Түркістан облысы: Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар жолдардың 152 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары биыл толық аяқталмақ

Бүгін Созақ ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Созақ ауданында өткен баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына барды.

Биыл «Жасыл белдеу» аумағы бес шақырымға ұлғайып, онда 5 000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылған. Бүгінде аумақ толықтай қоршалған.

Сондай-ақ, шара барысында тілшілер қауымы «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс жұмыстарымен танысты. Осы орайда Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі жолдың 39 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудандағы облыстық маңызы бар жолдардың 152 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары биыл толық аяқталмақ.

Сонымен қатар, биыл аудандағы елді мекендердің 34 ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселмек. Оның ішінде, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында — 17 көше, жергілікті бюджеттен — 17 көше қамтылады. Жалпы ауданда 917 шақырымды құрайтын автомобиль жолы бар. Оның 435 шақырымы — облыстық маңызы бар жолдар болса, 79 шақырымы — аудандық маңызы бар жолдар, 403 шақырымы — елді мекендердің ішкі жолдары.

Орайы келгенде атап өтейік, Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 миллиард теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жол саласына қаралған қаржылардың басым бөлігі облыс орталығына баратын күре жолдардың жағдайын жақсартуға және туристік орындарға баратын жолдарды дамытуға бағытталды. Сондай-ақ шалғай аудандардағы ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын жолдарды жөндеуге басымдық берілді.

Атап айтсақ, ұзындығы 26 шақырым болатын «Түркістан қаласына кентау қаласы жағынан кіребес жолды қайта құру» нысаны толық аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, тұрғындар Кентау-Түркістан бағытындағы күре жолға балама жолмен және Жамбыл облысы мен Созақ ауданынан Түркістан қаласына келетін қысқа жолмен қамтамасыз етілді. Төлеби және Сайрам аудандарындағы туристік орындарға баратын Шымкент-Көксәйек-Қасқасу, Біркөлік, Манкент-Көлкент бағыттарындағы жолдар жөндеуден өтті. Сауран ауданын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын Шорнақ, Майдантал, Жүйнек, Қарнақ елді мекендерінен өтетін 100 шақырымға жуық облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, бүгінгі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64,1 шақрымдық жол қайта құрудан өтуде. Жоба 4 учаскеге бөлініп, жол 2 жолақтан, 4 жолаққа кеңейтілуде. Түлкібас ауданы бағытындағы Келтемашат, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе бағытындағы 69,4 шақырымды құрайтын жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтті. Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт-Тұрбат, Жігерген-Көкібел, Шарапхана-Жаңабазар, Айнатас-Қақпақ бағыттарындағы жолдарды «БЕ-БҚ» көлік дәлізіне қосатын 64,5 шақырымдық күре жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елді мекендерін «БЕ-БҚ» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдағы асфальт жабындылары жаңартылды.

Сонымен қатар, облыстан алыста орналасқан, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Созақ аудандарындағы 300 шақырымнан аса күре жолдарды жөндеу қолға алынған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2 пайызды құрады. 2024 жылдың соңында дейін бұл көрсеткішті 94 пайызға жеткізу көзделуде.

Түркістан облысы аумағындағы елді мекендердегі көшелерді жақсарту бағытында да жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта елді мекендердегі көшелердің жақсы жағдайдағы үлесі 70,2 пайызды құрап отыр. Өңірдегі жолдардың сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында тұр.

Ағымдағы жылдың қорытындысына сәйкес 546,6 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге тур аясында журналистер аудан орталығындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп құрылысымен де танысты.

Білім ордасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен жүзеге асуда. Жаңа мектепте робототехника, зертхана және хореография үйірмелеріне арналған кабинеттер қарастырылған. Сондай-ақ, оқу кабинеттері заманауи интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталмақ. Мектепте арнайы бастауыш сыныптар, орта және жоғары буын оқушылары үшін жеке блоктар жасақталады. Білім ордасы биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда)  толық өтетін болады.

Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.    

Осы ретте жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

Өткен жылы Созақта құрылыс саласы бойынша 8 нысан пайдалуға берілген.

Баспасөз туры аудан орталығында салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінде жалғасты. Спорт кешені — заманауи талаптарға сай, онда облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы. Екі қабатты ғимаратта футбол, волейбол, баскетбол, күрес және аралас жекпе-жекке арналған алаңдар бар.

«Жалпы ауданы 3 гектар болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай», — деп айтты «СК NEW CITY» ЖШС өкілдері. Кешенде түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасалады.

Еске сала кетсек, өткен жылы Созақ ауданында бірнеше нысан ел игілігіне тапсырылған болатын. Оның ішінде, 200 орындық Құрманғазы атындағы шағын жалпы орта мектебі мен 75 орындық мәдениет үйі бар. Одан бөлек, 1 000 орындық жаңа стадион мен түрлі балалар ойын алаңшалары ашылған болатын. Сонымен қатар, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен «Street workout» қолданысқа берілген.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin