Түркістан облысы: Созақ ауданы түйе шаруашылығын дамытуда оқ бойы озық келеді

Кеше, 9 қараша күні Түркістан қаласында өткен «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері» күніне арналған «ALTYN KUZ-2023» мерекесінде Созақ ауданы «Түйе шаруашылығын дамытуда ОЗАТ аудан» номинациясын иеленді.

Сонымен қатар, осы мерекеде Созақ ауыл округінен «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і төрағасы Еркебұлан Амангелдіұлы Әлібеков Түркістан облысы әкімінің «Озат мал бордақылаушы» дипломы мен «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысанындағы бірлестік төрағасы Ж. Дайрабаевтың «Үздік Фермер» төсбелгісімен марапатталды.

Осы ретте бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен Созақ ауыл округінен құрылған «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і төрағасы Еркебұлан Әлібековті қабылдады. Аталған номинациялар мен төсбелгіні табыс етіп, құрмет көрсетті. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын дамытып, өнімділікті арттырудағы жұмыстарды бірлесе атқаруға сенім білдірді.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап түйе шаруашылығын дамыту мақсатында аудан бойынша 1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Оның ішінде 1000 бас түйе несие алу арқылы жүзеге асса, 980 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен алынған.

Шолаққорған ауылдық округінің агроқұрылымдары 30 тонна «Golden Camel Group» ЖШС-не, 60 тоннасын «Казфут» ЖШС-не, Қарақұр ауылдық округінің агроқұрылымдары 53 тонна, Созақ ауыл округінің агроқұрылымдары 113 тонна «Казфут» ЖШС-не, барлығы 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген. Кейінгі жылдары «Golden Camel Group» ЖШС-і өз жұмысын тоқтатуына байланысты аудан агроқұрылымдары сауылған сүттерді ішкі нарыққа өткізіп келеді.

2023 жылдың 9 айындағы есеп бойынша жалпы ауданда 15 979 бас түйе өсірілсе, 3 жылдың ішінде 117 пайызға өскен.

Сондай-ақ ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды.

Аталған ауылдық округтерінен 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Олар: Созақ ауыл округінен «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і (төрағасы — Еркебұлан Амангелдіұлы Әлібеков) мүшелікке 91 азамат тіркелеген. «Ауыл аманаты» бағдарламасының V-ші бағыты бойынша 26 миллион теңге несие қаржы алып, 2 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алды.

Жартытөбе ауыл округінен «Сембек ата» АӨК-і (төрағасы — Жарқынбек Сембекұлы Бахбергенов) мүшелікке 70 азамат тіркелеген. «Ауыл аманаты» бағдарламасының V-ші бағыты бойынша 20,3 миллион теңге несие қаржы алып, 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алды.

Шолаққорған ауыл округінен «Созақ Агро Өнімдері» АӨК-і (төрағасы — Арман Нұрболұлы Қасымбек) мүшелікке 181 азамат тіркелеген. «Ауыл аманаты» бағдарламасының V-ші бағыты бойынша 27,6 миллион теңге несие қаржы алып, 4 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алды.

Құмкент ауыл округінен «Рауан» АӨК-і (төрағасы — Мұрат Мақсұтұлы Досбаев) мүшелікке 70 азамат тіркелеген. «Ауыл аманаты» бағдарламасының V-ші бағыты бойынша 15 миллион теңге несие қаржы алып, жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алуға келісімшартқа отыру жұмыстарын жүргізуде.

Еске салайық, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 194 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 153 азаматтың құжаты 805,160 миллион теңгеге мақұлданып, 91 азамат 447,860 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin