Түркістан облысы: Созақ ауданында медиаторлар марапатталды

5 тамыз – медиаторлар күні. Аталған күн аясында аудан көлемінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Жекелеген медиаторлар тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтық, еңбек, отбасылық даулар туралы кеңес берілді. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара бейбіт келісімге келу жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды дауды шешудегі ерекше қызметтері үшін медиаторларға алғысын жеткізді.

— Елдің тыныштығы мен ағайынның татулығын ойлаған ел ағалары медиация институтын дамытуға, дауларды бітімгершілікпен шешуге үлес қосады деген сенімдеміз. «Ауыл ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген, ағайынға бұл — өте түсінікті және ділімізге жақын дүние. Мақсаты — дауды шешудің екі жақты да қанағаттандыратын нұсқасына жеткізу, дауласушылардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылатын медиатор қызметін жүзеге асыру өмірлік тәжірибесі мол, халық арасында мінсіз беделі бар, сөзі өтімді азаматтың абыройлы міндеті деп білеміз, — деген аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды медиация саласында табысты еңбек етіп жүрген Рысбек Шаримбеков, Әйгерім Құдасова, Маржан Қайпбердиева, Жандос Тойшыбеков, Гүлжамал Жарқынбекова мен Мұхит Ашировке алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, «Медиация туралы» заң 2011 жылы қабылданған болатын. Ол ресми жарияланғаннан алты ай өткен соң, яғни 2011 жылдың 5 тамызында заңды күшіне енді. Міне, содан бері заңды іске асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сай шаруаларды атқарып жатыр.

Жыл сайын ауылдық округтер мен кенттер әкімі аппараттары кәсіби емес медиаторлар тізімін жүргізуде. Бүгінгі таңда Созақ ауданында әр ауылдық округ бойынша бекітілген 38 қоғамдық медиатор болса, оның алтауы кәсіби медиаторлар саналады.

Иә, медиаторлар – соттан тыс дау-жанжалдарды шешуге көмектесетін мамандардың кәсіби мерекесі елімізде 5 тамызда аталып өтеді. Медиация маңызды бағыттардың бірі болып, сот процестеріне баламасы ретінде дамып келеді. 2011 жылы қабылданған Медиация туралы заң құқықтық негізде еліміз үшін маңызды қадамы болып есептелді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 2000-нан астамы кәсіби маманы бар 16 медиаторлар ұйымы жұмыс істейді, Сонымен қатар, өңірлерде шамамен 1771 қоғамдық медиатор бар. Кәсіби этномедиаторларды дайындау және медиативті тәжірибелерді жетілдіру мақсатында 2022 жылдың сәуірінен бастап елімізде Этномедиация орталығы жұмыс істейді.

Этномедиация орталығы кәсіби келіссөзшілерді оқытуға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Осы бағдарлама аясында елдің бес өңірінде этномедиацияның негіздері бойынша семинарлар өткізілді, оған 215 адам қатысты. Олардың арасында ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, педагог-психологтар және мектеп директорларының орынбасарлары бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық дауларды шешудің құралдары ретінде еліміздегі медиация институтын дамытып, қалыптастыруда. Ассамблея кәсіби медиаторлармен ынтымақтасып, қоғамдық медиаторлардың дамуына маңызды рөл атқаруда.

Осы жылдың соңына дейін медиация бағытын жетілдіру мақсатында соттан тыс медиация институтын одан әрі дамыту концепциясын бекіту жоспарлануда. Медиция әртүрлі салаларда, соның ішінде коммерциялық, отбасы, еңбек және әкімшілік дауларда қолданылады, бұл оның универсалдығы мен қазіргі қоғамдағы маңыздылығын көрсетеді.

Орайы келгенде еске салайық, Түркістан облысында жыл басынан бері 6 ай ішінде 1074 қылмыстық іс қаралған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,9%-ға кеміген. Бұл жайында Түркістан облыстық сотының қылмыстық істері жөніндегі сот алқа төрағасының міндетін атқарушы Талғат Оңғарбаев таяуда брифингте мәлімдеген-ді. Сонымен қатар, Түркістан облысы соттары 2024 жылдың 6 айында жалпы 20 549 істі қараған, бұл былтырғыға қарағанда 41,2%-ға көбейгенін көрсетеді. Бұл жайында облыстық соттың әкімшілік істері жөніндегі сот алқасы судьясы Бүркіт Байдуллаев айтты.

Сондай-ақ, өңірде азаматтық істер бойынша 13 605 арыз түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 14,8%-ға артқан. Оның ішінде 12 203 азаматтық істің өндірісі аяқталғанын баяндады Түркістан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболов. Сонымен қатар, спикер татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша да біршама алға жылжу бар екенін айтты. Дәлірек айтсақ, ағымдағы жылы 2298 іс осы рәсім арқылы аяқталған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 49%-ға артқан.

Дауларды реттеу саласында адвокат, судья және прокурордан басқа медиатор термині бар. ҚР заңнамасындағы жеткілікті жаңа термин. Аталмыш мақалада біз медиатор деген кім, кім медиатор бола алады, медиаторға деген талаптар қандай, медиатордың құқықтары мен міндеттері туралы айтатын боламыз.  

Медиатор дегеніміз кім? 

Медиатор судьяны алмастырмайды. Ол жеке және заңды тұлғалар үшін дауларды шешудің балама неғұрлым аз шығынды тәсілін ұсынады. Медиатор — бұл сот жүйесіне жатпайтын және сот көмекшісі болып табылмайтын кәсіби делдал. Медиаторға жанжалдарды реттеуге азаматтардың өздері жүгінеді. Ол өз кезегінде олардың дауларын талқылау барысында тараптарды өз кезегінде шешім табуға көмектеседі.

Медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптармен қатыстырылатын тәуелсіз жеке тұлға. Медиатор қызметтері тараптардың келісім бойынша медиатордың жұмыс төлемі ақылы негізде жүргізіледі.

Медиатор миссиясы қандай?

Келіссөздер процесін ұйымдастырады (тараптардың мақсаттарын, құқықтарын және міндеттерін түсіндіреді);

Әр тарапты тыңдайды (кездесулер: жеке/бірлескен);

жағдайды иландырмен емес, сұрақтар жолымен зерттейді;

басқа тараптың ақпаратын бермейді және кеңес бермейді;

медиация процесін бақылайды (фрейм, рефреймингті қолданады);·    

жанжалды шешудің балама нұсқасын табуға тараптарға көмектеседі;

шешімдердің ұсынылатын нұсқаларынм шындыққа талдайды (тексереді)

Медиатордың құқықтары мен міндеттері

Кодекске сәйкес медиатор құқылы:

Медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;

Медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;

Қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;

Тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы;

Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға;

Медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың жеке-жеке әрқайсысымен де кездесулер өткізуге және оларға дауды (дау-шарды) шешу жөнінде ауызша әрі жазбаша ұсынымдар беруге;

Құпиялылық қағидатын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге.

Медиатор міндетті:

Медиация жүргізуде тек медиация тарапынан келісіммен ғана әрекет ету.

Медиация басталғанға дейін оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін тараптарға түсіндіру.

Медиация рәсімін жүргізумен байланысты оған белгілі болған мәліметтерді жария етпеу.

ҚР кім медиатор бола алады?

Медиатор болып медиатор функциясын орындауға келісім берген және медиаторлардың тізіліміне қосылған медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған істің нәтижесіне мүдделі емес, бейтарап жеке адам бола алады.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медиаторлар кәсіби қызметте (кәсіптік медиатор) және кәсіпқой емес негізде қызметке қатыса алады.Медиатор қызметі кәсіпкерлік қызметі болып табылмайды. Медиаторлар сондай-ақ ҚР заңнамасымен тыйым салынған кез келген қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұнда кәсіби медиаторлар өз Орталықтарының тізілімдерінде, кәсіби емес медиаторлар жергілікті атқарушы органдарының тізімінде тұруы ттиіс. 

Кәсіби және кәсіби емес медиаторлар кімдер бола алады? 

«Осындай бөлудің не қажеті бар?» деген сұрақтың туындауы заңды, мысалы, адам медиацияны оқыды, бірақ бұл қызметпен тұрақты айналыспайды делік, медиация саласында мансап қууға ниеті де жоқ, медиаторлар ұйымына кірмесе, яғни ол кәсіби емес негіздегі медиативтік қызметпен айналысады. Ал егер осы қызмет түрімен тұрақты айналысса және қызмет жолында жетістіктер жасаса, онда ол кәсіби медиатор болып саналады. Олардың «Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 шілдедегі №770 қаулысымен бекітілген және өз Орталығының тізілімінде тұрған оқыту бағдарламасынан өткені туралы сертификаттары болуы тиіс.

Кәсіби емес медиаторларға қойылатын талаптар:

қырық жасқа толғандар;

кәсіби емес медиаторлар тізілімінде тұратындар;

Кәсіби емес медиаторларға шектеу;

олар соттан медиацияға берілетін дауларды шеше алмайды;

олар медиаторлар ретінде жарнамалай алмайды;

медиация саласындағы өзіндік реттелетін ұйымдарға кіре алмайды.

Кәсіби медиаторларға қойылатын талаптар:

25 жасқа толуы;

жоғары білім;

ҚР Үкіметі тарапынан анықталған тәртіпте бекітілетін медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқытуды растайтын құжаты бар (сертификат) медиация саласындағы дайындық;

кәсіби медиаторлар тізілімінде тұратындар.    

Кім медиатор бола алмайды?

Медиатор болмайтын адамдар:

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілер және оларға теңестірілгендер.

Заңмен белгіленген тәртіпте сотпен әрекетке жарамсыз немесе шектеулі мүмкіндікті деп танылғандар.

Оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатындар.

Заңмен белгіленген тәртіпте соттылығы алынбаған немесе өтелмегендер.

Медиация – бұл азаматтық қоғамның тәуелсіз институты. Атап айтқанда мемлекеттік қызметкерлер медиативтік қызметпен өз жұмысын алып жүре алмайды. Олар билік өкілдері, мемлекеттің мүддесін қорғаушылар болып табылғандықтан, осындай мәртебеге байланысты белгілі бір шектеулерге ие және азаматтық құқықтық қарым-қатынастармен байланысты дауларда тәуелсіз медиаторлар ролінде шыға алмайды. Сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы мүмкіндігі қызметкерлер — медиаторлардың тәуелсіздігі және туралығы мәселелерін күмәнға қояды.   

Медиатордың салық міндеттемелері қандай?

Қазақстан Республикасының Салық кодексі (СК) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор.

СК 79-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылған, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

СК 485-бабына сәйкес дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

Медиаторларды қайда даярлайды?

Кәсіпқой медиаторларды даярлау Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасының талаптарына сәйкес әзірленген Медиаторлар ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды өткізуге құқылы.

Медиаторларды даярлау бағдарламасы «Жалпы медиация курсы», «Мамандандырылған медиация курсы» және «Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» (жаттықтырушыларға арналған тренинг) оқу бағдарламаларынан тұрады.

«Жалпы медиация курсы» Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келетін кәсіпқой медиатор болғысы келетіндердің барлығын даярлауға арналған және көлемі 48 сағаттан кем болмауға тиіс. Оқу басталғанға дейін тұлға Медиаторлар ұйымына мынадай құжаттарды:

Жоғары білім туралы дипломның көшірмесін (дипломның түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда салыстырып тексеру үшін нотариалды куәландырылған көшірмесін);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;

Медиаторлар ұйымына ұсынылғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын;

Медиаторлар ұйымына ұсынылғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бойынша мәліметтер қамтылған соттылығы жоқ екені туралы анықтаманы ұсынуға тиіс.

«Жалпы медиация курсы» оқу бағдарламасы бойынша сертификат алған адамдар медиациядан сабақ беру құқығынсыз медиатор ретінде кәсіби негізде практикалық қызметті жүргізуге құқылы.

«Мамандандырылған медиация курсы», «Жалпы медиация курсын» өткен адамдарға арналған. «Мамандандырылған медиация курсы» нақты мамандану бойынша кәсіпқой медиаторды дайындауға арналған және көлемі 50 сағаттан кем болмауға тиіс. «Мамандандырылған медиация курсы» оқу бағдарламасы бойынша сертификат алған адам сабақ беру құқығынсыз медиатор ретінде, оның ішінде нақты мамандануы бойынша кәсіби негізде практикалық қызметті жүргізеді.

«Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы» медиация бойынша оқу өткізгісі келетін кәсіпқой медиаторды даярлауға арналған және көлемі 32 сағаттан кем болмауға тиіс. Бұл ретте кәсіпқой медиатордың «Жалпы медиация курсы» және «Мамандандырылған медиация курсы» оқу бағдарламалары бойынша сертификаттары болуға тиіс.

Қазіргі қоғамда, әсіресе, еліміздің құқықтық жүйе­сінің үздік­сіз дамуы жағдайында медиацияның маңыз­­­ды­лығы артып келеді. Даулы мәселелер мен ұрыс-керісті ше­шу­­дің бұл әдісі сот және мемлекеттік органдарға түсе­тін сал­мақты азайту үшін ғана емес, қоғамдық келісім мен құқықтық мәдениетті нығайту үшін де маңызды.

Медиация – дауласушы­ тараптарға құпиялылық пен сыйластық жағдайында өзара қолайлы шешім табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәстүрлі сот ісімен салыс­тырғанда тұрақты әрі ұзақ­мерзімді нәтижелерге әке­леді. Медиацияның негізгі артықшылықтары: эко­но­микалық тиімділік, құ­пия­лылық, тараптардың ерікті қатысуы және өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу мүм­кіндігі. 2011 жылғы «Медиа­ция туралы» заң жоғары мем­лекеттік деңгейдегі бастамаларды қолдай отырып, жанжалдарды соттан тыс шешу­дің негізін қалады.

Әлемдік тәжірибеде медиация кеңінен қолданылады және заңнамалық деңгейде сақталады. Ол – Франция мен Ита­лияда ұлттық заңнамаға бірік­тірілсе, Германия мен Аус­трияда арнайы заңдармен рет­те­леді. АҚШ, Ұлыбритания, Кана­да және Аустралия сияқты англо-саксон елдерінде медиа­ция белсенді пайдаланылады және сотқа дейінгі кезеңде жиі қол­данылады. Халықаралық ста­тистикаға сәйкес, барлық дау­­­­­­лардың 30-40%-ы медиа­ция рә­­сі­­мінен өтеді және олар­дың 85% оң нәтижеге қол жет­кі­зі­ле­ді.

Францияда татуласу үдерісі атқарушы билікпен хаттамамен рәсімделеді. Италияда медиация істердің жекелеген санаттары бойынша сотқа дейін міндетті болады. Германияда медиация 2012 жылдан бері заңмен белсенді түрде қол­дау тауып келеді. АҚШ пен Ұлыбританияда медиация сотқа дейін жиі қолданылып, сот істерінің санын азайтады. Мысалы, отбасылық медиация мүлікті бөлуге және балаға қамқорлық жасауға байланыс­ты жанжалдарды шешу үшін белсенді қолданылады.

Медиацияны дамытуда халық­­аралық ынтымақтастық басты рөл атқарады. Тәжірибе алмасу, халықаралық бағдар­ламалар мен жобаларға қатысу елімізге озық тәжірибелерді қабылдауға және оларды өз шарттарына бейімдеуге көмек­теседі.

Еліміздегі медиация­ – ерік­тілік, құпиялық, ме­диа­­­­­торлардың тәуелсіз­ді­гі­ мен бейтараптылығы қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар БҰҰ-ның Халықаралық ком­мер­циялық келісім туралы үлгі заңының ережелеріне сәйкес келеді. «Медиация туралы» заң: азаматтық, еңбек, корпоративтік және коммерциялық дауларға, сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстық істерге қолданылуын кеңейтеді.

Алайда жетістіктерге қара­мастан, медиацияда халық­тың хабардарлығының тө­мендігі, білікті медиа­тор­лардың жетіс­пеушілігі және медиация құрылымдары үйлестіруінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер туындап отыр. Медиацияны одан әрі дамыту үшін халықтың хабардарлығын арттырып, медиаторларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ медиация институттарының жұмысын үйлестіретін орталық­тан­ды­рылған құрылымдар құрып, заңнаманы жетілдіру өзектілігі артып келеді.

Сала мамандарының пікірлеріне сүйенсек, кедергілерді еңсеріп, медиацияны тиімді дамыту үшін мыналар қажет:

Танымдық деңгейін арттыру. Халық пен бизнес арасында медиацияны насихаттау бойынша ақпараттық науқандарды өткізу күмәнді сейілтуге, осы әдіске деген сенімді арттыруға көмектеседі.

Білім беру бағдар­лама­ларын әзірлеу. Азаматтық қоғам өкілдерін, мемлекеттік қыз­­меткерлерді және құ­қық қорғау ­органдарын қоса алғанда, білікті медиатор­ларды дайындау үшін мамандандырылған курстар мен оқытуды енгізу маңызды қадам болады.

Орталықтандырылған құ­рылым құру. Барлық медиация институттарының жұмысын үйлестіретін республикалық медиация орталығын құру медиация стандарттары мен рәсімдерін біріздендіруді қамтамасыз етеді.

Заңнамаларды жетілдіру. Медиаторлардың қызметін және медиация рәсімдерін реттеу үшін қосымша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қабылдау, оның ішінде медиа­торлардың бірыңғай тізілімін құрып, әдеп кодексін әзірлеу және медиация қыз­метінің сапа стандарттарын белгілеу.

Халықаралық ынты­мақ­тастық. Халықаралық ұйым­дар­мен серіктестікті дамытып, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу елімізге озық әлемдік тәжі­ри­бені қабылдауға және оларды өз шарттарына бейімдеуге көмектеседі.

Бұл тәсілдер елімізде дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуге, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал ететін тиімді медиация жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осылайша, медиация­ны еліміздің құқықтық жүйесіне интеграциялау және оны бел­сенді дамыту жанжалдарды шешу үдерісін айтар­лықтай жақсартуға, құқықтық жүйеге деген сенімді арттыруға және қоғамдық келісімді нығай­туға ықпал етеді.

Мемлекеттік қолдау мен барлық мүдделі тараптың белсенді қатысуы медиация­ны табысты жүзеге асыруды және неғұрлым үйлесімді, әділ қоғамды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin