Түркістан облысы: Созақ ауданында көгалдандыруға қатысты атқарылатын жұмыстар пысықталды

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған-Түркістан бағытындағы жол бойында арналасқан «Жасыл белдеу» аумағында болды. Онда отырғызылған тал көшеттерін күтіп баптау мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды бақылап, жауапты мамандарға уақытылы суғарып, дәрілеу жұмыстарын назарда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағын арттыру мәселесі сөз болып, бұл бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. Аумаққа отырғызылған тал көшеттерінің өнімділігін бақылап, тазалық пен көгалдандыруға қатысты мәселелерге немқұрайлы қарамауды ескертті.

Биыл көктемде Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 2,7 шақырымға артып, үш мыңнан аса тал егілген болатын. Созақта аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері белсенділікпен атсалысты. 150-ге жуық қызметкер «Жасыл белдеу» аумағына жұмылдырылды. Аумақтың көлемі 2,7 шақырымға артып, онда 3000-нан аса көшет егілді. Алдағы уақытта тағы 4000-нан астам тал егіліп, ұлғайған аумақ арнайы шарбақтармен қоршалады. «Жасыл белдеу» аумағына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков көгалдандыруға қатысты жұмыстардың басында болды. Жауаптыларға егілген тал көшеттерін күтіп-баптауға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақтар, ішкі көшелер мен үлкен жолдардың бойын, әлеуметтік нысандардың аулаларын қоқыс қалдықтарынан тазартып, талдардың түптерін әктеу шаралары да қоса қамтылды.

Айта өту керек, биыл көктемде Түркістан облысында 500 мыңға жуық көшет егілді. Ал күзгі науқанға тағы 515 935 дана көшет егу жоспарланып отыр. Түркістан іргесінен 42 000 гектар жерге «Жасыл белдеу» орманды алқабын құру жоспарланған. Жыл сайын мұнда миллиондаған ағаш көшеті отырғызылады. Өсіп жатқан ағаштардың дені көпжылдық және қылқанжапырақты. «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мемкемесінің орман қоры 28 мың гектардан асады. Орман алқабы құрылғалы 5 жылдың ішінде бұл жерге 17 миллион түп ағаш отырғызылды. Оның тең жартысы — көпжылдық ағаш көшеттері де, қалғаны — сексеуіл. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің орманды алқабын арттырып, жасыл желекті көбейтуді, күтімін күшейтуді тапсырды. Өңірдің орман алқабы елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу жобасына кіреді. Жоспар бойынша 18 870,5 мың ағаш көшеті отырғызылады. Оның 6 миллионнан астамы егілді. Биыл тағы 200 гектар жерге сексеуіл тұқымын себу жоспарланған. Биыл көктемде Түркістан облысында 500 мыңға жуық көшет егілді. Ал күзгі науқанға тағы 515 935 дана көшет егу жоспарланып отыр. Жалпы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылып жатыр. Кей ағаштар көрші мемлекеттерден әкелініп отырғызылған. Әрине, сырттан әкелген ағаштардың бейімделіп өсіп кетуі қиынға соғады. Бірден жерсініп кетпейді, ол үшін арнайы күтім керек, дейді мамандар. Орман алқабына отырғызылатын ағаш түрлері алдымен сол жерге бейімдеу процесінен өтеді. Осы мақсатта өңірде заманауи тұқымбақтар ашылған. Заманауи тұқымбақта 576 шаршы метр жерге жылыжай орнатылған. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 15 миллионнан астам ағаш-бұта көшеттері өсіріліп жатыр.

Мемлекет басшысы еліміз аумағында жүздеген миллион көшеттер егіп жасыл аймақтардың көлемін кеңейтуді, сол арқылы жеріміздің эколоиялық мәселелеріне оң әсер етудің, елдімекендер айналысына жасыл белдеулер егудің маңыздылығын үнемі атап көрсетіп келеді. Сол сияқты еліміздің орман қорын арттырып, көгалдандыруды жақсарту бағытында атқарылар жұмыстар аясын белгілеп, міндеттер жүктеп, тапсырмалар да берген болатын. Сондықтан да барлық аумақтарда сол аймақта өсуге бейім көшеттер егіп, күтімге алып еліміздің орман қорын ұлғайту бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысында 2024 жылдың көктем айларында елді мекендерді көгалдандыруға 522 935 түп көшет егу жоспарланып, оның 483 935 көшеті егілген. Ал, күзгі науқанға 515 935 дана көшет егу жоспарлануда. Жалпы, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстағы 852 елді мекеннің 90%-ын көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. Бұл жайында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 170 миллион көшет, елді мекендерге 1,1 миллион көшет егу бойынша аймақтық жоспар бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдарда 51,6 мың гектар жерге 78 миллион дана көшет егілді. Сондай-ақ, облыста 350 гектарды құрайтын 10 уақытша тұқымбақта 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр, – дейді басқарма басшысы.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының заманауи тұқымбақ ашу тапсырмасына сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жылыжайдың мақсаты – сирек кездесетін ағаштар өсіру. Тұқымбақты дамыту мақсатында сеппе бөлімшесіне ағаш-бұта өсімдіктер тұқымының 11 түрінен 4993 келі тұқым себу жұмыстары жоспарланып, көктем, жаз мезгілінде ағаш тұқымдарының пісіп жетілуіне байланысты 2200 келі тұқым орман тұқымбағына себілген. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 5,7 миллионнан астам ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Бүгінде орман тұқымбағы тұрақты 48 штаттық бірлік және 3 техникамен қамтамасыз етілген, – дейді «Жасыл аймақ» КММ-нің директоры Ибрагим Бигасилов.

Биылғы көктем мезгілінде «Жасыл белдеу» аумағындағы орман екпелерін толықтыруға орман тұқымбағынан 760,0 мың дана әртүрлі ағаш көшеттері қазылып, толықтыруға әр орманшылыққа жіберілді. Қала, аудан орталықтарын көгалдандыру мақсатында өткен жылдың көктем мезгілінде 2 қала, 15 аудан орталықтарына жалпы 411 мыңнан аса әртүрлі ағаш көшеттері берілді және күз мезгілінде 34200 әртүрлі ағаш көшеті орман тұқымбағынан тарқатылды. Бұдан бөлек биылғы көктем мезгілінде орман тұқымбағынан жалпы 64 мыңнан аса әртүрлі ағаш көшеттері берілген.

Жалпы, «Жасыл аймақ» КММ қарасты тұрақты 2 тұқымбақ бар. 240 гектар аумақты алып жатқан бұл бақтарда 30-ға жуық әртүрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде.

Айта кетейік, облыс көлемінде орман тұқымбақтарының көлемі — 253 гектар. Оның 14-і типтік заманауи питомниктерде (оның ішінде 10 жылыжай) орналасқан. Мәдени орман алқабына егілетін көшеттер дайындауға аумағы 350 гектарды құрайтын 10 уақытша тұқымбақта 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin