Түркістан облысы: Созақ ауданының түлектері 20 жылдық құрметіне екі отбасыға баспана сыйлап, ауылға қақпа салып берді

Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Созақ ауылындағы Әлішер Науаи атындағы білім ордасынан 2004 жылы қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқанына 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Әр тарапта жүрген түлектер көпбалалы отбасына тұрғын үй сыйлады. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізіп, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады.

– Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен елдің құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін, – деген аудан басшысы игі іске ұйытқы болған түлектерді алғыс хатпен марапаттады.

Облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты іс атқарған мектеп түлектеріне алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады. Түлектерге аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Тағылымды шараның куәсі болған ауыл ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтты.

Созақ ауылынан берілген жаңа баспана 5 бөлмелі. Ішкі бөлмелері қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі – 15 сотық. Арнайы шарбақпен қоршалған. Үйдің аумағына қосалқы шаруашылықты дамыту мен бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар бүгін Созақ ауданында 20 жылдық түлектер игі іске ұйытқы болды. Аудан орталығында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінен 2004 жылы түлеп ұшып, қазіргі кезде түрлі салада қызмет етіп жүрген түлектер бір отбасыға тұрғын үй сыйлап, қуанышқа бөледі.

Келешек ұрпаққа берер тағылымы мол шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков баспана иесін қоныс тойымен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ 20 жылдық түлектерге алғысын жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты істі аса ұйымшылдықпен атқарған жандарға ізгі тілегін арнады. Тағылымды шараның куәсі болған ардагер ұстаздар ізгі тілектерін шәкірттерінің жасаған ізгі амалдары мен жеткен жетістіктеріне деген мақтанышпен жеткізді.

Аудан орталығынан берілген баспана 5 бөлмеден тұрады. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізіліп, асхана және қора-жаймен қамтылған. Жер учаскесі 10 соттықты құрайды. Үйдің аумағы қоршалған. Қосымша бау-бақша өсіруге де қолайлы.

Созақ ауылындағы Созақ мектеп-гимназиясын бітіргеніне 20 жыл болған түлектер де игі істі қолға алып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты. Созақ-Шолаққорған бағытындағы жол бойына ауылға көрік берер әсем қақпа тұрғызды.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылына арнайы барып, ауылға кіреберіс аумаққа көрік беріп, сәнді де сапалы етіп тұрғызылған сәулетті қақпаның лентасын қиып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Туған жерді түлеткен 20 жылдық түлектерге аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, жаңадан тұрғызылған сәулетті қақпаның биіктігі 6,5, ені 13 метрді құрайды. Ауылдың аты жазылған жазу мен қақпа аумағына түнгі жарықшамдар орнатылған. Өткен жылғы түлектер тұрғызған Рәміздер алеясына қарама-қарсы салынған қақпаның сәні мен сәулеті келісіп, ауылдың ажарын аша түскен.

Бүгін аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков​ және Созақ ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шәміл Хамитұлы Сатыбалды аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілердің салтанатты жиынына қатысты. Білімділер мен дарындыларды тәрбиелеп шығарған білім ордасының ұстаздарына алғыс білдіріп, жас түлектерге сәттілік тіледі.

«Міне, бүгін тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап отырмыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінде 1-сыныпқа 1535 оқушы қабылданып, 15459 оқушы білім алды. Бүгінгі таңда 974 оқушы мектеп бітіргелі отыр. «Алтын Белгіге» 62 оқушы, «Үздік аттестатқа» 82 оқушы үміткер ретінде ұсынылып отыр. Түлектердің 931-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді. Алдағы Ұлттық Бірыңғай тестілеуде ұстаздарыңыздың талай жылғы төккен тері мен еткен еңбегін ақтап, аудан абыройын асқақтатуға бар күш-жігерлеріңізді салады деп сенемін. Үлкен өмірге жасайтын қадамдарыңыздың алғашқы сынағынан сүрінбей өтіп, ойлаған жоспарларыңыздың жүзеге асуына тілектеспін»,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ Созақ ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шәміл Хамитұлы Сатыбалды да барша бітіруші түлектерге сәтті қадам, жарқын болашақ тіледі. «Құрметті ұстаздар, қадірменді ата-аналар және қымбатты оқушылар!

Сіздерді бүгінгі 25 мамыр – Соңғы қоңырау салтанатты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Міне, бүгін тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап отырмыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінде 15459 оқушы білім алды. Осы оқу жылының басында 1-сыныпқа 1535 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттаса, 974 оқушы мектеп бітіргелі отыр. «Алтын Белгіге» 62 оқушы, «Үздік аттестатқа» 82 оқушы үміткер ретінде ұсынылып отыр.

Ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.

Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – өмірлеріңіздің ең маңызды қадамы!

Ұясынан түлеп ұшқан әрқайсыңыздың алға қойған биік мақсаттарыңыз орындалып, үкілі үміттеріңіз ақтала берсін!

Сіздер Қазақстанның жарқын болашағысыздар! Қалаған мамандықтарыңыздың кәсіби тұлғасына айналып, «сен де бір кірпіш дүниеден, кетігін тауып қалану үшін» өз орындарыңызды тапсаңыздар, ата-ана үшін де, ұстаздарыңыз үшін де зор қуаныш!

Құрметті ата-ана!

Әрине, әр ана мен әке үшін өз баласының жаңа өмірге қадам басқаны ең бақытты сәттің бірі. Балаларымыздың абыройлы, парасатты, салмақты, беделді және адал да әділ, еңбекқор азамат ретінде тұлға болып қалыптасуына бірлесе атсалысайық!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Саналы ұрпағымызбен мың жасайық!» — деді ол.

Сөз соңында 2023-2024 оқу жылының қорытындысын түйіндей кетейік. Міне, бүгін тағы бір оқу жылы сәтті аяқталды. Тарих қойнауына кеткелі тұрған биылғы оқу жылы Созақ ауданының білім саласы үшін есте қаларлық жетістіктер мен айтулы оқиғаларға толы болды. Осы орайда 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасайық.

2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінде 15459 оқушы білім алды. Осы оқу жылының басында 1-сыныпқа 1535 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттаса, 974 оқушы мектеп бітіргелі отыр. «Алтын Белгіге» 62 оқушы, «Үздік аттестатқа» 82 оқушы үміткер ретінде ұсынылып отыр. Түлектердің 931-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді.

Созақ ауданында 2023-2024 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 200 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат-лицейдің, «Созақ» мектеп-гимназияның, «Суындық», Батырбекова, Ә.Молдағұлова және С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептердің жылу қазандықтары ауыстырылды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жаңғырту мақсатында аудандағы мемлекеттік балабақшалар толық жабдықталды. Қажетті тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілді. Бірқатар балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Барлық білім беру ұйымдарында электрондық құжат айналымын қамтамасыз ететін жүйе іске асырылды.

Аудан педагогтері Алматы және Шымкент қалаларындағы «Өрлеу» республикалық біліктілікті арттыру ұлттық орталығында, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталықтарында біліктілігін арттыру курсынан кезең-кезеңімен өткізілді.

Барлық мектеп оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен толық 100% қамтамасыз етілді.

Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбековтің қолдауымен ескі мұражай ғимаратына демеушілер арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. «Оқушылар үйін» ашу туралы облыс әкімдігінің қаулысы шығарылды.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептерге 100% бейнекамералар орнатылды.

Аудандағы барлық мектепке 100% дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды.

700 оқушысы бар 8 мектепке турникет орнатылды.

20 мектепке Starlink (жылдамдығы 150-200 мб) спутниктік құрылғысы орнатылды.

Аудан мектептеріне құны 195 млн 806 мың теңгеге 15 дана заманауи үлгідегі (биология, физика, химия, STEM) кабинеттері сатып алынды.

Аудандағы қоршауы талапқа сай емес 3 білім беру ұйымының (М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептер) қоршауы ауыстырылды.

Жалпы аудан мектептерінде аз қамтамасыз етілген отбасы балаларымен қатар, 1-4 бастауыш сыныптың барлық оқушысына бір реттік ыстық тамақ берілді.

Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, барлық мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңғыртылды.

Аудан шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтата білді.

Алдағы 2024-2025 оқу жылы жаңа бақыт, жаңа табыстар әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алдағы атқарылар жұмыстарға сәттілік тілейміз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin