
2025 жылдың 15-19 мамыр аралығында Қырғызстан республикасының астанасы Бішкек қаласында гір спортынан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бақ сынаған Созақ ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты.
Нақтырақ айтсақ, халықаралық деңгейде өткен жарыста созақтық спортшылар 1 алтын, 7 күміс және 5 қола, жалпы 13 медаль жеңіп алды. Мәселен, ұзын айналым бағдарламасы бойынша Бақыт Мақсатұлы — жастар арасында, 63 келі салмақта 1-орынды, Нұрдәулет Қанат – кіші жасөспірімдер арасында, 63 келі салмақта 3-орынды, Әбілхан Асылбек – кіші жасөспірімдер арасында, +68 келі салмақта 2-орынды, Сырым Құдайберген жасөспірімдер арасында 2-орынды иеленді.
Серпе көтеру бағдарламасы бойынша Қабылбек Ержан – жастар арасында, 73 келі салмақта 2-орынды, Тілеген Өскен – жасөспірімдер арасында, 68 келі салмақта 2-орынды, Мейрамбай Нышанай – кіші жасөспірімдер арасында, 58 келі салмақта 3-орынды, Қанат Нұрдәулет – кіші жасөспірімдер арасында, 63 келі салмақта 3-орынды, Ерсайын Қоңыратбай – кіші жасөспірімдер арасында, 63 келі салмақта – 2-орын, Сырым Құдайберген жасөспірімдер арасында 2-орынды қанжығасына байлады.
Жұлқа көтеру бағдарламасы бойынша Қасымхан Нұртас – кіші жасөспірімдер арасында, 63 келі салмақта 3-орын, Ермекұлы Сұлтанбек – кіші жасөспірімдер арасында, 63 келі салмақта 2-орын, Тамабай Мағжан жасөспірімдер арасында, 58 келі салмақта 3-орын тұғырына көтерілді.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.