Түркістан облысы: Созақ ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінде ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Созақ ауданы әкімі аппаратының заң бөлімі желі қолданушылары үшін хабарландыру жасады.

Білуімізше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестеге сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі дербес бөлімдерінде ағымдағы жылдың 5 сәуір-21 мамыр аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде екен.

«Егер де Сізде аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2024 жылдың 14 мамыр күні сағат 15:30-да «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Созақ ауданы Шолаққорған ауылы Жібек жолы көшесі №16 ғимаратының 1-қабат кіші мәжіліс залында өтетін ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиынына шақырамыз. Анықтама телефоны: 8 /775/ 414 50 08 Ақнұр Жандарбекқызы Исаева (Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы)» — делінген аталмыш хабарландыруда.

Сонымен қатар тағы бір құлаққағысты назарларыңызға ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз. «Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Ішкі талдау жұмыстары 17 мамыр – 28 маусым аралығында жүргізіледі.

Егер де Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекенжайларға жолдауларыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс:87254641497

Электронды пошта: gkp.sholakkorgansu@mail.ru» — делінген тиісті хабарламада.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin