Түркістан облысы: Сауран ауданы әкімдігіндегі бөлім басшыларының есептері тыңдалды

Сауран ауданының мәдениет үйінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың қатысуымен бөлім басшыларының жыл басынан бері атқарған және алдағы жұмыс жоспарлары туралы есептері тыңдалды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары, 12 ауылдық округтің белсенділері мен тұрғындары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде аудан көлеміндегі өзекті мәселелер — жол, коммуналдық және құрылыс салалары бойынша дербес бөлім басшылары тұрғындарға өздері тарапынан атқарып жатқан жұмыстарының есебін берді. Атап өтсек, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Тәукебаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабеков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Асылбек Қанағат, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев, газ инспекциясы бөлімінің басшысы Кенже Жақсылықов баяндама жасады.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан жол, электр энергия, көше шамдарын орнату, көпір, ауыз су, аялдама, жол белгілерін қою, жол бойына камера орнату, жолдарды асфальттау, тағы да басқа көптеген сұрақтар қойылып, мәселелер айтылды. Жиналыста тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы тиісті бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin