Түркістан облысы: Сауран ауданы әкімдігі қарашықтық кәсіпкерлермен меморандумға отырды

Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік беріліп жатыр. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жәйт, әрине. Себебі, жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда.

Осыған дейін қарашықтық жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге арнайы жер берілетіндігі жөнінде айтқан болатынбыз. Бұған дейін жиһаз өндірісін қолға алған кәсіпкерлер өздерінің үйіргелік жерлерінде өз жұмыстарын атқарып келген. Ендігі кезекте оларға Қарашық ауылдық округінен 10 гектар жер бөлініп, алдағы уақытта жұмыстарын сонда жалғастырмақ. Қарашық ауылдық округінің тұрғыны Әбдуәлі Исмайлов өзіне қарасты жерінен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 10 гектар жерін индустриалды аймаққа ұсынып отыр.

Жер демекші, Сауран ауданы бойынша ортақ жайылым жер учаскелерін табыстау бойынша 2024 жылдар аралығында 104 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылым алынып, Сауран ауданына қарасты ауылдық округтердің теңгеріміне табысталды. 2024 жылға ортақ жайылымға қайтаруға қойылған жоспар 6 000,0 гектар деп тапсырма берілсе, оның ішінде 76 шаруа қожалығының 3414 гектар жері мемлекеттік арнайы қорға қайтарылды. Орындалуы 57,0 % құрайды.

 Аудан бойынша пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мемлекеттік арнайы қорға қайтаруға келсек, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жатқан ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсаттағы 104 жер учаскесінің жалпы алаңы 14,1 мың гектардың пайдаланылмай жатқандығы анықталып, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті шара көруге және 20 есе салығын ұлғайтуға жолданды.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерді қайтару бойынша да нақты әрекет байқалады.

  1. Шығыс айналма жолын құру бойынша: жалпы ұзындығы 30 шақырым ұзындықты құрайды. Нысаның аумағына 174 жер учаскесі түсетіндігі анықталды. 328 миллион теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жолданды.
  2. Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жолды қайта құру құрылысы: жалпы ұзындығы 70 шақырым ұзындықты құрайды. Нысаның аумағына 40 жер учаскесі, жалпы аумағы 98,80 гектар түсетіндігі анықталды. 35 миллион теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге жолданды.
  3. Кентау-Түркістан бағытындағы жол құрылысы: жалпы ұзындығы 24 шақырым ұзындықты құрайды. Нысаның аумағына 15 жер учаскесі, жалпы аумағы 98,80 гектар түсетіндігі анықталды. 124 миллион теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге жолданды.
  4. Түркістан әуежайы — Түркістан арнайы экономикалық аймағы арасындағы темір жол: жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайды. Нысаның аумағына 19 жер учаскесі, жалпы аумағы 27 гектар түсетіндігі анықталды. 150 миллион теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге жолданды.
  5. Түркістан қаласы айналасынан «Жасыл белдеу-2» нысаның аумағына 16 жер учаскесі, жалпы аумағы 831,5 гектар түсетіндігі анықталды. 320 миллион теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге жолданды. Жалпы 957 миллион теңге қаражатты қажет етеді.

Кәсіпкерлік нысандағы жер учаскелерін аукцион арқылы табыстау бойынша тоқталсақ. Сауран ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері аукцион арқылы табысталуда.

Сауран ауданы бойынша жер кезегі бойынша ақпаратпен де бөлісейік орайы келгенде. Бүгінгі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық окургінде «Тұрғын үй құрылысы үшін» жер кезегінде тұрған азаматтардың жалпы саны 30738 мың.

Заң талаптарына сай бюджеттен бос алаңшалар әзірлеу үшін инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге қаражат бөлінсе, жер кезегінде тұрған азаматтар жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі.

Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлердің өнімдерінің сапасының жоғары екенін айтып, кәсіпті дамыту үшін әрдайым қолұшын созуға дайын екенін жеткізді. Аудан басшысы аудан көлеміндегі барлық кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін, ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал жасайтынын атап өтті.

Атап өтерлік жайт, 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 миллиард теңгені құраған болса, 2024 жылы 110,0%-ға арттырып 132,4 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Өңірлік өнімнің ішінде 84,7%-ы — ауыл шаруашылығының, 10,2%-ы — өнеркәсіп саласының, 5,1%-ы құрылыс саласының үлесіне тиеді.

Ағымдағы жылдың 4 айында нақты 120,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.

2023 жылы ауданға 34,6 миллиард теңгеге ИНВЕСТИЦИЯ тартылса, ағымдағы жылы инвестиция көлемін 42,0 миллиард теңгеге дейін артыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, бюджет есебінен 6,2 миллиард теңгеге — 15 жобаны, жеке инвестиция есебінен 37,0 миллиард теңгеге — 18 инвестициялық жобаны 849 жұмыс орынымен іске асыру жоспарлануда.

Сауран ауданына тартылып жатқан инвестиция көлемі де тәп-тәуір. Мәселен, ауданға негізгі капиталға салынған инвестиця көлемі 2023 жылы 34,6 миллиард теңгеге орындалса, 2024 жылға 42,0 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысына орай 7,4 миллиард теңге көлемінде орындалды. Оның ішінде 5,2 миллиард теңге жеке инвестиция болса, бюджеттік инвестиция 2,2 миллиард теңгені құрайды.

Жыл соңына дейін 68,9 миллиард теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған.

Инвестициялық жобалардың атын атап, түсін түстей кетейік.

Салалар бөлінісінде:

  1. Агроөнеркәсіп – 39 жоба, 22,0 миллиард теңге.
  2. Өнеркәсіп – 26 жоба, 32,4 миллиард теңге.
  3. Туризм – 9 жоба, 2,7 миллиард теңге.
  4. Басқа – 48 жоба, 12,6 миллиард теңге.

Өңдеу өнеркәсібінде биыл 12 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Жиһаз жасау саласы бойынша биыл 10 жоба жоспарланса, оның 2 жобасы іске асырылды.

Анықтама үшін атап өтейік:

  1. «IDEAL TURKESTAN» ЖШС, жиһаз шығару жобасы, жоба құны — 1500,0 миллион теңге, 20 жұмыс орны ашылады;
  2. «ASIA BREND» ЖШС, жиһаз шығару жобасы, жоба құны — 1500,0 миллион теңге, 20 жұмыс орны ашылады.

Резеңке және пластмасса саласы бойынша биыл жылы 3 жоба жоспарланса, оның 1 жобасы іске асырылды.

Нақтырақ айтсақ:

Жеке кәсіпкер «ND PLAST TURAN», тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жобасы, жоба құны — 500,0 миллион теңге, 10 жұмыс орны ашылады.

Шағын өндірістік аймақтар туралы тілге тиек етейік.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында ауданнан шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысы жүзеге асырылуда.

Біріншісі – Шаға ауылдық округінен 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда (жалпы құны — 12,9 миллиард теңге). Жобаға сәйкес алдағы 3 жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр (жалпы алаңы — 66 528 шаршы метр).

Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылып жатыр. Қазіргі уақытта өндірістік ғимараттар іске қосылған соң өз өндірісін ұйымдастыруға  9 әлеуетті инвестор бар. Бүгінгі таңда 30 гектар аумақты 100 гектар аумаққа дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Дәлірек айтсақ:

«UBC Group» ЖШС (Украина), тоңазтқыш жабдықтарын өндіру және машина жасау (инвестиция құны — 10,0 миллиард теңге, 250 жұмыс орны);

«BNK Group Ltd» ЖШС, жаңбырлату қондырғыларын шығару (инвестиция құны —
5,0 миллиард теңге, 80 жұмыс орны);

«Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ, корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығару (инвестиция құны — 3,5 миллиард теңге, 100 жұмыс орны);

«Жаңа Арна Құрылыс» ЖШС, дәрі-дәрмек өндірісі (инвестиция құны —
3,0 миллиард теңге, 80 жұмыс орны);

«GEN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС, жылыжайға арналған жабдықтарды шығару (инвестиция құны — 2,4 миллиард теңге, 70 жұмыс орны);

«Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ, әскери шатырлар өндірісі (инвестиция құны — 2,5 миллиард теңге, 100 жұмыс орны);

«Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ, металл және мектеп жиһаздарын шығару (инвестиция құны — 2,3 миллиард теңге, 70 жұмыс орны);

ЖК «Sauran Plast», полиэтиленді пакеттер мен құбырлар өндір (инвестиция құны — 2,0 миллиард теңге, 60 жұмыс орны);

«WORD MEDICINE Ilac Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi», фармацевтикалық өндірісі (инвестиция құны — 5,0 миллиард теңге, 50 жұмыс орны).

Екіншісі – Оранғай ауылдық округінде аумағы 365 гектарды құрайтын «Тұран» арнайы экономикалық аймағын іске асыру көзделуде. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде.

Үшіншісі – Қарашық ауылдық округінен 10 гектар жер бөлінді. Мұнда заманауи өнеркәсіптік кешендерін салу бойынша 15 жобаны іске асыру бойынша меморандум түзілген.

28 кәсіпорын құрылады. Жоба құрылысын осы жылдың маусым айында басталады.

«Өңіріміздің потенциалын пайдалана отырып және ауданымыздың географиялық орналасу мүмкіндігін ескере келе бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарқынды жүргізілетін болады. Басты мақсатымыз жаңа жұмыс орындарын ашу және аудандағы жұмыссыздық деңгейін түбегейлі жою болып табылады. Әр инвестордың Сауран ауданына салған инвестициясы ауданымыздың әлеуетін арттырады. Сондықтан инвесторларға қолдау көтсету арқылы биылғы жылы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізетін боламыз» — дейді Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров.

Жиында 10 гектар жер кәсіпкер Тоқташ Омаровтың атына рәсімделетінін, индустриалды аймақтың құжаттарын дайындау, қажетті электр жарығы мен су тағы басқа көптеген мәселелер бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, алдағы уақытта өз шешімін табатын болды. Шара соңында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында екі жақты меморандум жасалды.

Иә, елімізде жиһаз өндірісі артты. Алайда сапа жағынан ақсау бар. Себебі салада білікті маман жетіспейді. Барлық өнім сапасыз дей алмаймыз. Дегенмен саланы автоматтандыратын кез келді, – дейді сарапшылар.

Былтыр елде ақшаға шаққанда 82,6 миллиард теңгенің жиһазы өндірілді. Бұл алдыңғы жылдан 28%-ке көп. Әсіресе, кеңсе және сауда орындарына арналған жиһаздың үлесі басым. Оның өндірістік құны алдыңғы жылдан 32%-ке жоғары. Ағаштан жасалған өнімдерге де сұраныс көп. Жалпы елдегі отандық өнімдердің үлесі — әзірге 31% шамасында. Қазақстандықтар сатып алған жергілікті жиһаздың жалпы құны 220 миллиард теңгеден асады. Оның 23 миллиарды Алматыда өндірілген. Жалпы өндірушілер барлық аймақта бар. Ең ірілерінің қатарын Алматы облысы мен Түркістан өңірі жалғайды. 

Иә, отандық жиһаз өндірісі 20%-ке артты дедік. Сұраныс та жоғары. Оның үстіне бүгінгі тұтынушының талғамы бөлек. Заманауи түрлерін таңдайды. Алайда кейде тапсырысты орындаушыларға көңілі толмай жатады. Себебі сапа сын көтермейді. Құзырлы сарапшылардың уәжі бір: білікті мамандар тапшы. Қазір елде жиһаз жасаумен айналысатын 2000-ға тарта кәсіпорын бар. Алайда жетеуі ғана ірілердің санатында. Қалғаны – шағын цехтар. Мұндағы өнімдердің дені қолмен жасалатыны түсінікті. Мамандар: «мәселені шешу үшін саланы автоматтандыру маңызды», – дейді. Ол үшін шағын кәсіпкерлерге арнайы жеңілдетілген несие ұсыну қажет. Кәсіби білім беру ұйымдарындағы оқу бағдарламасын да өзгертетін уақыт жетті, – дейді саладағылар. Елде жиһаз өндірісі артты: Алматы – ₸22,8 млрд, 29,5% Алматы облысы – ₸8,5 миллиард, 59,8% Түркістан облысы – ₸6,9 миллиард, 48,7%.

   Былтырғы жылдың 9 айында жиһаз кәсіпорындарының негізгі капиталына 4 есе көп инвестиция салынды. Сөйтіп, оның үлесі 14 миллиард теңгеге жуықтаған. Пандемия жылдары мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар жаңа жиһаз алуды тоқтатқан еді. Инвестиция да 2,6 миллиард теңге шамасында болды. Мамандар жоспарлаған 8 миллиард теңге түспей қалды. Тіпті жиһаз өндірушілердің біразын нарықтан кетірді.

Иә, отандық өндіріске сұраныстың да әсері болады. Алайда жиһаз өндірушілер мен жеңіл өнеркәсіп өкілдері тапсырыстан қағыламыз ба деп қапаланады. Өйткені 2 жыл бұрын қабылданған Үкімет қаулысына сай тек индустриалдық сертификаты бар кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға қатыса алатын. Бұл қаулы ақпанның ортасында күшін жойды. Енді жүйеге отандық кәсіпкерлерден бөлек, шетелдік кәсіп иелері де қатысуға құқылы. Біздегі жиһазшылардың дені шағын ұйымдар екенін айттық. Енді олар өзге елдерден келетін сапасы күмәнді арзан өнімдер жергілікті кәсіпкерлерді ығыстырады деп қауіптенеді. Ал сұраныстан қағылса, біздегі өндіріс көлемі қысқаруы да мүмкін. Әрі сатып алу ісіне делдалдар да араласуы ықтимал.

Біздің жиһаз бірнеше елге экспортталады. Мысалы, былтырғы сұраныс 40%-ке өскен. Осылайша, металл және ағаштан жасалған 12 миллион доллардың өнімін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға жібердік. Импорт та бар. Қазір әрбір үйде Ресей, Қытай, Түркия, Беларусь және Италияның жиһазы тұр. Осы бір жылда үйге арналған жиһаз құны 12%-ке өскен. Әсіресе, аспашамдар мен киімге арналған сөрелер бірден 15%-ке қымбаттады. «EnergyProm» сарапшыларының мәлімдеуінше, Ақмола облысындағы баға 28%-ке өсіпті. Алматы мен Қарағанды облыстарындағы өсім 23%-ке жуықтады. Өндіріс дамып тұрған Алматыдағы баға анау айтқандай өспеген. Біздегі өндірушілер де импортқа тәуелді. Яғни, шикізат түгел сырттан келеді. Шикізаттың 80%-і — Ресейдікі. Білесіз бе? Жиһаздың өзіндік құнының 40%-ін логистика құрайды. Оған валюта бағамын да қосу керек. Әлбетте, сұраныс болса, кәсіпорындар толық қуатта жұмыс істейтін еді. Енді елде қолға алынған «Жайлы мектеп» сияқты жобалар осы ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін біршама арттыруға тиіс. Қазір соған басымдық беріліп жатыр. Әрі кәсіпкерлер де сұранысты толық қамтуға дайын екенін айтады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin