Сауран ауданы әкімі аппаратының апталық мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етті. Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды, ол 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша индикаторлар мен аудан бюджетінің орындалуы туралы болды. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша индикаторлар мен бюджет орындалуы туралы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Сұлтанғалиұлы аталған мәселе бойынша баяндама жасады. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштері мен индикаторларының орындалу барысын егжей-тегжейлі баяндап, бюджеттің атқарылуы туралы толық ақпарат берді. Бюджетке түскен түсімдер, шығыстардың орындалуы, сондай-ақ қаржылық жоспарларға сәйкес жүргізілген жұмыстар мен түзетулер туралы мәліметтермен бөлісті.
Ильяс Мырзахметов бюджет қаржысын тиімді пайдалануға, ауданның экономикалық даму қарқынын арттыруға бағытталған шаралар туралы да сөз қозғап, алдағы кезеңдерде қаржылық саясатты жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жасалған баяндаманы тыңдап, ауданның бюджеттік көрсеткіштерін жақсарту бағытында атқарылуы тиіс нақты іс-шараларды талқылады. Сондай-ақ, бюджеттік тәртіпті сақтау мен қаржының тиімді жұмсалуы мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Жиын барысында аудан әкімінің аппараты мен тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақыттағы қаржылық және экономикалық көрсеткіштерді одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар бүгін Сауран ауданы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, оған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, әкім орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиында маңызды үш мәселе қаралды.
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту бағыты бойынша Аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Лайла Қодаманова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ол өз баяндамасында сақтандыру жүйесіне қатысушылардың санының артуы, медициналық қызметтің қолжетімділігі және көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі аудан тұрғындары үшін маңызды мәселе екенін атап өтті.
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу бойынша Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров Сауран ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ол бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, тауар өндірушілермен келіссөздер жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шаралар туралы сөз қозғады.
- ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау мәселе бойынша Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар мен жер учаскелеріне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарын баяндады. Ол аудандағы жер пайдалану мәселелерін шешу және заңсыз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша атқарылған жұмыстарды түсіндірді. Сонымен қатар, жер ресурстарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, заңсыз жер пайдаланушыларға қатысты шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтты.
Жиын соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аталған мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмысты жалғастыруды тапсырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.