Түркістан облысы: Созақ ауданындағы шаруа мемлекеттік бағдарлама арқылы қой басын көбейтіп отыр

Созақ ауданында жылдан-жылға мал басы саны артып келеді. Мұны мамандар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекпен байланыстырады. Ауданда бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама аясында асыл тұқымды мал өсіруді қолға алған шаруалар көбейген.

Созақ ауданы мал шаруашылығына қолайлы аймақтың біріне жатады. Жайылым жер де жеткілікті. Осы ерекшелікті жергілікті шаруалар тиімді пайдаланып келеді. Соның бірі — «Қанжарбек» шаруа қожалығы. 2005 жылы құрылған қожалық ет өндіру бағытын қолға алған.

Қожалық төрайымы Айгүл Ашетова 2020 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 миллион теңге несие алып, 400 бас қой сатып алған. Бүгінде 1130 бас уақ мал, 50 бас мүйізді ірі қара, 75 бас жылқысы бар.

Шаруа қожалығы 2000 гектардан аса жайылымдық жерді пайдаланып отыр. Сондай-ақ, «Инвестициялық салымдар есебінен кеткен шығынның бір бөлігін өтеп беру» бағдарламасы бойынша құдық қазылып, күн сәулесінен энергия алатын қондырғылар қойылған.

Қазіргі таңда, мұнда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы мөлшері — 200 мың теңгенің төңірегінде. Кәсіпкер алдағы уақытта тағы төмен пайызбен несие алып, мал басын арттыруды көздеп отыр. «Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, ісін ілгерілетіп отырғандар баршылық» — дейді салаға жауапты маман.

– Біздің шаруа қожалығымыздың басым бағыты – мал басын көбейту. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жеңілдіктер болып жатыр. Субсидиялар көптеп бөлінуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында 21 мен 35 жасқа дейінгі азаматтарға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін несие беріле бастады. Менің ойымша, бұл – үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта осы бағдарламалар аясында қожалықтың иелігіндегі мал басын тағы да көбейтуді жоспарлап отырмыз, — деді шаруа қожалығының мүшесі Бағлан Қанжарбекұлы.

Еске сала кетсек, жалпы ауданда 330 мыңға тарта ұсақ мал, 15 мыңнан астам түйе, 25 мыңға тарта жылқы, 40 мың бас ірі қара бар. Сала мамандары мемлекеттік қолдаудың көмегімен бұл көрсеткішті арттыра түсу негізгі міндет екенін жеткізді.

Осы тұста айта өтейік, Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 3 519 921 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 13912 гектар, суармалы егістік — 5813 гектар, тәліми — 8099 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 337 гектар, шабындық жерлер — 11773 гектар, жайылымдық — 3 493 899 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 673 261 гектар;

елді мекендердің жерлері — 261 296 гектар;

өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 54 537 гектар:

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 799 гектар;

орман қорының жерлері — 1 014 898 гектар;

су қорының жерлері — 3245 гектар.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Созақ ауданында 10 ауылдық округ пен 2 кент (Шолаққорған, Жартытөбе, Таукент, Сызған, Қарақұр, Қаратау, Тасты, Шу, Құмкент, Жуантөбе, Қыземшек, Созақ), 35 ауылдық елдімекен орналасқан.

Ауданның ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 3521855 гектар. Оның ішінде егістік жерлер — 13912 гектар, суармалы егістік — 5813 гектар, тәліми — 8099 гектар, көп жылдық екпелер — 337 гектар, шабындық жерлер — 11 773 гектар, жайылымдық — 3 493899 гектар.

Созақ ауданы бойынша ірі қара мал – 39613, қой-ешкі – 278458, жылқы – 24667, түйе — 14448, құс 36750 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: мал дәрігерлік пунктері – 11, ұсақ мал тоғыту орындары — 20, жасанды қашырым пунктері — 14, биотермиялық шұңқырлар — 15.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.