Бүгінде Созақ ауданында шаруа қожалықтарды өркендету, оның ішінде мал шаруашылығы және ет өнімімен айналысу қарқынды даму үстінде. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков халықпен есептік кездесу барысында айтты.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлініп жатыр. Бірнеше шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер, ауыл округтер, елді мекендерді аралап субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аудан мал шаруашылығына қолайлы аймақ болғандықтан жылдан-жылға мал басының саны артып келеді.
Аудандағы жұмысын жандандырып отырған қожалықтардың бірі — “Балтабай” шаруа қожалығы. Қожалық 2005 жылы құрылып, 2018-2019 жылдары мал бордақылау алаңын салып, ет өндіру бағытына басымдық берген. Қожалықтың сыйымдылығы 250 бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Онда арнайы мал сою алаңы, қора жай, мал азығын сақтайтын орындар бар.
Шаруа қожалығының басшысы Темур Балтабаевтың айтуынша, қожалықта жылына 250-300 тоннаға жуық ет өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, 26 адам жұмыспен қамтылған.
Осы тұста биылдан бастап республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие беріліп жатқанын да атап өткен жөн.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков пилоттық жобаның өзектілігін ескеріп, арнайы лездемелік жиындар өткізіп келеді. Жиында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаны ұтымды пайдалану мақсатында ауыл округ әкімдері мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары түрлі бағытта жүзеге асырылып жатыр. Бұл жөнінде облыстан арнайы жұмысшы топ келіп, шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықпен кездесулер өткізді. Жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, несиенің алу жолдарын түсіндірді.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде ауданда Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 62 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 42 азаматтаң құжаты 187,700 миллион теңгеге мақұлданып, 13 азамат 61 миллион теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
Бағдарламаның екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда кооператив мүшелері тіркеліп жатыр.
Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан көлемінде қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатында лездемелік жиын өткізді. Онда ауданда жүріп жатқан жол, ауыз су, көше жарықтандыру, құрылыс нысандары, қысқы маусымға дайындық шаралары мен санитарлық тазалық сақтау жұмыстарына жеке дара тоқталып өтті.
— Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Істеліп жатқан жұмыстарға тиянақтылық пен қарап, қадағалауда ұстау керек. Әлі де болса шешімін қажет ететін өзекті мәселелер көп. Қысқы жылу маусымына дайындық шараларын күшейту керек. Бұдан бөлек, ауылдарды аралау барысында бірқатар ауылдық округтерде ауыз су уақытпен ғана берілетінін айтып, жетіспеушілік мәселелері жиі көтерілуде. Тұрғындарға жаздың аптап ыстығында суды тұрақты түрде беру керек. Бұл мәселені шешу үшін аса көп қаржыны немесе күштік құрылымды талап етпейді. Тек жұмысты үйлестіре білу қажет, — деген аудан басшысы жауапты сала мамандарының жұмыстарын сынға алды. Сондай-ақ аталған мәселені хаттамалық тапсырмаға енгізіп, бұған дейінгі жүктелген тапсырмалармен қоса белгіленген мерзімінен кешіктірмей орындауды қатаң ескертті.
Сонымен қатар, тұрғындар қажеттілігіне орай туындаған басқада өзекті мәселелерге тоқталып, сала орынбасары мен жауапты мамандарға қосымша тапсырмалар жүктеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Replica Sneakers for Men oi661
Replica Sneakers for women,Reps Shoes pg823