мүшелігін пайдаланып, өнімді экспортқа кеңінен шығару мүмкіндігі айтылды. Нәтижесінде, кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта осы мәселе бойынша Түркістан облысына арнайы іссапар ұйымдастыруды жоспарлауда.
Одан соң делегация құрамы тоқыма кластерін құраған «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясында болды. Компанияда мақта өңдеуден бастап, жіп иіру, мата шығару, дайын өнімдерді тігуге (киім, мата ойыншықтар, т.б.) дейін жолға қойылған. Қазіргі таңда «Саньхе» компаниясында айына 60-тан 80 мың тоннаға дейінгі мақта өңделуде.
Кездесуде «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясының басшылығына, Түркістан облысы Қазақстандағы мақта егетін бірден-бір облыс екендігі айтылып, сондай-ақ жылына 130 мың гектарға жуық алқапқа мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам мақта өнімі алынатындығы бойынша барлық ақпараттар ұсынылды.
Әкімдік, облыс аумағында алынған мақта өнімін Қытайлық «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясына экспорттауға және мақтаны толық өңдеу мақсатында Түркістан облысы аумағында бірлескен кәсіпорын ашуға ниетті. Осыған орай, «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясы өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде, Түркістан облысында егілген мақта өнімін зерделеу мақсатында, «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясына ұсынылатын болады.
Бұдан өзге қағаз өнімдерін шығаратын «Zhongye Paptr Industry Yinhe Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысты. Компания тарапынан, Қытай Халық Республикасындағы экологиялық талаптарға байланысты шектеулер салдарынан компанияны Түркістан облысы аумағынан ашуға ниетті.
Компания өкілдеріне Түркістан облысының импорттық және экспорттық әлеуеті, бизнес климаты таныстырылды. Облыс аумағында бірлескен кәсіпорын ашу бойынша, зауытқа қажетті шикізат көздеріне зерделеу жұмыстары жүргізу, жобаның болжамдық жобалау құжаттарын жасау бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде келісімдер жасалынды.
Одан басқа сүт өнімдерін шығарумен айналысатын «Rutai Dairy Industry» компаниясын аралап көрді. Компанияда 5000 мың бастық асылтұқымды сиырлар бағылуда. Күнделікті сиырлар сауылысымен өнім тікелей зауытқа жеткізіліп, дайын өнімдер шығарылуда.
Делегация тарапынан, компанияның сиырларды бағу, сүтті өңдеу, дайын өнімдерді шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Облыстан келген сүт өнімдерін өндірумен айналысатын бизнес өкілдері компанияның сүт өңдеу саласында қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігін зерделеп, жабдықтарды алу бойынша ақпарат бөлісті.
Орайы келгенде айта өтейік, соңғы 2 жылда Сауран ауданы экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы — 12,4 миллиард теңге, 2022 жылы — 25,9 миллиард теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,1 миллиард теңге.).
2023 жылға 14,4 миллиард теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 миллиард теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны).
Өнеркәсіп бойынша 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 миллиард 491,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ды құрады.
Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 миллиард 651,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен.
Биыл 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 миллион теңгеге жуық жеңілдетілген 6%-дық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.
Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны 675 миллион теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өндірісі жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.
Шағын және орта бизнесте де ілгерілеу байқалады. Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті. (2021ж-2073).
Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты.
Бөлшек сауда бойынша ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі. Есепті мерзімде аудан бойынша бөлшек сауда көрсеткіші 718,2 миллион теңгеге, яғни 103,1 пайызға орындалды.
Ал агросекторға келсек, Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілді. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады.
Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.
2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд. 300 млн. теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 млрд. 141 млн. теңге инвестиция тартылып, 113,4%-ға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 7 айдың қорытындысымен 3 млрд. 960 млн. теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артты.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 млрд 468 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда:
— Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының – балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны 608,0 млн. теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны 2,56 млрд. теңге;
— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны 500,0 млн. теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 млн. теңге;
— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының – жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 млн. теңге.
Бүгінгі күнге, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 млн. теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба несие комитетімен мақұлданды.
Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде.
Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.
Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда:
— Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 шақырым). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.