
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу мен өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ауданның ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға шаруа қожалықтарының жетекшілері мен агроөнеркәсіп кешені мамандары, салалық бөлім басшылары және ауыл әкімдері қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл шаруашылығы аудан экономикасының негізгі тірегі екенін атап өтіп, салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен жаңашыл бағдарламаларға тоқталды.
Шаруа қожалығының иелері мен аграрлық сала мамандары өз тараптарынан көктемгі дала жұмыстарының барысы, су тапшылығы сынды өзекті мәселелерді көтерді. Әкім тарапынан барлық ұсыныс-өтініштер мұқият тыңдалып, бірқатарына жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін шаруалармен тығыз байланыс орнатып, ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол саладағы барлық өзгерістер мен мүмкіндіктер жайында шаруаларды уақтылы хабардар етіп отыру қажеттігін де ескертті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.