Түркістан облысы: Созақта жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде санитарлық тазалық пен көгалдандыруға қатысты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 секторға, яғни ондағы 144 көшеге жауапты ретінде бекітілген әр мекеме көшелерінің тазалығы мен күл-қоқыс шығару жұмыстарын жүргізіп, су өткелдері мен арық бойларына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ішкі көшелерді толықтай аралап, санитарлық тазалыққа қатысты шараларды бақылауына алды. Сонымен қатар, Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағына барды. Онда отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйімен танысты. Қазіргі уақытта онда егілген тал көшеттерін суару жұмыстары жүргізілуде.

Сенбілікке екі мыңға жуық адам мен 18 арнайы техника жұмылдырылды. 31 шақырым көше бойы мен 11 шақырым аяқ жол ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 12 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында 85 тоннаға жуық қоқыс тасымалданды. Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде және де аудан орталығы Шолаққорған ауылында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Көркейту-көгалдандыру жұмыстарының басында болған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан әкімі аппараты ғимаратының ауласына қосымша тал көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ ішкі көшелерді аралап, тазалық жұмыстарының барысын бақылауына алды.

Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Шолаққорған ауылының аумағы 5 секторға, яғни ондағы 144 көшеге жауапты ретінде бекітілген әр мекеме қызметкерлері аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізіп, су өткелдерін, көпірлерді, өзен, канал, бұлақ, арық бойларын тазалап, қураған ағаштарды жою мен көшелердің бойындағы жол белгілерінің бағаналарын реттеу, сырлау сынды жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса, “Жасыл белдеу” аумағына егілген көшеттер суарылды.

Сондай-ақ, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде көше бойларына, әлеуметтік нысандар және саябақтарға егілген тал көшеттерінің жалпы саны 27 500-ге жетті. Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді. Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Осы ретте Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков: «Құрметті Созақ ауданының тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші аптасы «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде.

Акция басталғалы аудан аумағындағы барлық ауылдар мен елді мекендерде тазалыққа қатысты жақсы қасиеттерді насихаттайтын түрлі шаралар атқарылуда.

Барлық мекеме қызметкерлері мен тұрғындар акцияны қолдауға ниетті екендерін білдіріп, игі бастамаға жұмыла кірісуде. Ол үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Туған өлкеміздің тазалығы мен оны жасыл желекке айналдыру баршамыз үшін аса маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тек бір айлық маусыммен шектелмеу керек.

Біз тазалыққа қатысты атқарылу керек кез-келген мәселені үрдіске айналдырып, әр кез тұрғылықты үйіміздің ауласы мен көшемізді таза ұстауымыз қажет.

Осылайша өскелең ұрпақты қоршаған ортадағы жат мінез-құлыққа қарсы қоғамдық санаға тәрбиелейміз.

Қадірлі жерлестер!

Қасиетті Теріскей өңірі көптеген кесенелер мен сағаналарға толы, тарихы сонау көне ғасырдан сыр шертетін киелі өлке екені баршаңызға белгілі.

Әр ауылда екі – үшеуден орналасқан кесенелер сол ауылдың ең қымбат қазынасы, байлығы, баға жетпес мұрасы, керек десеңіз сол ауылдың төлқұжаты деуге болады.

Қорыта келе, Сіздерді осындай киелі өлкеміздің тазалығына жұмыла атсалысуға шақырамын.

Елім, жерім, отаным, туып – өскен мекенім деган әрбір азамат тазалықты өзінен бастаса көркею, даму сынды үздіксіз қасиеттер орындалатыны ақиқат» — деп өз лебізін білдіріп, тазалық шараларына жұдырықтай жұмылып атсалысуға үндеді.

Сонымен қатар Созақ ауданының әкімі өз жерлестерін айтулы мерекемен құттықтауды да естен шығарған жоқ.

«Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек» деп атап өткендей бұл күн ынтымақ пен бірлікті бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша мереке саналады.

Қасиетті Теріскей өңіріндегі созақтықтар қашанда бірлікті бағалап, ынтымақты ұлықтаған. Бүгінде татулығы жарасқан, бірнеше этнос өкілдері ауызбіршілікте өмір сүруде. Осындай ынтымақтың арқасында туған жеріміз жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, өркендеп келеді. Алдымызда да биік арман, нақты мақсатымыз бар. Мұның бәрі көптің тілегі, халықтың берекесінің арқасы екені сөзсіз. Сондықтан ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан осындай береке мен бірлігіміз, біздің бай мұрамыз болып қала берері сөзсіз.

Қадірменді жерлестер!

Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Баршаңыздың жанұяларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін!» — деді Мұхит Тұрысбеков.

Бұдан бөлек бүгін де Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде санитарлық тазалыққа қатысты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген секторларға бекітілген әр мекеме көшелерінің тазалығы мен күл-қоқыс шығару жұмыстарын жүргізіп, су өткелдері мен арық бойларына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі сенбілікке екі мынан астам адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. 38 шақырым көше бойлары мен 15 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 7 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында 75 тоннаға жуық қоқыс тасымалданды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша атқарылған жұмыстар барысы туралы айтсақ. Елімізде тазалыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты. Акция аясында ауданда түрлі шаралар іске асырылуда.

Аудан орталығының аумағы 5 секторға, яғни ондағы 144 көшеге жауапты ретінде бекітілген әр мекеме қызметкерлері аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізіп, су өткелдерін, көпірлерді, өзен, канал, бұлақ, арық бойларын тазалап, қураған ағаштарды жою мен көшелердің бойындағы жол белгілері мен электр бағаналарын реттеу, сырлау сынды жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында жалпы саны 27 500 тал көшеті отырғызылды. Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағы жолдың екі шетін қоса есептегенде 5 шақырымға артты.

Бұл аумақ қазіргі уақытта толықтай қоршалды. 10 мың метрге жуық шарбақ тартылып, егілген тал көшеттерін суару жүйесі орнатылды.

Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді.

Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin