Түркістан облысы: Созақ ауданында «Жер аманаты» жобасы аясында мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 8 471 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«Сабақты ине – сәтімен» демекші, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтен 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы сұрап-білген болатынбыз. Түркістан облысы бойынша жалғыз донор аудан саналатын Созақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында көптеген оң көрсеткіштер барын байқадық. Соны енді өздеріңізге, құрметті оқырман, жігін ажыратып, тарқатып баяндағанды жөн санап отырмыз.

Алдымен бюджет хақында. Созақ ауданының бюджет кірісіне ағымдағы жылдың 8 айында 14 миллиард 841 миллион 808 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 114 пайызға, 1 миллиард 825,3 миллион теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалған. Оның ішінде; трансферттер 4 миллиард 514,3 миллион теңге, өзіндік кірістер 10 миллиард 327,4 миллион теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспары 13 миллиард 253,7 миллион теңгені құрап, оның 13 миллиард 049,5 миллион теңгесі, 98,5 пайызы игерілді.

Жалпы өңірлік өнім, инвестицияға келсек, ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес ауданда  427 миллиард 593 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 128,3 пайызға немесе 94 миллиард 228 миллион теңгеге артты.

Ал ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылды. Бүгінгі таңға Қарақұр ауылдық округінен «Ran Agro», Сызған ауылдық округінен «Қайнар 1», Шолаққорған ауылдық округінен «Игібай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ашылды.

Несие қаржы алуға Сызған ауылдық округінен «Қайнар 1» АӨК құжаттарын «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-не тапсырды.

Қарақұр ауылдық округінен «Ran Agro» АӨК-і құжаттары әзірленуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7 миллиард 77 миллион 100 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі (НКИ) 86,6 пайыз болды. Нақты көлем индексінің төмендеуі барлық санаттағы мал бастарының кемуі нәтижесінде орын алды. Биылғы жылы алынған барлық санаттағы мал бастарының төлі есебінен нақты көлем индексін орындау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 332,4 миллион теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 27,7% орындалды (жоспар — 1200 миллион теңге).

Тамақ өндірісі негізгі капиталына 67,6 миллион теңге инвестиция тартылып, 32% орындалды (жоспар — 211 миллион теңге)

Егістік жер көлемі 14 638 гектарға игеріліп, 101,9 % орындалды, (жоспар — 14 363 гектар).

20 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынып, жоспар 55% орындалды. (жоспар — 36 бірлік).

Жаңбырлатып суару әдісі 201 гектар жерге ендіріліп, жоспар 100% орындалды. (жоспар — 201 гектар.).

Есепті кезеңнің қорытындысына сәйкес 4 731,4 тонна ет,  4 747,2 тонна сүт, 1 243,8 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Мүйізді ірі қара — 39 745 басты, қой — 263 254 басты, ешкі — 26 290 басты, жылқы — 33 842 басты, түйе — 16 639 басты, құс 28 692 басты құрады.

«Жер аманаты» жобасы бойынша тоқталайық. Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 миллион 104 мың 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер — 759 мың 563 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 84 мың 157  гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) — 1 миллион 960 мың 982 гектар, орман қорының жерлері — 1 миллион 034 мың 898 гектар, су қорының жерлері — 3 245 гектар, елді мекендердің жерлері — 261 мың 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 799 гектар.

«Жер аманаты» жобасы аясында 2024 жылы жоспарға сәйкес жайылымдық жерді ортақ пайдаланымдағы жайылымдарға қайтару бойынша, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 15,0 мың гектар жер учаскесінің ішінен 8 471 гектары, яғни 56,5% мемлекет меншігіне қайтарылды.

Инфрақұрылым мәселесіне ойыссақ. Ауызсу демекші, аудан көлеміндегі 33 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі 61 937 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 21 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 5 елді мекенге (Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдақ) кестемен берілуде.

Созақ ауылына қарасты Шақырық елді мекенін ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуге (жоба құны – 2 миллиард 88 миллион теңге) облыстық бюджетке ұсынылды. 2024 жылға 151 000,0 мың теңге (аудандық бюджеттен — 1 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен — 150 000,0 мың теңге) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер «ИНТЕКО ЛТД СТРОЙ» ЖШС анықталып, 2024 жылы 1 шілдеде келісімшарт түзіліп, ұңғыма құдықты бұрғылау жұмыстары басталған.     

Қаратау ауылын тәулік бойы ауыз сумен қамтуға қаржы бөлуге (жоба құны – 952 миллион 43 мың теңге)  облыстық бюджетке ұсынылып, 2024 жылға 51 000,0 мың теңге (аудандық бюджеттен — 1 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен — 50 000,0 мың теңге) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер «ӨСЕН АР» ЖШС анықталып, 2024 жылы 20 маусымда келісімшарт түзілді.

Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, 2023 жылы аудандық бюджеттен — 9 миллион теңге, облыстық бюджеттен Қарабұлақ, Балдысу елді мекендеріне 34 миллион 400 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған.

  Ағымдағы жылы 5 елді мекеннің ауыз су құбыры (Балдысу, Қарабұлақ, Басбұлақ, Сызған, Сарыжаз) құрылысының жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, 1 268 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

  Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 98,1 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, жоғарыда аталған ауыз су құбырының құрылыстары аяқталған жағдайда аудан халқы 100 пайыз қамтылатын болады.

Ал жол құрылысы мәселесіне келсек, жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 547 миллион 67 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 371 миллион 127 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2023 жылы Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, нәтижесінде аталған елді мекендердің көшелері 100% асфальт жабындысымен қамтылды.

Бүгінгі таңға ішкі жолдардың асфальт жабындысы 66 пайызды құраса, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 69 пайыздан асады деп  жоспарлануда.

2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 710 миллион 613 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 21,2 шақырымдық 18 көшеге қиыршық тас төсеу және асфальт жабындысын төсеу үшін 493 миллион 289 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи газбен қамту бойынша қандай шаруалар атқарылды? «Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» нысаны бойынша 2019-2022 жылдар аралығында 2 миллиард 766 миллион 571 мың теңге қаржыға Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% көмілген. Газды қабылдау құрылғысы (УПОУ) орнатылды. АГТС қондырғыларының орындары дайындалып, қоршалған. Электр бағаналары орнатылып, электр желілері жүргізілді. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. ВОЛЬС кабельдері жүргізілді.

2024 жылға 700 миллион 624 мың теңге (Ұлттық қордан – 411 миллион 221 мың теңге, облыстық бюджеттен – 289 миллион 403 мың теңге) бөлініп, 289 миллион 403 мың теңге игерілді.

Ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында АГТС қондырғыларының 6 данасы жеткізілді.

Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту жайын да тілге тиек ете кетейік. Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2023 жылдар аралығында 3 миллиард 249 миллион 142 мың теңге қаржыға 216,6 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілді. Шкафты газ реттеу пунктінің орындары дайындалып, 5 дана ШРП орнатылды.

Қондырғылардың қалған бөлігі акт түзіліп мердігер мекеменің сақтау қоймасында сақталуда. 

2024 жылыға газ тарату желісін салуға облыстық бюджет есебінен 203 миллион 187 мың теңге бөлінді. АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылының тұрғындары табиғи газбен қамтылады.

Көшелерді жарықтандыру бойынша. 2024 жылға аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округке (57 көшеге) 425 миллион 573 мың теңге бөлінді. (Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент).

Енді құрылыс саласы бойынша сөз қозғайық. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына 231,8 миллион теңге (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Сонымен қатар, Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы (сыртқы инженерлік желілері) жобасына 227,6 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

«Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңының құрылысы» жобасына 97,5 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталды (жобаның құны: 1 миллиард 924 миллион теңге) 2023 жылға Ұлттық қордан 300 миллион теңге қаралып, игерілді. Нысан 2025 жылға өтпелі.

   «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 176,6 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы 4 желтоқсанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимараты мен кіші жабық футбол алаңының құрылысы ел игілігіне пайдалануға берілді.

Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға бірнеше жобаларға қаржы қарастырылды. Олар:

«Құмкент елді мекеніндегі Жылыбұлақ каналын салу» жобасының құны – 470,1 миллион теңге. 2023 жылға 30 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 250 миллион теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.

   «Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 201,6 миллион теңге. 2023 жылға 6 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 173 миллион теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы: 2024 жылдың қыркүйек айы.

«Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 303,2 миллион теңге. 2023 жылға 1 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 128 миллион теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.

«Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 174,6 миллион теңге. 2023 жылға 6 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 155 миллион теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы: 2024 жылдың қыркүйек айы.

Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтекауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге оң сарапта қорытындысы алынды. Жобаның құны 2 миллиард 555 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде жер кезегінде тұрған 435 адам тұрғын үйге жер телімдерін беруге мүмкіндік болады.

Сонымен қатар, «Жартытөбе, Жуантөбе ауылдарынан мал емдейтін станок құрылысы, Абай, Жуантөбе ауылдарынан және Таукент, Қыземшек кенттерінен ұсақ малдарды тоғытатын нысан құрылысы, Шолаққорған ауылынан мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылысы, «Беккери» шұңқыры құрылысы» жобаларына 2024 жылы 207 миллион теңге қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Нысанның пайдалануға беру уақытысы: 2024 жылдың қазан айы.

Білім саласында да ауыз толтырып айтатын тірліктер бар. Аудандағы 38 балабақшада 17 — мемлекеттік, 21 — жекеменшік) 4 171 бала тәрбиеленуде (мемлекеттік балабақшаларда — 2 480 бала, жекеменшік балабақшаларда — 1 691 бала).

Қазіргі таңда 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 98%-ды құраса, 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрап отыр.

2024-2025 жаңа оқу жылы қарсаңында 1-ші сынып табалдырығын 1 452 бала  аттамақ.

Еліміздің ең үздік білім беру мекемелерінің бірегейі “I-Qanat” мектебінде 4 оқушы білім грантын иеленіп, өз білімдерін жалғастыруда.

Өткен оқу жылында біздің облыс шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізді.         

Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында 14 оқушы — І орынды, 15 оқушы — ІІ орынды және 15 оқушы ІІІ орынды жеңіп алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс», — деп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғандығын атап өткен болатын. Осы орайда ауданда «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 900 орындық құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 200 орындық жаңа ғимарат құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2024-2025 жаңа оқу жылында жалпы 6 902 бала ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде 1- 4-ші сынып оқушылары — 5 849 бала.

Мектептерге бейнекамералар орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады.

Мемлекеттік 35 білім беру мекемесі 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Кәсіби күзет қызметімен Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицей, «Созақ» мектеп-гимназия және Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп қамтамасыз етілді.

700 оқушысы бар 8 мектепке (Алтынсарин, Әлімқұлов, Төреқұлов, Кеңесбаев, Созақ, Науайы, Бөкенов, Сүлейменов)  турникет орнатылды.

   Жұмыспен қамту саласында Ұлттық жобалар шеңберінде 2 569 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 63 пайызға орындалды.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға — 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес, 750 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысына сәйкес 279 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

2024 жылы 8 айдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек 253 отбасыға (1 477 адамға) 64 миллион 300 мың теңге төленді.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-де «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік такси пайдалануға берілді.

2024 жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен бас бостандығынан айырылу мекемелерінен босаған азаматтарға арнап 4 рет жәрмеңке өткізіліп, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, 126 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Мәдениет саласында оң істер жетерлік.Созақ ауданында қазіргі таңда 40 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Оның ішінде: 17 мәдениет үйі мен клубтар болса, 23-і — кітапханалар.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «КАТКО» Қазақ-Француз біріккен кәсіпорны демеушілігімен күрделі жөндеуден өткен Шу ауылдық кітапханасының жаңа ғимараты ашылып, ел игілігіне ұсынылды.

 2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін Ақсүмбе ауылдық клубына бюджеттен 25 миллион 479 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Бабата ауылдық клубына қазандық орнатуға конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Спорт саласы туралы. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 148 спорттық нысан жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес 3 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Атап айтар болсақ, Шолаққорған ауылынан «Катко» БК демеушілігімен шағын футбол және балалар ойын алаңшасы, Шаға елді мекенінде сол ауылдан шыққан кәсіпкердің демеушілігімен шағын футбол алаңшасы салынды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Қарақұр елді мекенінен төбесі жабық үлгідегі шағын футбол алаңшасы салынып пайдалануға берілді және «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Денсаулық саласы бойынша Созақ ауданы халқына 28 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді (1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 МСАК орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 13 МП). 

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес диспансерлік есепте тұратын  науқастар   саны  8 018   болған, 175 миллион 727 мың  917 теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі түрде ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда.

2024 жылы 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 7 айда 4 нәресте өлімі орын алған. 2023 жылы 1 жасқа дейінгі 12 нәресте өлімі орын  алған. (2022 жылы 13 нәресте өлімі орын алған).                      

Ал, туберкулезден болған өлім көрсеткіші өткен жылы да, биыл да тіркелмеді.

Денсаулық сақтау саласының әрбір кереғар көрсеткішін төмендету бойынша алдын алу шаралары атқарыла беретін болады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік табыстаған болатын. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған «Hyundai i30» маркалы жедел жәрдем автокөлігінің екеуі Созақ ауданына жеткізіліпті.

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның демеушілігімен 2 жедел жәрдем автокөлігі алынған. Бұл көліктердің ерекшелігі сол — жол талғамай, құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Науқастарды тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сөз соңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы да сөз қозғай кетсек. Елімізде тазалыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты. Акция аясында ауданда түрлі шаралар іске асырылуда. Аудан орталығының аумағы 5 секторға бөлініп, ондағы 144 көшеге жауапты мекемелер бекітілді.

Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында жалпы саны 27 500 тал көшеттері отырғызылды. Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағы жолдың екі шетін қоса есептегенде 4,5 шақырымға артып, 10 500 дана қара тал егілді. Бұл аумақ қазіргі уақытта толықтай қоршалды.

Қазіргі таңға дейін 405 шақырым ішкі көше бойлары тазаланып, 285 шақырымдық облыстық маңызы бар жолдар және 77,4 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар тазаланды.

33 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. 1050 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 27 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. 58 дана жол белгілері сырланды.

Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 13 050 адам қатысып, 55 техника жұмылдырылды.

Осылайша барлық мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді.

Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin