Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауылына арнайы барып, 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың сапасымен танысты. Сондай-ақ елді мекенде құрылысы жүріп жатқан тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту жұмыстарын да бақылауға алды. Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, алда атқарылар жоспарларымен бөлісті.
Сонымер қатар, онда КХ-110 “Мардан-Қозмолдақ-Сызған” облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымына жүргізілетін жөндеу жұмыстары да сөз болды. Күре жолдың жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталандығы айтылды.
Аудан басшысы жауапты сала мамандарына жасалып жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, сапасына баса мән беруді тапсырды. Әрбір істі ауыл тұрғындарымен бірлесе нақтылауды ескертті.
Биыл Жуантөбе ауылдық округінің ішкі көшелері 100 пайыз сапалы жолмен қамтылады
Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ. Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұыстары жүруде. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылады.
Осы ретте, Жуантөбе ауылына арнайы барған аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы алдымен салынып жатқан жолдың сапасымен танысты. Ауыл тұрғындарымен ашық әңгімелесіп, жолдың сапасын бірлесе қадағалау керектігін айтты. Бұл бойынша мердігер мекеменің басшыларымен тілдесіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұған қоса ауыл тазалығын ретке келтіру мақсатында салынған қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның жұмыс барысымен танысты.
Айта кетейік, осы жылы тұрғындар сұранысына орай Қожақ Омарұлы көшесіне көше жарықшамдары орнатылып, ауылдың ішкі көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстары да 100 пайызды құрауда. Қазіргі таңда ауыл көлемінде 9,4 шақырымды құрайтын негізгі ішкі автомобиль жолдары бар.
Айта өтейік, биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 миллиард теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Жыл қорытындысына сәйкес 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Шілденің 29-ында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында облыс бойынша 2024 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалу барысы туралы баяндалды. Облыс басшысы сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларды сынға алып, тиісті тапсырмалар берді.
– Жол жөндеу жұмыстары уақтылы әрі талапқа сай жүргізілуі тиіс. Аудан, қала әкімдері мен «Қазавтожол» және жауапты басқарма өзара тығыз байланыста жұмыс істеңіздер. Мердігерлердің жұмысын, асфальт сапасын бақылауда ұстаңыздар. Бірлесе атқаратын іс көп. Жол жөндеуге қажетті бюджетті дұрыс үйлестірмеген, жұмысты кешіктірген басшылар мен жауапты орынбасарларға тағы да ескертемін. Жағдайды өзгертеміз, егер жағдай өзгеріп, мәселе шешілмесе, соған жауапты адамдарды өзгертуге тура келеді, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Қуатжан Жұматаевтың мәлімдеуінше, 368,1 шақырымды құрайтын 34 облыстық маңызы бар жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жыл соңына дейін 19 нысан немесе 163,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда 3 нысан: 10,6 шақырым жол, 1 көпір, 1 жарықтандыру пайдалануға берілді.
Аудандық маңызы бар жолдарды ретке келтіру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Осы жылы 19 нысан немесе 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтуға қаржы қаралған. Оның 31 шақырымдық 8 нысаны және 4 көпірі жыл соңына дейін аяқталады.
Елді мекен көшелерінің сапасы да назардан тыс қалмайды. Биыл елді мекендерде 191 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 630,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жоспарланып, жыл соңына дейін 331,3 шақырымдық 122 нысан пайдалануға тапсырылады. 2024 жылдың қорытындысымен жалпы 194,6 шақырым жолды пайдалануға тапсырып, жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-ға жеткізу көзделуде.
Нысандардағы жұмыстар мен қолданылып жатқан материалдардың сапасы автор, техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облысы бойынша филиалының тұрақты бақылауында. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 343 кемшілік анықталды. Жауапты мекемелерге ескерту хаттар беріліп, 5,7 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 55 000 шаршы метр 2 жол негізі мен асфальт жабындысы бұзылып, қайта салынды.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 702 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдар – 723,1 шақырым (нормативтік жағдайы – 95%), облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 5717 шақырым (нормативтік жағдайы – 93%), елді мекендердің көшелері – 11 268,2 шақырым (нормативтік жағдайы – 70%). Елді мекендердегі жөндеуді қажет ететін көшердің жалпы ұызындығы 3380,5 шақырымды құрайды.
Түркістан өңіріндегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 97% -ға арттыру жоспарланған. Айта кетейік, 2018 жылы бұл көрсеткіш 72 %-ды құраған. Жалпы облыста сапалы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда. Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітіліп, жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде.
Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында облыс бойынша 2024 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалу барысы туралы баяндалды. Облыс басшысы сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларды сынға алып, тиісті тапсырмалар берді.
«Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарында аса маңызды бағыттағы жолдардың құрылысына басымдық беріледі. Осы қағиданы ұстану керек. Республикалық, облыстық , аудандық және ауылішілік маңызы бар жолдар, яғни, барлық деңгейдегі маңызы бар, уақыт күттірмейтін автожолдардың тізімін дайындау қажет. Көптен жөндеу көрмеген күре жолдар да жоспардан тыс қалмауы тиіс. Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Бұл талаптарды сақтамандарға шара көріледі», — деді Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды.
Бүгінгі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64,1 шақымдық жол қайта құрудан өтуде. Жоба 4 учаскеге бөлініп, жол 2 жолақтан, 4 жолаққа кеңейтілуде. Түлкібас ауданы бағытындағы Келтемашат, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе бағытындағы 69,4 шақырымды құрайтын жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтті. Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт-Тұрбат, Жігерген-Көкібел, Шарапхана-Жаңабазар, Айнатас-Қақпақ бағыттарындағы жолдарды «БЕ-БҚ» көлік дәлізіне қосатын 64,5 шақырымдық күре жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елді мекендерін «БЕ-БҚ» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдағы асфальт жабындылары жаңартылды.
Құрылыс, жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен тұрақты түрде сапаны бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Бұл ретте 2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі де көлік-логистика саласын жүйелі түрде дамытуды жалғастырды. Басты жетістіктер – жол-құрылыс жұмыстарының рекордтық көлемі, авиациядағы жолаушылар ағынының айтарлықтай өсуі, теміржол көлігінің жақсаруы және теңіз инфрақұрылымының дамуы болды.
Маңызды оқиғалардың қатарында автожолдарды реконструкциялау жөніндегі ірі жобалардың аяқталуы, әуе рейстері санының ұлғаюы және әуежайларды жаңғырту, экспорттық теміржол жүктері көлемінің өсуі және жаңа теңіз жобаларының іске қосылуы бар. Қабылданған шаралар көлік желісін жақсартуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және еліміздің экономикалық өсімін қолдауға бағытталған.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады. Жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – елімізде бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, ал 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі. Жыл соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделген.
Шамамен 2 мың шақырымды құрайтын төрт автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Ақтөбе – Қандыағаш» жолдары бар. Бұл жолдардың кейбір учаскелері жаздың ортасынан бастап пайдалануға беріле бастады және барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Көлік министрлігі Астана мен Алматы арасындағы негізгі бағыт — Орталық – Оңтүстік дәлізінің жол учаскелерін жоспарлы түрде іске қосуда. Мәселен, «Қарағанды – Балқаш» автомагистралі учаскесінде Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі төрт жолақты жолда қозғалыс ашылды.
Бұдан басқа, «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жаңа төрт жолақты жолы кезең-кезеңімен іске қосылуда. Талдықорғанды Қызылағаш кентімен байланыстыратын 38 шақырым жол ашылды.
Айта керу керек, Астана мен Алматы арасындағы жолдың құрылыс сапасын кореялық «Dongsung Engineering» және «ISAN Corporation» компаниялары бақылауға алды. Инженерлер техникалық қадағалау жүргізіп, үнемі құрылыс басында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылайды.
Сонымен қатар биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны, атап айтсақ, Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автомобиль тоннелінің, Шамалған стансасындағы автомобиль жол айрығының, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірдің құрылысын аяқтау көзделген.
Сондай-ақ Министрлік «Recycling» қайталама шикізатты қайта өңдеу технологиясын пайдалана отырып, жол құрылымын күшейте отырып, оларды орташа жөндеу бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асыруда. Салынғалы бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарға басымдық беріледі. Биыл Қазақстан Даму Банкінің қаражаты есебінен 2,5 мың шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы қосымша 4,5 мың шақырымда жұмыстар жалғасатын болады. Аталған технология жоба құнын реконструкциямен салыстырғанда 7 есеге арзандатуға және екі есе жылдам жөндеуге мүмкіндік береді.
Бұл жобалардың қатарында 20 жылдан бері жөндеу кезегін күтіп тұрған «Жезқазған – Петропавл», «Шалқар – Қандыағаш», «Қарағанды – Қарқаралы», «Семей – Қайнар» және «Семей – Барнаул» секілді ірі жобалар бар.
Бірінші жартыжылдықта республикалық желі объектілері Ұлттық жол активтері орталығының сапа сараптамасымен 100% қамтылды. Орталық мамандары осы аралықта 5 мың инспекциялық шығуды жүзеге асырды, 11 мыңға жуық материал сынамасы алынып, сынақтан өткізілді. Жергілікті желіні қамту 84%-ға жетті. Сонымен қатар ҚазжолҒЗИ автожол саласын толығымен цифрландыруды жүзеге асыруда. Қолданылатын жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың ашықтығы мен тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай цифрлық база құрылды. Базаға қазірдің өзінде 642 карьер, 382 асфальт зауыты және 98 жаңа технология енгізілген.
Автожол саласындағы кадр тапшылығын жүйелі түрде шешу үшін биыл білікті мамандарды даярлау мақсатымен 1 мыңға жуық мемлекеттік білу беру гранты бөлінді.
Жалпы аудан көлеміндегі жол құрылысы мәселесіне келсек, жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 547 миллион 67 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 371 миллион 127 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
2023 жылы Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, нәтижесінде аталған елді мекендердің көшелері 100% асфальт жабындысымен қамтылды.
Бүгінгі таңға ішкі жолдардың асфальт жабындысы 66 пайызды құраса, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 69 пайыздан асады деп жоспарлануда.
2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 710 миллион 613 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 21,2 шақырымдық 18 көшеге қиыршық тас төсеу және асфальт жабындысын төсеу үшін 493 миллион 289 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.