
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен кезекті лездемелік жиын өткізді. Жиын барысында аудандағы ағымдағы жұмыстардың орындалу барысы, өзекті мәселелер мен алда тұрған міндеттер сараланды.
Кеңес отырысында ең алдымен елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының жай-күйі қаралды. Әкім округ әкімдеріне нақты аумақтар бойынша тазалық шараларын жүйелі атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелер, оның ішінде жұмыссыздықты азайту, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарындағы түйткілдер де назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейін нақтылап, жауапты бөлімдерге межеленген жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді.
Аудан әкімі әрбір ауылдық округ әкімінен жергілікті тұрғындармен тығыз жұмыс істеуді, халықтың ұсыныс-пікірлерін дер кезінде жинақтап, тиісті шаралар қабылдауды талап етті. Сондай-ақ, бюджеттік тәртіп, құжат айналымы және тұрғындар өтініштеріне жедел әрекет ету мәселелері де сөз болды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.