Бұл туралы Үшқайық ауылдық округінің әкімі М.Шалаевтың 2023 жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес Үшқайық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасынан естіп-білдік.
Ауыл басшысы ең әуелі бюджет мәселесін қозғады. Нақтырақ айтсақ, Үшқайық ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылы аудандық бюджеттен 80,0 миллион 469 мың теңге бөлінген екен. Ал 8 ай қорытындысы бойынша игерілгені 36,0 миллион 399 мың теңге болып, 100 пайызға орындалған.
Ауылдық округ әкімі аппаратында 14 штат бірлігімен 7 мемлекеттік қызметкер, 7 келісімшарттағы қызметкер жұмыс атқарады. Халық саны – 6445 адам.
Мемлекетік сатып алу бойынша 2023 жылы Теке және Нұртас ауылдарына трансформаторлар орнату бойынша сметалық құны 14 миллион 704 мың теңге баға сұранысы тәсілімен жарияланып, 9 миллион 844,8 мың теңгеге «Big Stroy Group» ЖШС жеңімпаз болып танылды. 4 дана трансформатор орнату бойынша жұмыстар толығымен атқарылған. 1 жылдық кепілдік мерзім ішінде қызмет көрсетілетін болады.
«Теке, Нұртас және Қожанов ауылындағы жарамсыз жарықтандыру шамдары, бағаналарды ауыстыру жұмыстары бойынша баға сұранысы негізінде жарияланып, жеңімпаз анықталды. Алдағы уақытта келісімшартқа сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады» — дейді М.Шалаев.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Теке ауылына (тірек ауыл) 2023 жылға 4 көше енгізіліп, жеңімпаз Сауран аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан анықталып, жұмыстар қарқын алуда. Жалпы, бюджетке қатысты толық мағлұматты төменде кесте түрінде ұсынғанды жөн санадық.
Ерекшелігі | Бюджеттік бағдарлама атаулары | 2023 жылға бюджет, миллион теңге | 31.08.2023 жылға игерілуі |
124 001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 53 миллион 700 мың | 36 миллион 399мың |
124 002 | Шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру | 30 мың | |
124 008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 20 миллион 739 мың | 13 миллион 825 мың |
124 009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 1 миллион 365 мың | |
124 010 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 25 мың | |
124 011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 2 миллион 940 мың | |
124 022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 240 мың | |
124 028 | Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу | 300 мың | |
124 006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 200 мың | 138 мың |
Барлығы | 71 миллион 494 мың | ||
Өзін-өзі басқару заңына байланысты | 8 миллион 948 мың | 6 миллион 7 мың | |
402-301 | Ағымдағы нысананы трансферттер | 13 миллион 661мың | 9 миллион 845 мың |
402-303 | Субвенция | 51 миллион 842мың | 37 миллион 219мың |
Кірістер | 8 миллион 885 мың | ||
101-202 | Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы | 1 миллион 100 мың | 1 миллион 381 мың |
104-102 | Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық | 574 мың | 161,2 мың |
104-302 | Елді мекендер жерлеріне алынатын жер салығы | 100 мың | 14 мың |
104-402 | Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық | 6 миллион 761 мың | 5 миллион 869 мың |
105-315 | Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем | 350 мың | 24,3 мың |
303-101 | Жер сатудан түскен түсім | 5 миллион 781 мың | 10 миллион 703 мың |
201-510 | Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер | 63 мың | 30 мың |
Енді жер қатынастары саласы бойынша атқарылған шаруаларға кезек берсек. 2023 жылда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға 35 жеке азаматтан өтініш түсіп, жер кезегіне алыныпты. Ауыл округіндегі ауыл тұрғындарының ортақ мал жайылымы үшін ағымдағы жылы жалпы 3000 гектарға жуық жерді қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар ауылдық округ бойынша заңсыз салынған тұрғын үйлерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 69 заңсыз салынған тұрғын үйлер анықталып, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірге мәжіліс өткізіліп, аталмыш тұрғын үйлерді заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Нұртас елді мекені бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіндегі азаматтарға жер учаскелері кезектілігін сақтай отырып, қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теке елді мекені бойынша тұрғын үй үшін берілетін бос алаңшаларға инфрақұрылым жұмыстары үшін тиісті құжаттар дайындалу үстінде. С.Қожанов елді мекендерінің бас жоспарын жасау үшін Сауран аудандық «Сәулет және қала құрылысы» бөліміне ұсыныс жасалды. 2023 жылғы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарының нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жалпы алаңы 1170 гектар жер учаскесі анықталған екен (920 гектары — суармалы, 250 гектары — жайылым). Аталған жер пйдаланушылар жер телімдерін игермеген жағдайда сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
Ауыл әкімінің сөзінен абаттандыру және «Жасыл аймақ» бағдарламасы шеңберінде де бірқатар тірліктер қолға алынғаны белгілі болды. Мәселен, ауылда әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылып көше бойлары, арық-атыздар тазартылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылады. Ауылдық округі бойынша 31 рет сенбілік ұйымдастырылыпты. Аллеяның қоқыстары алынып, ағаш, арша отырғызылған.
«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Теке елді мекенінің 5 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) жүргізілуде. Атап айтқанда: Бейбітшілік көшесінің — 1080 метріне, Қонаев көшесінің — 1380 метріне, Үсенов көшесінің — 1200 метріне, Абай көшесінің — 1200 метріне, Молдағұлова көшесінің 1080 метр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер — «Нұр Строй» ЖШС.
Өз кезегінде ауыл әкімі кәсіпкерлік саласындағы тындырымды тірліктерді де айналып өтпеді. Ауылдық округ бойынша 17 жеке кәсіпкер мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс атқаруда. Кәсіптерінің басты бағыты азық-түлік дүкендері, наубайхана, монша, құрылыс заттары дүкені және тағы басқа да кәсіптің түрлерімен айналысады.
Ауыл шаруашылығы саласы хақында сөз қозғағанда, ең бірінші Үшқайық ауылдық округі бойынша 2023 жылы егілген егістіктердің дақылдар бойынша көлемін атап өткен лазым. Бұлардың ішінде үй іргелік жерлерді қосқандағы мәліметті те қарастырған жөн. Үшқайық ауылдық округіне ағымдағы жылы 2260 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілсе, бүгінгі күнге 2208 гектар егіс егіліп, орындалуы 100,3%-ды құрап отыр.
№ | Егістік түрі | Өлшем бірлігі | Егілетін егіс көлемі | Алынған өнім көлемі
(центнер) (тонна) |
|
1 | Күздік бидай | гектар | 231 гектар | 38 | 8434 |
2 | Жаздық бидай | гектар | — | ||
3 | Мақта | гектар | 320 гектар | ||
4 | Мақсары | гектар | — | ||
6 | Бақша (қауын, қарбыз) | гектар | 300 гектар | 350 | 105000 |
7 | Көкөніс | гектар | 93 гектар | ||
8 | Картоп | гектар | 6 гектар | ||
9 | Дәндік жүгері | гектар | 250 гектар | ||
10 | Сүрлемді жүгері | гектар | 55 гектар | ||
11 | Ескі жоңышқа | гектар | 685 гектар | ||
12 | Жаңа жоңышқа | гектар | 320 гектар | ||
Барлығы | 2260 гектар |
Ауыз толтырып айтатын жетістік, «Асан» шаруа қожалығының төрағасы Асан Алханов 18 гектар күздік бидай егіп, гектарына 45-48 центнер өнім алып, 2023 жылы Сауран ауданы көлемінде ең жоғарғы көрсеткішке ие болды.
Айта кету керек, Сауран ауданы ауыл шаруашылығына басымдық беретін аудан саналады. Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, ағымдағы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілген екен. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады.
Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.
2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд. 300 млн. теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 млрд. 141 млн. теңге инвестиция тартылып, 113,4%-ға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 7 айдың қорытындысымен 3 млрд. 960 млн. теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 млрд 468 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда:
— Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны — 608,0 млн. теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны — 2,56 млрд. теңге;
— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны — 500,0 млн. теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны — 400,0 млн. теңге;
— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны — 400,0 млн. теңге.
Сонымен қатар бүгінгі күнге «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 млн. теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба несие комитеті тарапынан мақұлданған.
Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде.
Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.
Орайы келгенде, Үшқайық ауылдық округі бойынша көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанармай туралы мәліметті те кесте түрінде ұсынсақ.
Жеткізіп беруші оператор | Бөлінген мезгілі | Ай сайынғы қажеттілік, тонна | Жалпы жиынтығы (4 айға бөлінгені) | |||
«Turkestan janarmai» ЖШС | Көктемгі дала жұмыстарына | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | 200,0 тонна |
55,0 | 40,0 | 65,0 | 40,0 | |||
Барлығы | 55,0 | 40,0 | 65,0 | 40,0 | 200,0 тонна | |
Қажетті сатып алынған жанармайдың орындалуы | 52 | 38 | 57 | 37 | 184 тонна немесе
92% |
Жанар-жағармайды (дизель отынды) жеткізуші «Turkestan janarmai» ЖШС мен «Мұнай инвестмент груп» ЖШС-нің операторлары бүгінгі күнгі ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларына бөлінген жанар-жағармайды (дизель отын) шаруаларға өз уақытында жеткізіп берді.
Күзгі дала жиындарына «Госагро» порталы арқылы шаруа қожалықтары атынан өтінім берілді. Жалпы, 1485,19 гектар егістік жерге 144,425 тонна жанар-жағармайға тапсырыс жіберілді.
Үшжақты келісім бойынша Үшқайық ауылдық округінде 2023 жылғы тамыз айына жоспардың орындалу барысы туралы мәліметке назар аударсаңыздар.
№ | Көрсеткіш атауы | Жоспар | Орындау мерзімі | Орындалу пайызы |
тамыз | ||||
1 | Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі, миллион теңге | |||
2 | Нақты көлем индексі, % | 103,6 | — | — |
3 | Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, миллион | 700 миллион | 12 миллион | 1,7 |
4 | Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі | 5 миллион | — | |
5 | Егістік көлемінің улғайуы, мың гектар | 2260 | 2268 | 103 |
6 | Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын ендіру, гектар | 31,2 | 32,72 | 104 |
7 | Жылыжай шаруашылықтарын дамыту, гектар | — | — | — |
8 | Тамшылатып суғару әдісін енгізу, гектар | — | — | — |
9 | Жаңбырлатып суғару әдісін енгізу, гектар | — | — | — |
10 | Қарқынды бау шаруашылығын дамыту, гектар | — | — | — |
11 | Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, бірлік | 3 | 1 | 33,3 |
12 | Жүзім шаруашыдығын дамыту, гектар | — | — | — |
13 | Ірі қара мал басын ұлғайту, мың бас | 6,5 | 7,81 | 120,1 |
14 | Уақ мал басын ұлғайту (қой), мың бас | 41,57 | 42,94 | 103,3 |
15 | Жылқы басын ұлғайту, мың бас | 1,766 | 1,6 | 90,6 |
16 | Түйе басын ұлғайту, мың бас | 0,52 | 0,68 | 103 |
17 | құс басын ұлғайту, мың бас | 5 | 4,26 | 72,58 |
18 | Ет өндіру көлемін арттыру | 0,9 | 0,23 | 25,58 |
19 | Сут өндіру көлемін өндіру көлемін арттыру, мың тонна | 34 | 0,8 | 23,9 |
20 | Жұмыртка көлемін арттыру, мың тонна | 0,6 | 0,1 | 16,6 |
21 | Құс етін өндіру, мың тонна | — | — | — |
22 | Жаңа АШӨК құру, мың тонна | — | — | — |
«Нұрбек» шаруа қожалығы «Т-922» тракторын сатып алып, 12,0 миллион теңге инвестиция тіркеп, қазіргі танда жұмыстарын жүргізуде.
«Иманқұл ата» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Ибраев 2022-2023 жылдары балық шаруашылығын дамыту мақсатында құрылысын жүргізіп, қазіргі таңға үлкен және кіші көлдеріне 25 мың дана майшабақ салынды. Жалпы құрылыс жұмыстарына 600,0 миллион теңге инвестиция салынды, құжаттары 4 қыркүйектен кейін Сауран аудандық статистика басқармасына тіркелді.
2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Үшқайық ауылдық округі бойынша мал басының саны туралы мәлімет мынадай: Үшқайық ауылдық округінде 51088 бас мал мен құс бар. Нақтырақ айтсақ:
№ | Елді мекен атауы | Ірі қара мал | Уақ мал | Жылқы | Түйе | Құс |
1 | Теке ауылы | 2420 | 15456 | 525 | 426 | 2334 |
2 | С.Қожанов ауылы | 2286 | 9510 | 960 | 263 | 547 |
3 | Нұртас ауылы | 2804 | 13452 | 656 | 669 | |
4 | Жалаңтөс ауылы | 712 | 1746 | 50 | 559 | |
Ауыл округі бойынша барлығы | 8214 | 40182 | 2191 | 689 | 4109 |
Мал шаруашылығы жөнінде сөз қозғаған тұста ветеринариялық іс-шаралардың 8 айда орындалу барысы туралы да айтпай өту мүмкін емес. 2023 жылға эпизоотиялық аурулардың алдын алу бойынша республикалық бюджеттен қаржы қаралып, қажетті вакциналармен қамтамасыз етіліп, жұмыстар басталды. Үшқайық ауылдық округі бойынша эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды Түркістан облысы ветеринария басқармасының ТО «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның «Сауран ауданы филиалы» Үшқайық ауылдық округі бойынша бекітілген ветеринарлық пункт меңгерушісі, ветеринар дәрігер және ветеринар фельшер атқарды.
Үшқайық ауыл округінің мал басы 01.07.2023 жылға: мүйізді ірі қара — 8214 бас, уақ мал — 40182 бас, жылқы – 2 191 бас, түйе — 689 бас, құс – 4 109, ит – 527, мысық – 340 бас.
Бұдан бөлек әлеуметтік сала бойынша істелінген жұмыстарды да тізбектей өтейік. Үшқайық ауылдық округі бойынша мүгедектігі бар адамдар саны 232-ге жетті, оның ішінде 1-топ — 6 адам, 2-топ — 91, 3-топ 57 адамды құрайды, 16 жасқа дейінгі — 41.
Үшқайық ауылдық округіне қарасты ауылдарда тұратын жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балалар саны – 8 бала, жеке басты қарт — 1.
р/с | ІІІ бағыттың атауы | 2023 жыл |
1 | Әлеуметтік жұмыс орны | 0 адам |
2 | Жастар практикасы | 10 адам |
3 | Ақылы қоғамдық жұмысқа тарту | 20 адам |
Атауы | 2023 жыл |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны | 62 отбасы |
Ал білім саласы бойынша көрсеткіштерге тоқталсақ, Үшқайық ауылдық округі бойынша 4 жалпы орта мектептегі 2022 – 2023 оқу жылындағы мектеп бітірушілер саны 92 оқушыны құрады. Бүгінгі таңда бітірушілер ҰБТ тапсырып, 61 түлек грант иегері атанды.
Әскер қатарына шақыру бойынша ауылдық округте 2023 жылы көктемгі әскерге шақырылушылардың саны туралы мәліметті кесте түрінде беріп отырмыз:
№ | Барлық шақырылушылардың саны | Дәрігерлік сараптамадан өткендер саны | Оның ішінде, ОДС іріктелгені | Әскерге кеткені |
1 | 112 | 12 | 7 | 6 |
Ал қылмыс бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
Жалпы қылмыс саны | Ашылған қылмыс | Ашылмаған қылмыс |
1 | 1 | 0 |
Жалпы құжат айналымына келсек, Үшқайық ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 8 айында жалпы 126 өтініш түсіп, өтініштер «Е өтініш» электронды жүйесіне тіркеліп, өтініштерге мерзімінде жауап берілген екен.
Үшқайық ауылдық округі әкімі М.Шалаев сөзінің қорытындысында Үшқайық ауылдық округі бойынша өзекті мәселелердің тізбесін де жариялады. Олар:
1) Ауылдық округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) Ауылдық округ тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету;
3) Оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу;
4) «Қарашық» су қоймасының меншік иесін анықтау (тапсырыс беруші: облыстық құрылыс басқармасы);
5) Үшқайық ауылдық округіне қарасты Теке және Қожанов елді мекендеріндегі ыстық су ұңғымасының мәселесін шешу.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.