Түркістан облысы: Созақ ауданында  ауыл шаруашылығы бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер түсіндірілді 

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында 2023 жылы атқарылатын жұмыстар мен мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы түсіндіру тобының кестесі бекітілген. Топтың құрамына аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Мейірманов, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Қарабаев, «Атамекен» ҰКП» Созақ аудандық филиалының басшысы А.Анарбаев, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Д.Райымов кірді. Бекітілген кестеге сай түсіндіру тобы өз жұмысын осы айдың басында Шу, Тасты, Жуантөбе ауылдық округтері мен Қыземшек кентінен бастады.

Жиынның мақсаты шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын кеңінен насихаттау, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді түсіндіру болып табылады.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Қарабаев игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды, жерді мақсатына сай пайдалану туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП» Созақ аудандық филиалының басшысы А.Анарбаев жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы төрағаларына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетілетіндігін хабарлады. Яғни, тоқсан, жартыжылдық және жылдық есептерді тапсыруға көмектесу. Сонымен қатар, жеке кәсіп ашамын деушілерге бизнес жоспар әзірлеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

Жиын барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерге жауап берілді.

Айта өтейік, түсіндіру тобы басқа да ауылдық округтері мен кенттерді толығымен аралап шығатын болады.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.