Түркістан облысы: Созақ ауданы жаңбырлатып суарған өнімін жәрмеңкеге шығарды

Жері шөлейтті, климаты құрғақ өңірдің шаруалары жаңа технологияның көмегімен бау-бақша дақылдарын егіп отыр. Түркістан облысы Созақ ауданының шаруалары жаңбырлатып суару арқылы мол өнім алып, табысын арттырып келеді.

Биылғы өнім Шолаққорған ауылында өткен «Алтын күз» жәрмеңкесіне шығарылды. «Алтын күз» жәрмеңкесі – диқандар үшін ерекше мейрам. Алажаздай еткен еңбек пен төккен тердің нәтижесін көретін күн. Сондықтан биылғы жәрмеңкеге созақтық шаруалар барын алып келді. Табиғи таза өнімдер халыққа нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылды.  

«Мен өзіміздің ауылдың, жергілікті жердің өнімі болғаннан кейін, бағасы төмендеу болғасын, үйге керекті заттарды алдым. Алма, балық, құс өнімдерін.  Арзан барлығы, ет те алдым, картоп, пияз алдым. Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Өте жақсы. Бола берсін ауданымызда» — дейді жергілікті тұрғындар. 

Созақтық диқан Шәріпжан Рысметов 6 жылдан бері бақша дақылдарын егеді. Алғашында судан қатты қиналған ол жаңбырлатып суару қондырғысын енгізген. Соның арқасында шөлейітті жерге қауын-қарбыз егіп, пайдасын көріп отырғанын айтады. Жәрмеңкеге өз өнімдерін алып келген. «2 тонна қарбыз, 1 тонна қысқа сақтайтын қауын-қарбыз әкелдім. Орталықтағы бағадан 30-40 теңге арзан. Халық өте дән риза. Алып жатыр. 1 сағатта 70 пайызын сатып үлгірдім» — дейді диқан.

Ал Назерке Жаппарова атты шаруа «Балдысу-Қарабұлақта өзіміздің 20 гектар бауымыз бар. Барлығын өзімнің қайынатам еккен. Өзіміз күтіп баптаймыз. Қазір 300 теңгеден сатып жатырмын алманы. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп, сол мақалды ұстанып келе жатқан адамдармыз» — дейді.

Бұрын мал шаруашылығымен күнелткен созақтықтар енді жерді игере бастады. Ауданда 6,5 мың гектар егістік алқап бар. Бірақ су жоқ. Қайтпек керек? Шаруалар жаңа технологияның көмегімен бұл қиындықтан да шықты. Биыл аудан шаруалары 20 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алса, 3 шаруа қожалығы жаңбырлатып суару қондырғысын іске қосты. Сөйтіп 200 гектар жерді қолданысқа енгізді.

«Техникаларымыздың жаңаруы, шаруаларымыздың жерді игеруге ынтасы бізді өте қызықтырады. Су тапшылығы — өте үлкен өзекті мәселе. Соған орай жаңбырлатып суару, тамшылатып суаруға өтіп жатырмыз. 6 шаруашылық қарбыз-қауын, бақша дақылдарын егіп, Астана, Алматы қалаларына тасымалдауда. Суықтың ерте түсуіне байланысты шаруаларымыздың өндірген өнімдерін халыққа ұсынудамыз» — дейді Созақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аясында аудандағы үздік тауар өндірушілер марапатталды. Жалпы, биыл Түркістан облысының шаруалары құны 687 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді жоспарлап отыр. 

Биылғы жылы аудан шаруалары мол табысқа қол жеткізіп отыр. 8 айдың қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 12 260,5 миллион теңгені құрап, осы жылы 14 393 гектар егіс егілді. Оның ішінде: 310 гектар бидай, 1049 гектар арпа, 769 гектар жүгері, 1265 гектар мақсары, 494 гектар картоп, 482 гектар көкөніс, 482 гектар бақша, 1996 гектар жаңа жоңышқа, 7516 гектар өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды.

Жыл басынан бері 20 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды. Аудан шаруалары тамшылатып суару әдісін де тиімді пайдаланып, оны толыққанды меңгеруде. 5,2 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілді. Шолаққорған ауыл округінен «Дәмен» шаруа қожалығы 40 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғысын орнатса, бүгінгі күнге «Атамекен» шаруа қожалығында 141 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғысын орнату мақсатында бассейн қазу жұмыстарын жүргізуде.

Созақ ауданында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес ауданда 384 миллиард 137 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға немесе 41 миллиард 355 миллион теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 57 миллиард 830 миллион теңге инвестиция тартылды. Жергілікті бюджет кірістеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 10 миллиард 8 миллион 844 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,2 пайызға немесе 775 миллион 491 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды. Оның ішінде; трансферттер 2 миллиард 459 миллион 385 мың теңге, өзіндік кірістер 7 миллиард 549 миллион 459 мың  теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 9 миллиард 363 миллион 347 мың теңгені құрап,  99,4 пайыз игерілді. Негізгі капиталға 485,8 миллион теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 34% орындалды (жоспар 1 366,2 миллион теңге). Тамақ өндірісіне 134,2 миллион теңге инвестиция тартылып, 51% орындалды (жоспар 261,7 миллион). 14 390 гектар егістік жер игеріліп, 100,6% орындалды, (жоспар — 14 300 гектар). 5,2 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізіліп, 104% орындалды (жоспар — 5 гектар). 20 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынып, 67% орындалды (жоспар — 30). 40 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісі ендіріліп, 24% орындалды (жоспар 164 гектар). 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 100% орындалды. 10 гектар қарқынды бау егіліп, тапсырма 100% орындалды. 8 дана 500 бастан жоғары отбасылық құс фермалары ашылып, 33% орындалды (жоспар 24 ферма).  Сонымен қатар, 7 604,2 тонна ет, 11 858,3 тонна сүт, 1 866,3 мың дана  жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда мүйізді ірі қара 41 777 бас, майда мал 324 842 бас, жылқы 32 440 бас, түйе 16 027 бас, құс 38 637 басты құрады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 194 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 153 азаматтың құжаты 805,160 миллион теңгеге мақұлданып, 91 азамат 447,860 млн.теңге жеңілдетілген несие алды.

Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер — 716 948 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер -70945 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) — 2 016 809 гектар, орман қорының жерлері — 1 034 898 гектар, су қорының жерлері — 3245 гектар, елді мекендердің жерлері — 261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 799 гектар.

«Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 120,0 мың гектар жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша Облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2023 жылдың 7 айында 58261 гектар жер учаскесі аудан қорына қайтарылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin