Түркістан облысы: Созақ ауданында «Дипломмен ауылға» жобасын кеңінен насихаттау мақсатында «Ашық есік күні» акциясын өткізу жоспарланып отыр

Бұл жөнінде Созақ ауданының тұрғындарына аудан әкімдігі құлаққағыс жасады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес, «Дипломмен ауылға» жобасын кеңінен насихаттау мақсатында 2024 жылдың 12 тамызында «Ашық есік күні» акциясын өткізу жоспарлануда.

«Аталған акцияға қатысып, туындаған сұрақтарыңыз бойынша ақпаратттар алуға болатынын хабарлаймыз» — дейді Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің жауаптылары.

Мекенжайы: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, 16-ғимарат.

Анықтама телефоны: 8 771 328 4096, жауапты — Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жартай Мағжан Байділдаұлы.

27 мамырдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталды. Бұл — әрбір қазақстандық үшін аудан орталықтарына немесе ауылдық жерлерге барудың, онда жұмысқа орналасудың және тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін тиімді ипотека алудың бірегей мүмкіндігі.

2024 жылға арналған бағдарламаның шарттары:
• Қарыздың ең жоғары сомасы: 2500 АЕК, бұл 9 230 000 теңгені құрайды.
• Қарыздың ең ұзақ мерзімі: 15 жыл.
• Сыйақы мөлшерлемесі: барлығы 0,01% (ЖТСМ 0.01%)

Бағдарламаға жоғары білімі және келесі мамандықтар бойынша дипломы бар кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады:
• Денсаулық сақтау мамандары
• Білім беру мамандары
• Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары
• Мәдениет мамандары
• Спорт мамандары
• Агроөнеркәсіптік кешен мамандары

Қалай өтініш беруге болады? Жобаға қатысу үшін otbasybank.kz порталына тіркелу қажет және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен өтінімге қол қою керек.

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалған-ды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.

Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

Бұған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті.

Биылдан бастап «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілетін жеңілдетілген кредиттің сомасы мен жәдемақының мөлшері өсті. 

«Дипломмен ауылға» кімдер бара алады?

Бағдарламаға ауылдық жерлерге барған немесе бұрыннан тұрып жатқан мамандар қатыса алады. Бірақ нақты салалар белгіленген. Олар:

денсаулық сақтау;

білім беру;

әлеуметтік қамсыздандыру;

мәдениет;

спорт;

агроөнеркәсіптік кешен мамандары;

ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекеніне қажетті мамандардың тізбесін жасап отырады. Осы тізім бойынша жұмысқа келген адамдарға жеңілдетілген кредиттер мен жәдемақы беріледі.

Кредиттің сомасы өсті

Бұған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. Ал аудан орталығына барған мамандар 2 500 АЕК (9,2 миллион теңге) кредит рәсімдей алады. Ақша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ғана беріледі.

Кредиттің шарттары:

мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады);

мерзімі – 15 жыл;

Негізгі талапқа сәйкес, кредит алған адам ауылдық жерде өз мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Жәрдемақының көлемі қандай?

Былтыр ұлттық экономика министрі «Дипломмен – ауылға» жобасына қатысушыларға берілетін көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрықты да шығарған. Оған сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке (369 200 теңгеге) дейін арттыру жоспарланған.

Ресми мәліметке сәйкес, 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 миллиард теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 миллиард теңге бюджеттік кредит берілді.

Құжатты қалай тапсырады?

2023 жыл 1 сәуірден бастап Отбасы банкі «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып бекітілді. Сондай-ақ бағдарлама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты барлық өтінім otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады.

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін алыдмен otbasybank.kz порталында тіркелу керек. Одан кейін электронды-цифрлық қолтаңбамен өтінімге қол қою қажет.

Жәрдемақы мен бюджеттік кредитке де өтінішті де бір мезгілде банк порталы арқылы беруге болады.

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Енді «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара.

Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.

Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:

— Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу;
— ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
— жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады.

Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

Айта кету керек, ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, сондай-ақ ауылдық жерлерде дипломы бар кадрларды бекіту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда.

Жоба ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мамандардың басты мәселесін шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға, атап айтқанда, жеңілдікті шарттармен тұрғын үй сатып алуға бағытталған.

Бұл оқуын аяқтап, ауылға баратын мамандар үшін тамаша мүмкіндік болып көрінеді, және негізгі талап осы ауылдық елдімекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме қабылдау болып табылады.

«Алайда, тәжірибе көрсеткендей, 2020 жылдан бері «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде жеңілдікті кредиттеуді пайдаланған мамандар санын қысқарту бойынша теріс үрдіс байқалды» — дейді Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Динара Мукушева.

Осылайша, 2023 жылы 2020 жылмен салыстырғанда олардың саны 30%-ке қысқарды.

Бұл ретте, 2019 жылдан бастап біржолғы көтерме жәрдемақы сомасының 1,4 есеге, 252 500 теңгеден 345 000 теңгеге дейін, сондай-ақ бюджеттік кредиттің ең жоғары сомасының 1,4 есеге 2023 жылы 3 784,5 мың теңгеден 5 175,0 мың теңгеге дейін ұлғаюы байқалды.

Бұл өсім «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде берілетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің жыл сайын ұлғаюына байланысты емес, АЕК мөлшерінің жыл сайын ұлғаюына байланысты болғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, тұрғын үй нарығындағы бағаның жыл сайынғы өсуін ескере отырып, 2023 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне қатысты кейбір өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына келген мамандар үшін бюджеттік кредит мөлшері кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-тен 2500 АЕК-ке дейін немесе 9,2 млн. теңгеге, ауылдық елді-мекендер үшін — 2000 АЕК-ке дейін (7,3 млн. теңге) ұлғайтылды.

Қалаларда тұрғын үй құнының одан әрі өсуі болатын және болжанатын жағдайларда, жеке тұрғын үй сатып алу немесе салу мүмкіндігі тіркелген мамандар үшін ауылда тұрақты тұру және жұмыс істеу үшін жеткілікті салмақты ынталандыру болуға тиіс еді. Өз кезегінде, бюджеттік несие мөлшерінің ұлғаюы жеңілдетілген несиелеуді пайдаланғысы келетін мамандар санының азаюы мәселесін ішінара шешеді. 

Мысалы, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ең жоғары нәтижелерді көрсететін Түркістан облысында көтерме жәрдемақы алған мамандар санының бюджеттік кредит алған мамандар санына арақатынасы – 1:3. Яғни, Түркістан облысының ауылдарына осы жоба бойынша келген әрбір үшінші маман ғана жеңілдікпен кредит беру шеңберінде тұрғын үй сатып алды.

Осыған ұқсас жағдай жалпы республика бойынша да байқалды. Мәселен, соңғы үш жылда ауылдық елдімекенге келген мамандар азайып барады және «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде ұсынылатын екі әлеуметтік қолдау шаралары арасындағы алшақтық артып келеді.

Негізгі мәселе кредиттің ұсынылатын мөлшерінің жеткіліксіздігінде ғана емес, сонымен қатар халықтың кредиттелуінде, теріс кредиттік тарихтың болуында, тұру үшін қажетті қолайлы жағдайлармен жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үйдің болмауында, ауылдық жерлерде жалақының төмен болуында және халық шығыстарының арттыруда, «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері туралы хабардарлықтың төмен болуында жатыр.

Осылайша, мысалы, ауылдық жерлерде білім беру саласындағы маманның жалақысы 2023 жылы 240,5 мың теңгені құрады.

Республика бойынша жан басына шаққандағы ақшалай шығындар орта есеппен 260,8 мың теңгені құрайтынын, ал ай сайынғы төлем сомасы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ең ұзақ мерзімге ең көп соманы қарыз алу шартымен 2023 жылы шамамен 30 мың теңгені құрайтынын, ал 2024 жылы аудан орталықтарының мамандары үшін 50 мыңнан сәл астам теңгені және ауылдық елдімекен мамандары үшін 40,5 мың теңгені құрайтынын назарға ала отырып – ауылдық жерлерде білім беру саласындағы маманның тіпті жеңілдікті шарттар бойынша да тұрғын үй сатып алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ. 

«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде бюджеттік кредит алған мамандар саны төмендеуінің келесі себебі – ауданның көптеген елді-мекендерінде сатуға арналған тұрғын үйдің болмауы, оның ішінде «Дипломмен ауылға» жобасының критерийлеріне сәйкес келетін, 70-жылдардағы тұрғын үй абаттандырылмаған және мамандардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейді.

Жас мамандардың кетуі және ауылдық елдімекеннен баспана алуға құлықсыздық, оның ішінде орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың болмауымен байланысты.

Бұл ретте, біздің ойымызша, «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін реттейтін қолданыстағы Қағидаларда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны төмендетілді.

Осылайша, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес, тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 46 АЕК-тен немесе 2023 жылы 158,7 мың теңгеден аспауы тиіс.

СЖжРА ҰСБ деректеріне сәйкес, республика бойынша ауылдық жерлердегі тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салуға жұмсалған орташа нақты шығындар 127,4 мың теңгені құрады.

Алайда, Қазақстанның бірқатар облыстарында, мысалы Абай (172,9 мың теңге), Жетісу (158,6 мың теңге), Ақмола (161,0 мың теңге), Алматы (166,0 мың теңге), Шығыс Қазақстан (175,6 мың теңге) облыстарында 1 шаршы метр құрылысқа жұмсалатын орташа нақты шығындар тек республикалық мәндерден ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы Қағидаларда көзделген шығындар сомасынан да асып түседі.

Сонымен қатар, құрылыс аяқталғаннан кейін ауылға келген және «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қолдау алған маман Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді пайдалануға беруді жүзеге асыратындығын назарға алу қажет, бұл да қаржылық шығындарды көздейді.

Осыған байланысты құрылысқа бөлінетін сома елдің бірнеше өңірінің ауылдық елдімекен мамандары үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылу барысын талдауды негізге ала отырып, өңірлердегі тұрғын үй құнына қарай бюджеттік кредит мөлшерін саралау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Халықтың кредиттелуінің жоғары деңгейін және теріс кредиттік тарихтың болуын, бұл мамандарға жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік бермейтінін назарға ала отырып, мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің балама нұсқасын қарастыру қажет, өйткені іс жүзінде әртүрлі өмірлік жағдайлар болуы мүмкін және Қағидалар оларды қолданудың өзгергіштігі тұрғысынан жетілдірілуі керек. Бұдан басқа, бюджеттік кредиттерді өтеу қажеттілігінің болмауы ауылдық елдімекенге келген мамандардың қолда бар табысын арттырады.

Атап өтерлігі, Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды көздейтін жоба арқылы жастарға қолдау көрсетілді.

2023 жылы облыста осы жоба аясында тұрғын үй салу немесе сатып алуға 2,6 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие бөлініп, 497 маман баспаналы болды. Маманға 1 500 айлық есептік көрсеткіш немесе 5 175 000 теңге көлемінде несие берілді. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1390 маман жалпы 479,5 миллион теңге бір реттік көтерме жәрдемақыға ие болды. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңгемен қолдау көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қағидаға өзгерістер енгізіліп, биылдан бастап аудан орталықтарына – 2500 айлық есептік көрсеткіш немесе 9 230 000 теңге көлемінде және ауылдық елді мекендерге тұрғын үй алуға 2 000 айлық есептік көрсеткіш немесе 7384000 теңге көлемінде несие беріледі (0,01%-бен 15 жылға). 2024 жылға 514 маманға 4,1 миллиард теңге беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1610 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төлеуге 594,6 миллион теңге жоспарланған. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 369 200 теңге көтерме жәрдемақы беріледі деп көзделіп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin