Түркістан облысы: Созақ ауданындық мәслихатының кезектен тыс 18-ші сессиясы өтті

Бүгін Созақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVIІI сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндады.

Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органы құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Марал Ерназарова хабарлап өтті.

Созақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу, Созақ ауданы әкімдігі жанынан терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту жөнінде аудан әкімі аппараты заң және ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы Ақнұр Исаева хабарлады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша депутаттар өз сауалдарын жолдап, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия отырысынан соң аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындар қажеттілігіне орай туындаған мәселелер мен ауданда жүріп жатқан жол, ауыз су, көше жарықтандыру, құрылыс нысандары, қысқы маусымға дайындық шаралары мен санитарлық тазалыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. Тазалық демекші, Қаратау оуылдық округіне қарасты Ақсүмбе елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Елді мекен ішіндегі көшелер мен тұрғын үй, мекеме аулаларын ретке келтірді. Тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Жол бойындағы негізсіз өскен шөптер мен қураған ағаштарды отап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 30-қа жуық жергілікті тұрғындар қатысты. Тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылып, 1,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.

Жұмыс барысы жан-жақты талқыланып, алдағы міндеттер нақтыланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin