Сызған ауылдық округіне қарасты Басбұлақ елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, шараға белсене атсалысуда.
Тазалық жұмыстары кезінде Саңғыл би кесенесінің аумағын абаттандырып, ауыл маңын, тұрғын үй аулалары мен күре жолдың бойын ретке келтірді. Негізсіз өскен арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арансын ашып, тұрмыстық қалдықтарды тазартты.
Тазалық жұмыстарына 80-ге тарта тұрғын мен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері атсалысты. Тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылып, елді мекеннің 3,3 шақырымды құрайтын ішкі көшелері тазаланды. 2,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы облыс көлемінде уақытылы өткізілуде. Қазіргі таңда жалпы аудан, қалаларда 291 ауқымды іс-шара өткізілді. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Бұл туралы осы аптада облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жалпы барлық аудан, қалаларға кіреберіс аумақтары мен жолдардың бойы тазаланып, ретке келтірілген. Өткен аптаның ішінде, 10 ауданның 33 елді мекенінде ауқымды сенбілік өткізілген. Нәтижесінде 3 236 тұрғын қатысып, 554 қоғамдық жұмысшы тартылған. Сонымен қатар 59 техника жұмылдырылып, 66,8 тонна қоқыс шығарылды.
Түркістан өңірінде «Taza Qazaqstan» қосымшасы пилоттық режимде сәтті іске асырылуда. Бүгінде 320 өтінім түсіп, оның 297-сі орындалған. Қалғаны орындалу барысында, ал оннан аса өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылған. Бұған қоса қосымшаны кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуіне байланысты, платформада өтінімдердің саны көбеюде. Бір аптаның ішінде 33,3% өсіп отыр.
Өңір басшысы аталған ақпараттық жүйемен жұмыстарды жүргізу Президент Әкімшілігінің тікелей бақылауында екенін атап өтті. Аудан, қала әкімдіктері бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет деді. Апта сайынғы кеңестерде, өңірлердегі қосымшамен жұмыс деңгейі бойынша баяндауды тапсырды.
Айта кетейік, жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасының өтуі тұрақты қадағалануда. Облыс көлеміндегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші кезекте қасбеттерін сырлау, әрлеу, біркелкі түске бояу және түрлі-түсті гамма жарықшамдарын қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
Осы сенбіде Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде «Таза Қазақстан» Республикалық шарасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, яғни ондағы 144 көшеге жауапты етіп бекітілген әр мекеме тазалық пен көгалдандыруға қатысты шараға тұрақты атсалысуда. Саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. «Шымкент-Созақ» бағытына шығатын үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. 21 арнайы техника тартылып, 36 шақырым көше бойлары мен 19 шақырым аяқ жолдары ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигонға 81 тонна қоқыс тасымалданды.
Сенбілікке 2500-ге жуық мекеме қызметкерлерімен қоса ардагерлер ұйымы және қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен елді мекен тұрғындары да жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстарын үрдіске айналдыруда.
Атап өту керек, Созақ ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясындағы жұмыстардың қарқыны күн санап артып келеді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға мекеме қызметкерлері, ардагерлер ұйымы және қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстарын үрдіске айналдыруда.
Осы тұста, Қарақұр ауылдық округіне қарасты Раң ата елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, шараға көмек қолын созуға ниетті екендерін білдіруде.
Тазалық жұмыстары кезінде ауылдың айналасы мен ішкі көшелері ретке келтірілді. Күре жолдың бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. 2 арнайы техника жұмылдырылды. Тазалыққа 70-ке тарта тұрғын атсалысты. Ауылдың 3 шақырымнан астам ішкі көшелері тазартылып, 3 тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылды.
Жалпыреспубликалық тазалық шарасының кезекті апталығында 13 мыңнан астам түркістандық тазалық жұмыстарына атсалысып, 545 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Қураған ағаштар қырқылып, саябақтар мен жол бойы, тұрғын үйлер төңірегі тазартылды.
Түркістан облысындағы аудан, қалаларда наурыз айынан бері жалпы 300-ден астам ауқымды тазалық іс-шаралары өткізілген. Өткен аптаның ішінде өңірдегі барлық аудандардағы 32 елді мекенде ауқымды сенбіліктер өткізілген. Оған 4 мыңнан астам тұрғын мен қоғамдық жұмысшылар тартылды. Бір аптада 85 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Конституция күні» мерекесіне орай облыс көлемінде ұйымдастырылған ауқымды сенбілік жұмыстарына 10 000-нан астам тұрғын қатысты. 136 техника тартылып, 460 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ Сарыағаш аудандағы «Жібек жолы» кеден бекеті маңындағы тазалық шаралары жалғасады.
Жаңадан іске қосылған «Taza Qazaqstan» қосымшасы пилоттық режимде сәтті іске асырылуда. Осы уақыт ішінде келіп түскен 333 өтінімнің басым бөлігі орындалған.
Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шара аясында жеке үйлердің сыртын ретке келтіруге де мән берілген. Ел көлемінде өтіп жатқан жаппай тазалық шаралары игі үрдіске айналып, әрі қарай да жүйелі түрде жалғаса береді.
Тарихи-мәдени мұра нысандарында тазалық жұмыстары жүргізілуде
Биыл сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мәдениет қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары мен әктеу, сырлау жұмыстары кезең-кезеңімен тұрақты жүргізілуде. Басқармаға қарасты 23 мәдениет және өнер мекемесі мен аудан, қалалардағы 264 мәдениет ошағында 60 мыңға жуық қызметкер сенбілік жұмыстарына тартылып, өз аумақтары бойынша тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық іс-шарасын ел арасында кеңінен насихаттауға 187 өнер жұлдызы мен мәдениет қызметкерлері тартылып, әлеуметтік желілер арқылы бейне-үндеулер жолдады.
Жалпы облыста 1780 тарихи-мәдени мұра нысаны болса, оның 1500-ден астамы археологиялық зерттелген және зерттеуді қажет ететін обалар қорымы мен төбешіктер. 167 нысан халық көп шоғырланатын, туристердің келуіне ынғайластырылған, зиярат ететін, мемлекеттік тізімге алынған тарихи-мәдени мұра объктілері болып саналады. Бағдарлама аясында аталған мәдени мұра нысандарына тазалық жұмыстарын жүргізу үшін басқарма тарапынан 12 мобильді жұмыс тобы құрылды. 16 шілдеден бастап жұмыс тобы тазалық жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде 29 нысан толығымен 456 қап қоқыс шығарылды. Осы жұмыстарға басқармаға қарасты мәдениет және өнер мекемелері мен аудан, қалалардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметкерлерін қоса алғанда 400-ге жуық адам тартылды.
Шілде айында Кентау қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Ащысай демалыс аймағында Басқарма тарапынан мәдениет және өнер мекемелерінен 150 қызметкер тазалық жұмыстарын жүргізді. 26-31 тамыз күндері индикаторлы көрсеткішке сәйкес аудандар бойынша ауқымды шараға 1982 қызметкер тартылды.
Аудан, қалаларда мереке қарсаңында өз өңірінің әкімдерімен бірлесіп жоғарғы деңгейде іс-шаралар өтті. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың төрағалығыммен биылғы 23 тамызда өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша бекітілген №68 хаттамалық тапсырмасының 4 тармағына сәйкес бектілген мерзімінде Түркістан қалалық мәдениет үйі «Қала тазалығы – перзенттік парызым» тақырыбында 24 шілдеде концерттік бағдарлама ұйымдастырып, халыққа үгіт-насихат жасалынды.
Айта кетейік, сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Сонымен, елімізде тазалыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы өтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты. Акция аясында ауданда түрлі шаралар іске асырылуда.
Аудан орталығының аумағы 5 секторға бөлініп, ондағы 144 көшеге жауапты мекемелер бекітілді.
Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында жалпы саны 27 500 тал көшеттері отырғызылды. Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағы жолдың екі шетін қоса есептегенде 4,5 шақырымға артып, 10 500 дана қара тал егілді. Бұл аумақ қазіргі уақытта толықтай қоршалды.
Қазіргі таңға дейін 405 шақырым ішкі көше бойлары тазаланып, 285 шақырымдық облыстық маңызы бар жолдар және 77,4 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар тазаланды.
33 аялдама сырланып, қалпына келтірілді.
1050 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді.
27 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді.
58 дана жол белгілері сырланды.
Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 13 050 адам қатысып, 55 техника жұмылдырылды.
Осылайша барлық мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді.
Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.