Түркістан облысы: Созақ ауданы әкімінің аппарат мәжілісінде аудандағы тазалық жұмыстарының барысы тыңдалды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында барлық ауылдық округтер мен кенттерге жеке-тоқталып, тазалық жұмыстарының барысын тыңдады.

Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, яғни ондағы 144 көшеде тазылық пен көркейтуге қатысты жүзеге асырылған жұмыстар бойынша Шолаққорған ауылдық округінің әкімі Әділ Елібаев хабарлама жасап, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді слайд арқылы көрсетті.

Аудан басшысы күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша округ әкімдеріне көркейту жұмыстарын тұрақты жүзеге асыруды және аудан орталығында бөлінген сектор алқаптарында кездескен кемшіліктер мен оқылықтардың орнын толытырып, жұмысты ширату керектігін айтты. Әр секторда көрсетілген мәселелерді шешу бойынша сала басшыларына тапсырма беріп, уақытында атқарылу қажеттігін ескертті.

— Тазалыққа қатысты әрбір іске аса жауапкершілікпен қарауды тапсырамын. Бұл бір ай немесе маусымдық шара емес. Бұған қатысты атқарылу керек кез-келген мәселені үрдіске айналдыруымыз керек. Туған өлкеміздің тазалығы мен оны көркейтіп, көгалдандыру баршамыз үшін аса маңызды. Бұған дейін отырғызылған тал көшеттерінің де өнімділігіне баса назар аударып, жұмысты ширату қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар тікелей бақылауымда болады, — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы округ әкімдеріне түрлі сала бойынша атқарылатын жобалар бойынша да нақты міндеттер жүктеді.

Тазалық демекші, Түркістан өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Экоакцияның алдыңғы төрт аптасын сәтті аяқтаға «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Апталық аясында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді.

Апталық аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы Шолаққорған ауылы аумағындағы «Ишан бұлақ» айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Суы тұщы боп саналатын бұлақ маңайын ауыл тұрғындары бұрыннан күтіп ұстайды. Сенбілікке қатысушылар бұлаққа баратын жүргінші жолдарын тазалап, қоқыстарды жинап алды. Сонымен қатар Сұлтанбек Қожанов атындағы көше бойындағы арық тазартылды.

Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ұжымы Бәйдібек көшесінің бойындағы аяқжолдардың шөбін орды. Біркісідей қатысқан ұжым сондай-ақ музей орналасқан Қалыш Нұржанова көшесінің маңайын шөптен тазартты. Бұл бағыттағы тазалық жұмыстарын өзге де мәдениет ошақтары апта бойына жалғастырады.

Елімізде тазалыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты. Акция аясында ауданда түрлі шаралар іске асырылуда.

Аудан орталығының аумағы 5 секторға, яғни ондағы 144 көшеге жауапты ретінде бекітілген әр мекеме қызметкерлері аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізіп, су өткелдерін, көпірлерді, өзен, канал, бұлақ, арық бойларын тазалап, қураған ағаштарды жою мен көшелердің бойындағы жол белгілері мен электр бағаналарын реттеу, сырлау сынды жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында жалпы саны 27 500 тал көшеті отырғызылды. Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағы жолдың екі шетін қоса есептегенде 5 шақырымға артты.

Бұл аумақ қазіргі уақытта толықтай қоршалды. 10 мың метрге жуық шарбақ тартылып, егілген тал көшеттерін суару жүйесі орнатылды.

Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді.

Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin