Түркістан облысы: Созақ ауданындағы жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылды

Түнеугүні Созақ ауданына «SamrukKazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында жүріп жатқан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс аумағында болды.

Онда құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылап, бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы мердігер мекеме басшылығына құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылып отыр. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталатын болады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта/жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.

Орайы келгенде атап өтер жайт, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұрын – «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, бұдан әрі — Қоғам) «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысына сәйкес құрылды.

Қоғам Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарында 2009 жылғы 19 наурызда тіркелді. Қоғамның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-на (Жалғыз акционер) тиесілі.

Қоғам өз қызметін құрылыс объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу, көрсетілген мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі — Бірлескен іс-қимыл жоспары) іске асыру шеңберінде бастады.

2011 жылы Қоғам жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға, атап айтқанда үлескерлердің проблемаларын шешуге және құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтауға жәрдемдесуге бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде өз қызметін жалғастырды.

2012 жылдан бастап Қоғам өз ресурстарын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына кірген «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыруға жұмсады.

2014 жылы Қоғам өзінің алғашқы 5 жылдығын атап өтті. Сол жылы компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыруға бағытталған жаңа Даму стратегиясы бекітілді. Сондай-ақ, көрсетілген жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында өтінімдерді электронды қабылдау арқылы халыққа тұрғын үй сату бойынша іс-шаралар басталды.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ үшін 2016 жыл серпінді жыл болды. Қоғам «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру операторларының бірі болып белгіленді.

2018 жылы 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді, оның шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры мемлекеттік бағдарламалар операторының функцияларынан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін құрылыс пен жылжымайтын мүлікті басқару саласында қызмет көрсетуге көшті. Осыған байланысты, 2019 жылғы 1 наурызда «Самұрық- Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның мемлекеттік қайта тіркелуі жүргізілді: атауы, заңды мекенжайы өзгертілді, қызмет түрлері толықтырылды. Жаңа атауы – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Қоғам құрылысқа инвестициялау шарттарын жасасу арқылы, оның ішінде ескі тұрғын үйді жаңарту шеңберінде тұрғын үй кешендерін салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыра отырып, инвестициялық қызметті кеңейтті.

Қоғамды дамытудың 2022-2031 жылдарға арналған жаңа стратегиясы бекітілді, онда ресурстарды, сенімді серіктестердің кең ауқымын, құрылыс пен құрылыс саласына инвестициялық қызмет үшін құзыреттер мен тәжірибелерді, жобалар мен жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруды ескере отырып, қызметтің жаңа түрлері көзделген. Сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру бойынша импортты алмастыру шеңберінде «Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауыты» жобасын іске асыру басталды.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының Қазақстанда баламасы жоқ ауқымды жобаны іске асыру шеңберінде Қоғам Дирекция ретінде айқындалды. Қоғам Тапсырыс беруші және жобаларды басқару функциялары жүктелген.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қоғамның жарғылық капиталы 19 990 162 мың теңгені құрады.

Қоғамның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға (Жалғыз акционер) тиесілі. Жарияланған және орналастырылған акциялардың жалпы саны — 16 247 541 дана, оның ішінде:

  • Бір акцияның номиналды құны 1 000 теңге — 15 000 000 дана;
  • Бір акцияның номиналды құны 4 000 теңге — 1 247 540 дана;
  • Бір акцияның номиналды құны 2 490 теңге — 1 дана.

Барлық акциялар жай акциялар болып табылады.

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Мақсатқа жету үшін екі негізгі міндетті орындау көзделіп отыр:

  1. Қалалар мен ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жою үшін 2026 жылға дейін кемінде 740 мың(екі ауысымды оқыту кезінде) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру;
  2. Ұлттық жоба шеңберінде қолданысқа тапсырылатын мектептерде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.

Үкімет Қаулысына сәйкес, «SamrukKazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары нысандарының нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекция ретінде айқындалды.

Қаулыда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлесіп әзірлеген тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі үйлестіруші — дирекция «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000, 2 500 білім алушыға арналған орта білім беру ұйымдарын жобалауды жүзеге асырылатыны жазылған.

Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес жаңа орта білім беру ұйымдары нысандарының құрылысы тапсырыс беруші функциясын атқаратын Дирекция арқылы жүзеге асырылатын болады.

Оны іске асыру келесіні көздейді:

  • жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына және 36-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру нысандарының құрылысы кезеңіне Дирекцияға жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруді;
  • мектеп құрылысы жоспарланған жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мүмкіндігін;
  • орта білім беру ұйымдарының жаңа нысандарын салуға, «дайын күйде» жаңа оқушы орындарын қолданысқа беруге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерін сатып алуды көздейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Дирекцияға келесі жауапкершілік жүктелген:

  • ұлттық жобаның бірыңғай стандарты бойынша қайта қолдануға жарамды, мемлекеттік сараптама ұйымының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған 37 жобалық-сметалық құжаттаманы (5 климаттық/сейсмикалық аймақтар үшін мектептердің 6 түрі бойынша, бір климаттық/сейсмикалық аймақ үшін 2500 оқушы орнына шақталған 1 мектеп түрі бойынша, 6 жеке жоба) әзірлеу, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру арқылы қайта қолдану;
  • ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау;
  • салынып жатқан/салынған нысандардың ұлттық жобаның және жобалау тапсырмасы талаптарына сәйкес келуі;
  • ұлттық жоба шеңберінде жаңа оқушы орындарын қолданысқа тапсыру жоспарын сақтау;
  • ұлттық жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын ақпарат пен құжаттаманың дұрыс және толық болуы.
  • Бұдан басқа, Дирекция Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жобаны басқаруды жүзеге асырады.

Жалпы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Мектептердің құрылыс жұмыстарына дайындық қалай? Нендей мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтар жуырда ғана облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен сөз болды.

– «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді осы жобаны сапалы жүзеге асыру керек. Жауапты орынбасар, басқармалар, аудан, қала әкімдері білім ұяларының құрылысын уақтылы әрі талапқа сай етіп аяқтау бағытында жұмыс істеңіздер. Мектептердің инфрақұрылымын тарту, газ, су, электр, жылу, ғаламтормен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдансын. Мектептердің құрылыс материалдары сыртқы және ішкі көрінісі, сәулеттік жобасы бойынша да барлық мердігерге біріңғай нұсқа берілуі тиіс. Ең бастысы, осы «Жайлы мектептерді» жоғары деңгейлі ұстаздармен қамту аса маңызды. Қазірден бастап білікті басшылар мен мұғалімдер жасақтауды қолға алған жөн, – деді Дархан Сатыбалды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 49 000 орын) іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.

Жиында мектеп құрылысына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын баяу жүргізіп жатқан аудан әкімдеріне сын-ескертпе айтылды. Жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берілді.

Облыста екі жылда 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп және 2000 орындық 2 мектеп салынады.

Жоба аясында 2023 жылы құрылысы басталатын 29 мектептің жер телімі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ меншігіне өткізіліп, бүгінгі күнге, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 29 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылысы биылға жоспарланған 29 мектептің 27-сінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелері анықталды. Қалған 2 мектебі бойынша сатып алу конкурсының қорытындысы биыл қыркүйек айының соңында аяқталды.

     «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin