Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі тұрғындар мәселесіне назар аударды

Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан ауылынан өтетін Ескі Шобанақ арығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аталған аумаққа барып, жөндеу жұмыстарын бақылады.

Арықтың сыйымдылығы 3 текше метрді құрайды. Мердігер мекеме ирригациялық жүйеге 1,5 текше метр бөгетке суды іркіп, артық суды ағызып, көтеріп түсіретін қақпа қойған. Осы аталған жұмыстарға өз наразылығын білдірген тұрғындар қақпаны үлкейтуді сұрайды.

Аудан әкімі мәселенің мән-жайын толық анықтап, ұсыныстарын назарға алды. Алдағы уақытта Мақсат Таңғатаровтың тапсырмасына сәйкес, “Тұран-Су” мекемесінің басшылары келіп, тұрғындардың мәселесін оңтайландыратын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin