Бүгін Таукент кентінде облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков бір отбасыға 6 бөлмеден тұратын баспананың кілтін табыс етті. Әрбір азаматтың тарапынан көтерілген әлеуметтік мәселелердің өзектілігіне тоқталып, баспана иесі алдағы уақытта да өз қамқорлығында болатынын тілге тиек етті.
Шараға жиналған кент тұрғындары игі іске ұйытқы болған Мағауия Сексенбайұлына өз ризашылықтарын білдірді. Үй иесінің қуанышына куә болып, жаңа қонысымен құттықтады.
Айта кетсек, 6 бөлмеден тұратын баспанаға су, жылу сынды коммуналдық қызметтері қоса жүргізілген. Баспананың ішкі бөлмелері заман талабына сай әрленген. Тұрғын үй ауласы қоршалып, екі бөлмелі асхана, қойма сынды қосымша жаймен қамтылған. Үйдің ауласына бетон жаймасы төселіп, бау-бақшасы жеміс талдармен көмкерілген. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға да мүмкіндік береді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.