Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Бұл жөнінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен ауданның апталық мәжілісінде айтылды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда аудан аумағындағы тазалық жұмыстарының барысы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Рысбеков, тұрғындардың арыз-шағымы мен атқарылып жатқан жұмыстары бойынша аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мөлдір Темірхан, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімдігінің 2024 жылы атқаратын жұмыстары туралы ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаев баяндама жасады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Рысбековтің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алған болатын. Осы акцияға сәйкес, аудан әкімінің 13 сәуірмен 11 мамыр аралығында 5 кезеңнен тұратын іс-шара жоспары бекітіліп, орындау бойынша ауылдық округтермен барлық мекемелерге жолданған. Олар: «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ». “Таза өлке” акциясы аясында барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары мен көгалдандыру, қас беттерді реттеу жұмыстары жүргізілген. Аудан көлемінде көгалдандыру мақсатында жалпы саны 25300 дана көшет егіліп, бұл жұмыстар өз жалғасын табатынын атап өтті.

Сонымен қатар, «Киелі мекен» акциясы аясында «Сауран қалашығы», «Укаша ата», «Жүсіп ата» кесенелерінің аумақтарын көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне санитарлық тазалық жұмыстарына барынша ден қоюға, күн тәртібінде айтылған кемшіліктер бойынша шұғыл жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.

Шынында да, бүгінде Сауран ауданында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы ретте «Киелі мекен» апталығы аясында Сауран қалашығында сенбілік ұйымдастырылып, қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, аудан орталығындағы ардагерлер аллеясының аумағында абаттандыру және тал егу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудандағы экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысты.

Айта кетсек, Сауран қалашығының іргетасы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде қаланған. Түркістаннан солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі болған. Сауран қалашығы арқылы «Жібек жолы» өтетін болған. Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран қалашығы Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады. XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Сондай-ақ, Сауран қалашығы ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен. Ортағасырлар кезіндегі Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалалардың бірі Сауран болған деседі. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады.

Сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық эко акциясының «Киелі мекен» апталығы «Үкаша ата» кесенесінде жалғасын тапты. 400 жуық жеміс ағашы мен қара ашғаштар отырғызылған шараға келуші туристерде өз үлестерін қосты. «Киелі мекен» апталығында Сауран ауданына қарасты Серт ауылындағы «Үкаша ата» кесенесінің аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды. тазалық және көгалдандыру жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және жүзге жуық ерікті жас пен тұрғын қатысты.

«Үкаша ата» кесенесі жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғаюда. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де көптеп келуде. Солардың бірі Оңтүстік Сібір мен Орталық Азиядағы географиялық аймағында орналасқан алтайлықтар — түркі халқы, негізінен Ресей Федерациясынның Алтай Республикасынан келді.

Зиярат етіп келушілер дән ризашылықтарын білдіріп, экололгиялық акцияға өз үлестерін қосты. Киелі орынға әр жыл сайын келетіндіктерін айтып, ағаш көшеттерін отырғызды.

«Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» эко акциясының «Киелі мекен» апталығында қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын – «Үкаша ата» кесенесі аумағын көгалдандырудамыз. Туризм саласын дамытып, келушілердің ынтасын арттыру тек аңыз-әңгімелерді насихаттаумен шектелмей, тарихи орындардың көркі мен келбетін жақсарту, халыққа жайлы жағдай жасау мақсатында ағаш егу жұмыстарын атқарудамыз. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 53 тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» – деген аудан әкімінің орынбасары белсенділерге алғысын білдірді.

Үкаша ата кесенесінің жалпы аумағы 90 гектар жерді қамтиды.

Қуантарлық жағдай, Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда.

Сонымен қатар, экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.

Сенбілікте 21 көше бойлары тазаланып, 8 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. 457 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 9 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 2,4 шақырымдық арналары тазаланды. 4 көп қабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіреберістерді (подъезд) жиналды.

Сонымен қатар, 114 үйдің қасбеттері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 740-қа тарта көшет отырғызылды. 6 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, 300 дана жол белгісі сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 680 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.

Атап өтейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы №2 жалпы білім беретін мектепте өз жалғасын тапты. «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқанға мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсенділік танытуда.

Акцияның басты мақсаты тұрғындар үшін қоршаған ортаға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен эко мәдениетті қалыптастыруға үндеу болып табылады.

Экологиялық шараға мектептің 8-ші сынып оқушылары мен сынып жетекшісі бірлесе отырып, 10 түп раушан гүлі мен 10 түп роза гүлін мектеп ауласына отырғызып, мектептің барлық оқушыларын экологиялық акцияға үлес қосуға шақырды.

Ал Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әлемнің 5 дүркін жеңімпазы, ХҚТУ-дің профессоры Әбсадық Халилаевтың бастамасымен 600 түп қара ағаш отырғызу шарасы өтті.

Шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Жасұлан Мыңтаев, ауылдық округі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, жастар, жалпы, ағаш егу шарасына 60-қа жуық адам қатысты.

Бабайқорған ауылдық округіне кіре беріс жердің 7 гектар аумағына 600 түп қара ағаш отырғызылды. Бұйыртса алдағы уақытта бұл жер үлкен саябаққа айналғалы отыр. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Жыл сайын жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары көктем мезгілінде басталып, оны ауыл тұрғындары болып жалғастыратын жақсы дәстүрге айналғандай.

Ауданды таза, әдемі, жасыл желекке оранып тұруы, әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Ауданның шырайын келтіріп, көшелердің көркін реттеу мен тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды қадам. Бұл үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округіндегі Тоймахан Сүлейменов көшесінің бойына «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев бастаған ұжым 200 түп қара ағаш отырғызды.

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. «Таза өлке» акциясы аясында барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңға аудан көлемінде көгалдандыру мақсатында жалпы саны 25300 дана көшет егілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін күнделікті сенбіліктер өткізіп, ауданымыздың, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек», — дейді аудандық мәслихат төрағасы Сержан Ермекбайұлы.

Бұдан бөлек өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақтан» экоакциясы қарқынды қанат жаюда. Бұл бастаманы Сауран ауданының имамдарыда қолдап, имандылықтың ордасы саналатын мешіттер ауласын ретке келтіруге кірісті.

«Таза Қазақтан» экоакциясын Сауран ауданының мешіттері де өз үлестерін қосып, белсенділіктерін танытуда. Аудан бойынша барлық мешіттерде тазалық жұмыстары өткізілді. «Барша белсенді азамттарды сенбілікке біркісідей ұйымшылдық танытып, қатысуға шақырамыз» — дейді ауданның бас имамы Бауыржан Илясұлы.

Аудан бойынша «Таза өлке» апталығында орталық мешіт пен «Сунақ ата» мешіттерінің имамдары аулаларын ретке келтіріп, тазалықты қолға алды. Имамдар «Жер бетінде адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, ал табиғаттың оны айтатынын тілі жоқ» екенін ескере отырып, азаматтарға көше бойларына ауыл аймақтарына ағаштар егіп, көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin