Түркістан облысы: Созақ ауданының Құмкент ауылдық округінде «Жылыбұлақ» каналына бастапқы қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғалы отыр

Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің Құмкент ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Бұдан бөлек онда ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылар жоспарларымен бөлісіп, ауылдық округте атқарылатын жұмыстарды баяндады.

— Мен мұнда белгіленген кестеден тыс уақытта да жиі келіп тұрамын. Ондағы мақсатымыз — өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Сіздердің сұраныстарыңызға орай ағымдағы жылға облыстық бюджеттен «Жылыбұлақ» каналына бастапқы қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғалы отыр. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен Қызылкөл елді мекеніндегі Л.Бөкенов, Қ.Төлеуұлы, Құмкент ауылында демеушілер есебінен Амангелді және К.Берденұлы көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айының соңына дейін Абай және Ш.Уәлиханов көшелерін де қамту үшін тиісті шаралар атқарылған болатын. Бұдан бөлек Құмкент ауылындағы орталық алаң күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінде тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Біз мұнымен тоқтатпаймыз. Алдағы жылға Құмкент ауылдық округінде атқарар нақты жоспарларымыз бар. Қазіргі таңда жалпы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тек халқтың игілігі үшін, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

«Жылыбұлақ» каналы туралы сәл тарқатып айтып өтсек. Бұдан жарты ғасыр бұрын салынған «Жылыбұлақ» каналы әбден тозып, жарамсыз болып қалған. Бұл канал Созақ ауданының Құмкент ауылын 30 жыл бойы ағын сумен қамтамасыз етіп келген еді. Енді ауыл тұрғындары арық суын пайдаланады. Бірақ жазда су көбіне топыраққа сіңіп, рәсуа болады. «Сондықтан суды ысырап етпей арықтың түбін бетондап берсе», — деп жүргеніне біраз болды ауыл жұртының. «Жылыбұлақтың» суы Құмкент ауылынан 7 шақырым қашықтықтағы «Баба Түкіт Шашты Әзіз» кесенесінің жанынан, яғни, жер астынан шығып жатыр. Ғасырлар бойы ауыл халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп келеді. Кеңес заманында егістікке суды тез апару үшін лотоктан канал салынған. Алайда жылдар өте ол әбден тозып, жарамсыз болып қалған. Су ысырап болып, далаға ағып жатқандықтан, халық қайтадан бұлақ суын ескі арнасына бұрған. Алайда шаруалар жаздың күндері арықтың ішін қамыс басып, судың дені топыраққа сіңіп кететінін айтады. Соның салдарынан етектегі егістікке су жетпей қиналады. Бұрын жергілікті тұрғындар осы каналдың суымен бидай, арпа, жүгері, жоңышқа егеміз, майда көкөністерді де егіп, барлығын ауылдан өндіріп келген екен. Тіпті пияз, сәбіз, картопқа дейін. Бұл күндері халық дүкеннен сатып жеуге мәжбүр болып отыр. Құмкент ауылдық округінде жеті жүздей түтін, төрт мыңдай халық тұрады. Жеті жүз гектардай суармалы жер бар. Бірақ арық суы ауылға толық жетпейтіндіктен, шаруалар егіс алқабының жартысына жуығын ғана игеріп отыр. Айта кетейік, «Жылыбұлақ» каналы осы уақытқа дейін «ҚазСуШар» мекемесінің теңгерімінде болған. Егер жер арықтың табыны бетондалса, 700 гектар суармалы алқап пен жүз гектардан астам үй іргелік жерді ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.

Жиында тұрғындар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алғыстарын жеткізді. Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсаты мен алдағы жоспарларын ашық айтып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс істелетінін жеткізді.

Атап өтер жайт, Құмкент ауылдық округінің құрамына Құмкент, Қызылкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Құмкент ауылы. Округ құрамында болған Қызылқанат ауылы 2017 жылы таратылған.

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3333 адамды құрады.

2 орта мектеп, 1 емхана, 1 фельдшерлік-акушерлік тірек, 1 балабақша, 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 2 «Қазпошта» бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанциясы бар.

Құмкентте 1928 жылы “Құмкент”, “Қызылқанат”, “Қызылкөл”, “Тасарық”, “Құрсай” деген колхоз ұйымдастырылған. Колхоздардың шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, халықтың әл-ауқатының артуына колхоз бастықтары болған Балабек Асқанбеков, Жүсіпбек Есіркепов, Рахыш Сатиев, Байтемір Жайлаубаев, Бұзау Айқожаев, Рахыш Асқаров, Бердібай Нұрлыбаев, Омар Балтабаев, Жапан Қалдыбаев, Қуаныш Ақпанбетов, Кенбай Иманбердиев, т.б. өз үлестерін қосты.

1957 жылдың бірінші наурызында 5 колхоз бірігіп, кеңшар (совхоз) болған. Бұл халықтың 1 жерге топтасып орнығуына, әл-ауқатының артуына көп әсерін тигізді. Кеңшар 70000-ға дейін қой өсіріп, 3000 гектарға дейін арпа, 400 гектарға дейін жүгері дақылын өсіруге қол жеткізді. 1994 жылы кеңшар таратылып, соның негізінде қазіргі уақытта бір өндірістік кооператив, бір ЖШС, 31 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Құмкент ауылдық кеңесінің төрағалары болып Сопиев (1950-1954 жылдары), Салхауов (1954-1956 жылдары), Темірәлиев (1956-1958 жылдары), Сексенбай Ілегенов (1958-1960 жылдары), Кенжеғұл Бергенов (1960-1965 жылдары), Мелдебек Атенов (1965-1974 жылдары), Досбол Саметов (1974-1983 жылдары), Аманкелді Құсмашов (1983-1986жылдары), Жайлау Айтбаев (1986-1994 жылдары) қызмет атқарды. Құмкент ауыл әкімдері болып Айтбаев Жайлау (1994-1995 жылдары), Исатай Тілепов (1995 жылы), Жанәділ Төлбаев (1995-2004 жылдары) қызмет атқарды. 2004 жылдан Болат Айдарбеков ауыл әкімі болды. Ал биылғы шілде айында Құмкент ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне Балықбаев Ерзат Орынбасарұлы сайланды.

Еске салайық, Құмкент ауылдық округінің орталығы – Құмкент ауылдық округі.

      Халық саны — 3640 адам.

      Елдімекендері — Құмкент,Қызылкөл.

      Округтің жалпы жер көлемі  -302843 гектар.

      Оның ішінде:

      ауыл шаруашылықһғы жері — 219254 гектар;

      жалпы егістік жерлері — 5562 гектар;

      суармалы егістік — 895 гектар;

      тәліми егістік — 4667 гектар;

      көп жылдық екпелер — 28 гектар;

      шабындық жер — 1953 гектар;

      жайылымдық жер- 211711 гектар.

      Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегідей:

Елді мекендер Түйе Жылқы Ірі қара мал Уақ мал Құс
1 Құмкент 17 699 1726 15047 2108
2 Қызылкөл 13 298 569 5103 798
  Барлығы: 30 997 2295 20150 2906

 

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет мынадай:

Ауылдық округі Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 Құмкент 1 1 1 2
2 Қызылкөл 1
  Барлығы: 1 1 1 3

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Таулы аймақтан шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту
1 сәуір-мамыр қыркүйек — қазан  

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесін төменде ұсынып отырмыз:

Елді мекендер Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі,гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы, түйе Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал
1 2 3 4 5 6 7
1 Құмкент 716 9 6444 1726
2 Қызылкөл 311 9 2799 569
  Барлығы 211711 1027 9 9243 2295
Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Елді мекендердің жалпы жайылым мен қажетті жайылымның айырмасы,(-,+)
8 9 10 11 12 13 14
8 13808 15047 2 30094
8 4552 5103 2 10206
8 18360 20150 2 40300 67903 +143808

      «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin