Түркістан облысы: Созақ ауданының басшысы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс қарқынын бақылауына алды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Алдымен «Теріскей» саябағы мен Наурыз мөлтекауданынан салынып жатқан кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшаларының құрылыс сапасымен танысып, жұмыс қарқынын бақылауына алды.

Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, ашық әңгімелесті. Келер жылы аудан орталығы 100 пайыз көше жарықшамдарымен қамтылу керектігін айтып, бұл жөнінде округ әкіміне тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде болды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, алда атқарылар жұмыстарды саралады. Жаңа мектептің қоршаулары, қосымша салынатын көлік тұрағы, аялдама сынды мәселелер сөз болды.

Қазіргі уақытта нысанның едендеріне бетон жаймасын төсеу жұмыстары толық аяқталған. Екінші және үшінші қабаттарына керамикалық плиткалар төселуде. Сыртқы фасадын травертинмен қаптау жұмыстары да аяқталуға жақын. Ішкі қабырғаларын сылап, әрлеу жұмыстары да қатар жүргізіліп, жұмыс қарқыны өндірістік кестеге сай өрбу үстінде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin