Түркістан облысы: Созақ ауданының Бабата елді мекенінде «Беккери» шұңқыры пайдалануға беріледі

Ағымдағы жылы Жартытөбе ауылының 2 көшесі мен Аққолтық елді мекенінің 5 көшесіне асфальт төселіп, осылайша ауыл округке қарасты елді мекендердің ішкі көшелері 100 пайыз қамтылатын болады.

Сондай-ақ осы жылы Бабата елді мекенінде Б.Есжанов көшесі мен Жартытөбе ауылының Иманқұлұлы көшесіне аяқ жолмен қоса көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігі үшін іске қосылды. Алдағы айда тұрғындар сұранысына орай Бабата елді мекенінде «Беккери» шұңқырының құрылысы басталып, пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек Жартытөбе елді мекенінің кіші футбол алаңының газоны ауыстырылып, қоршауы 1,5 метр биіктікке көтеріледі. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауыл округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.

Жиында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытқа бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдап, көкейдегі сұрақтарын жеткізді. Көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, сала мамандары тарапынан жауап беріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Есептік кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жауапты мамандармен айтылған мәселенің шешу жолдарын жан жақты саралап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылар жоспарларымен бөлісіп, ауылдық округте атқарылатын жұмыстарды баяндады.

— Біз сіздермен тоқсан сайын кездесудеміз. Ондағы мақсатымыз — өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы Қызылкөл елді мекеніндегі Л.Бөкенов, Қ.Төлеуұлы, Құмкен ауылындағы Амангелді және К.Берденұлы көшелерімен қоса демеушілер есебінен Абай және Шоқан Уәлиханов көшелеріне де жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек Құмкент ауылындағы орталық алаң күрделі жөндеуден өтеді. Біз мұнымен тоқтатпаймыз. Алдағы жылға да нақты жоспарларымыз бар. Қазіргі таңда жалпы ауданда жасалып жатқан жұмыстардың барлығы тек халқтың игілігі үшін, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Жиында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер жолданды. Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсатымыз алдағы жоспарларды ашық айтып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс жасалатынын айтты. Көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар барысында Жамбыл облысының шекарасынан Құмкент-Шолаққорған бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарымен танысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.