Түркістан облысы: Созақ ауданы кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішев Созақ ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.

Алқалы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысты.

Аудан кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланған басқосуда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданда кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыу бойынша атқарылған шаралар мен алдағы жоспарға кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры Арман Анарбаев 2023 жылы атқарылған жұмыс барысы туралы баяндама жасады. Шараның негізгі бөлігінде сұрақ-жауап кезеңіне кезек беріліп, кәсіпкерлердің көкейіндегі сұрақтарға сала мамандары жауап берді.

«Кәсіпкерлер палатасы, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бизнес пен биліктің арасында алтын көпірге айналуы керек. Тиісінше, қордаланған мәселелердің оңтайлы жолын қарастыру маңызды. Сондықтан сырлы Созақ өңіріндегі кәсіпкерлік саласының даму динамикасын саралауға арнайы келіп отырмыз. Кәсіпкерлердің мәселесі назардан тыс қалмай, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп шешілуі тиіс», — деді Нұралы Әлмаханұлы.

Өңірлік кеңес төрағасы жұмыс сапарында 2016 жылдан бері жұмыс істейтін «Сырлы Созақ» ЖШС мен «Созақ-балық өнімдері» АШӨК «Гидропоника және балықтың құрама жемін өндіру» зауытының жобаларымен танысты. Гидропоника және балықтың құрама жемін шығарылатын өндіріс орнының аумағы 1 гектар аумақты құрайды. Жобаның жалпы құны: 1,5 миллиард теңге. Кәсіпорын ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 8 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.
  2. Кәсіпкерлерді Құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу.
  3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.
  4. Түркістан облысының кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.
  5. Түркістан облысының агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының орталық кеңсесі Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, 42 мекенжайында орналасқан.

Түркістан облысының ӨКП қабылдау бөлмесі: 8 (72533) 5-98-98, ҚР ҰКП call-center: 1432.

Консультациялар дүйсенбі- жұма жұмыс күндері сағат 9.00 — 18.30 аралығында жұмыс істейді.

Сервистік қызметтерді портал арқылы онлайн форматта алуға болады https://g4b.kz/, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) – офлайн.

Барлық мәселелер бойынша «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына 1432 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары:

Facebook: https://www.facebook.com/groups/turkestankz 

Instagram: https://www.instagram.com/turkistan.atameken/

Telegram: https://t.me/msbturkestan

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin