Бүгін Созақ ауданы аумағында «Менің елім — менің туым» экоакциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке бөлім, мекеме мамандары, кәсіпкерлік нысандардың иелері мен тұрғындар жұмылдырылып, белгіленген аумақты күл-қоқыстан тазартты.
Тазалық жұмыстарына 1891 адам, 14 арнайы техника тартылып, тазалық жұмыстары барысында 36 шақырым көше бойлары, 7,5 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Сондай-ақ Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы тазартылды. Шөптері шабылып, қураған ағаштары кесілді.
Қоршаған ортаны таза аймаққа айналдыру мақсатында ұйымдастырлыған сенбілікте көше бойлары мен әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтарға және “Жасыл белдеу” аумағына 5450 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Сенбілік аясында 75 тоннадан астам күл-қоқыс арнай қоқыс тастайтын полигондарға тасымалданды.
Табиғат анаға қамқорлық демекші, аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу шаралары да жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша Түркістан облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыр жүк көліктері тоқтатылып, құжаттары тексерілді. Облыстық көлік бақылау инспекциясы тарапынан құжаттамасы жоқ, артық салмақта жүк тасымалдаған ауыр жүк көліктеріне белгіленген заң талаптарына сәйкес айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Осы ретте жауапты мамандар барша жүргізушілерге ауыр жүк тасымалы кезінде белгіленген заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.