Түркістан облысы: Созақ ауданының басшысы Шолаққорған ауылында жүріп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылауға алды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында жүріп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылауға алды.

Сапар барысын аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан Ыбырай Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептен бастады. Қазіргі уақытта ондағы құрылыс жұмыстарының қарқыны артуда. Аудан басшысы құрылыс нысанының ішкі жұмыстарын назарға алып, жай-жапсарына жан-жақты тоқталды.

Айта өтейік, аудан бойынша 35 мектеп, 37 балабақша (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік)  жұмыс атқаруда.

2023-2024 жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа 1 546 бала қабылданып, жалпы оқушы саны – 15 480, бітіруші саны 966 баланы құрап отыр.

Аудандағы 37 балабақшада (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік) 4 106-ға жуық бала тәрбиеленуде (мемлекеттік балабақшаларда — 2491 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1615 бала).

 «Білімді ұлт» ұлттық жобасында 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. Қазіргі таңда қамту көрсеткіші – 99,6%, 3-6 жас 100%-ды құрады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Шолаққорған ауылынан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстары басталды.

Ыбырай ауылынан 200 орындық Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда жалпы 6 951 бала ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде 1-4-ші сынып оқушылары — 5 920 бала.

Балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық мектептердің бейнебақылау жүйелері ауыстырылды. Аталған бейнебақылау жүйелері полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды.

«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 3 заманауи автобус алынып, аудан бойынша 3 елді мекенде 103 бала мектепке тасымалдануда.

Осы тұста 2024 жылдың 3 айындағы көрсеткіштерге көңіл бұрсақ. Аудандағы 38 балабақшада (17 — мемлекеттік, 21 — жекеменшік) 4141 бала тәрбиеленуде (мемлекеттік балабақшаларда — 2 492 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1 649 бала).

Тұтастай алғанда, Түркістан өңірі бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда)  толық өтетін болады.

Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.    

Осы ретте жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

Одан соң, заманауи үлгіде салынып жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінде болды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, жұмыс күшін арттыруды тапсырды.

Жалпы, Теріскейдің спорт саласында ауыз толтырып айтатын жетістіктер жоқ емес. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 198 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. 2023 жылы 5 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңы, Созақ ауылынан 1000 орындық жаңа стадион, демеушілер есебінен Шолаққорған ауылының С.Әбуов және А.Спатаев көшелерінен балалар ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңы және Шу ауылынан баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, Қаратау ауылдық округіндегі Саржаз елді мекенінен кіші футбол алаңшасы пайдалануға беріліп, Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жыл соңына дейін құрылысы аяқталады деп күтілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin