Түркістан облысы: Созақ ауылдық округі қарыштап дамып келеді

Мұны Созақ ауылдық округі әкімі Батырхан Қаныбекұлы Аяповтың әңгімесінің ауанынан аңғардық.

Әуелі бюджет туралы баяндады. «2023 жылы жергілікті бюджетке 44 миллион 346 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 111 пайызға артық орындалған.  Бюджеттің  шығыс  бөлігі  109 миллион 246 мың теңгені құрап, 100 пайызға  игерілді. 2024 жылдың 5 айында жергілікті бюджетке 42 миллион 274 мың 400 теңге қаржы түсіп, жоспар 797,1  пайызға артық орындалды» — дейді ауылдық округ басшысы.

Ауыл шаруашылығы саласына келсек, Созақ ауылдық округі бойынша 196 шаруа қожалығы, 4 ЖШС, 4 өндірістік кооператив (ӨК) жұмыс істеп тұр. 2023 жылы 2295 гектар егістік жерді игеру жоспарланса, шаруалар 2385,05 гектар алқапқа егін егу жұмыстарын жүргізіп, егін егу жоспары 104%-ға артығымен орындалды. 2024 жылға жоспар 2379 гектар болса, шаруалар тарапынан 2459,25 гектар жерге егіс егіліп, жоспар 103 %-ға артығымен орындалыпты.

Батырхан Қаныбекұлы 2023 жылы «Болыс ата», «Абдыраманов», «Искандер», «Съәді» шаруа қожалықтары бақша өнімін егіп, алған өнімін жергілікті аудан, ауыл халқына нарықтағы бағадан төмен шығарып, ұсынғанын айтады.

Осы ретте ерекше атап айтатын жағдай, «Съәді» шаруа қожалығы 2,5 гектар егіс алқабына алғаш рет тамшылатып суару жүйесін ендіріп, бұл тәсілдің суару жүйесін аса көп жеңілдететіндігін және сонымен қатар мол өнім беретіндігін ауыл шаруаларына көрсетіп, тиімділігіне көз жеткізді.  2024 жылы 5 гектар егіс алқабына тамшылытып суғару әдісі қолданылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алудың жай-жапсары туралы да айта өткен жөн. 2023 жылы “Бибо” кооперативі «Беларус МТЗ-892-2» және 1 дана тіркемесін, сонымен қатар “Жаңа Қазақ Елі” кооперативі 1 дана «Беларус МТЗ-892-2» және 1 дана тиегіш (погрузчик) «LG 833 M» маркалы шаруашылық техникаларын алып, шаруашылық жұмыстарына пайдалану үстінде.

Мал басын асылдандыру бойынша. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2023 жылы «Ұзынаққан» шаруа қожалығы 4 бас бұқа, «Насыр» шаруа қожалығы 4 бас бұқа, «Жаңабай» шаруа қожалығы 2 бас бұқа, «Шалқар» шаруа қожалығы 2 бас бұқа сатып алып, жалпы 12 бас бұқа мен 300 бас сиырды түрлендіруде.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Жаңабай» шаруа қожалығы тарапынан — 30 бас қошқар, «Бағлан» шаруа қожалығы тарапынан — 20 бас қошқар, «Ақан» шаруа қожалығы тарапынан — 10 қошқар, «Көкбұлақ» шаруа қожалығы тарапынан — 8 қошқар, «Нұрдәулет» шаруа қожалығы тарапынан — 15 бас қошқар — барлығы 83 бас қошқар алынып, 2075 бас саулық түрлендірілуде.

Созақ ауылы округі бойынша 2024  жылғы 1 қаңтардағы мал саны төмендегіше болған: мүйізді ірі қара — 7832 бас,  қой-ешкі — 34300 бас, жылқы — 5602 бас, түйе — 4276 бас, құс 5950 басты құрап отыр.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Созақ ауылдық округінде атқарылған  жұмыстарға тоқталсақ.  

Созақ ауылдық округі бойынша несие рәсімдеуге 111 адам құжат өткізіп, оның 15 адамы түрлі себептермен (үй құжаттарының, несие тарихтарының дұрыс болмауына байланысты, т.б.) несие алудан өз еркімен бас тартса, 15 адамның құжаты несие комитетінің шешіміне сәйкес кері қайтарылды.

Нәтижесінде “Жаңа Қазақ Елі” атты, мүшелігінде 91 адам тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, мүшелігіндегі құжаттары мақұлданған 66 адам 356 550 000 теңге несиемен қамтылды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушы 4 отбасы несие алған.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Созақ ауылдық округінде атқарылған  жұмыстардың атын атап, түсін түстей кетейік.

  1. Қазіргі таңда “Жаңа Қазақ Елі” кооперативі 26 миллион теңге көлеміндегі алған несиесіне 1 дана «Беларус МТЗ-892-2» және 1 дана тиегіш (погрузчик) «LG 833 M» маркалы шаруашылық техникаларын алып, шаруашылық жұмыстарына пайдалануда.
  2. Мал шаруашылығы бойынша 67 адам 338 100 000 теңге несиеге қол жеткізген.
  3. Балық шаруашылығы бойынша 1 адам 8 300 000 теңге несие алған.
  4. Жеке кәсібін ашу, дамыту бойынша 1 адам – 200 000 теңге несиемен қамтылды.

Жалпы  алынған  несие  көлемі: 70 адам  –  377 600 000 теңге.

Атап өтер жақсы жаңалық, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Созақ ауылында жеке кәсіпті дамыту бойынша 5 200 000 теңгеге көрпе көктеу, жүн және мақта түту станогы алынды.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында мал бордақылау бағытында кәсіпкерлер өзге облыстардан мүйізді ірі қара (МІҚ) – 279 бас, жылқы – 245 бас, қой – 456 бас, түйе 42 бас төрт түлік малдарын алып келген.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 миллиард теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған. Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 гектар алқапқа 328 жылыжай салынған. Осы жобалар есебінен 30 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Бұл бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарлама жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге шағын несие беруді көздейді, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін шағын несие мерзімі – 7 жылға дейін. Шағын несиенің ең жоғары сомасы – 2,5 мың АЕК-ке дейін (2024 жылы – 9,2 миллион теңге), ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 мың АЕК-ке дейін (2024 жылы – 29,5 миллион теңге).

Айта кету керек, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде әрекет етеді, олар бағдарлама қатысушыларының неғұрлым жеңілдетілген шағын несиелерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаны іске асыру аясында 2023 жылы 17 мың шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінді.

Қаражаттың негізгі бөлігі – 70%-ға жуығы Жамбыл (24,1 миллиард теңге), Түркістан (19,8 миллиард теңге), Ақтөбе (16 миллиард теңге) және Алматы (8,3 миллиард теңге), облыстары үшін қарастырылған. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың басым бөлігі – осы облыстарда, сондай-ақ олардың ішінде еңбекке жарамды адамдар қатарынан бола тұра, бірде-бірі жұмыспен қамтылмаған отбасылар байқалады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің сөзінше, бүгінгі таңда 82,4 миллиард теңге сомасына 13,2 мың шағын несие берілді. Бұл ретте 4 облыста қаражаттың игерілмеуі байқалады. Ақтөбе облысында 11,1 миллиард теңге (69,5%), Ұлытау облысында 1,6 миллиард теңге (46,1%), Алматы облысында 2,8 миллиард теңге (33,3%), Жамбыл облысында 3 миллиард теңге (12,6%) игерілмеген.

«Жалпы шағын несиелеу бағдарламасы ауыл тұрғындарының негізінен мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытынын көрсетті. Мәселен, мал шаруашылығы саласына берілген шағын несиелердің жалпы көлемінен 79%-ы, өсімдік шаруашылығына 4,1%-ы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне 16,9%-ы бағытталды», — дейді Ербол Тасжүреков.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында салаларға несие беру бойынша сараланған тәсілді қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлінген қаражаттың жалпы сомасының 50%-ынан аспайтын мөлшерде мал шаруашылығы саласына жіберуге шектеу қойды.

Сонымен қатар министрлік «АӨК-дегі ЭСТО» ЖШС-мен бірлесіп «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша шағын несиелеудің ақпараттық жүйесін әзірледі, ол несие алуға электрондық өтінім беруге мүмкіндік береді, бұл ауыл тұрғындары үшін бағдарламаның қолжетімділігін арттырады. Қазіргі уақытта бұл жүйе Жамбыл облысында іске қосылған, сондай-ақ жақын арада Ақтөбе және Алматы облыстарында іске қосылатын болады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің мәлімдеуінше, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,2 миллиард теңге сомасына 299 кооператив қаржыландырылды.

«Жалпы ЖҚШ-ты кооперативтерге біріктіру ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану түрі, сондай-ақ кооперативтер арқылы өнім өндіруді және оны өткізуді ұлғайту мүмкіндігі бойынша өзіндік артықшылықтарға ие, бұл болашақта өндірілген өнімді сауда базарларының, қала дүкендерінің сөрелеріне шығаруға мүмкіндік береді», — дейді Ербол Тасжүреков.

Осыған байланысты бағдарлама аясында кооперативтер құруды ынталандыру үшін несиелеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылған кооперативтерге несие беру көзделген (2024 жылы – 29,5 миллион теңге).

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің сөзінше, бүгінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тең негізде мемлекеттік қолдаудың барлық қолда бар шарасы қолжетімді. Осылайша, кооперацияны ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялау кезінде басымдылық пен жоғары нормативтер көзделген, мұнда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының жекелеген түрлері бойынша құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35-50%-ға дейін ұлғаяды.

Салық кодексінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін салықтың бес түрі (корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы) бойынша 70% жеңілдік беретін арнайы салық режимі көзделген.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту аясында облыс әкімдіктері өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру, кооперативтерге базарларда, жәрмеңкелерде орын бөлу үшін жағдайлар жасау, кооперативтермен жұмыс істеу бойынша өңірдің ірі зәкірлік кәсіпорындарын тарту кезінде кооперацияның әлеуетін іске қоса алады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл тұрғындары арасында бағдарлама бойынша жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына ауылдық округтердің барлық әкімі жұмылдырылған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында, әлеуметтік желілерде шағын несиелеу шарттары жарияланды, ауыл тұрғындарының табысты тәжірибесі туралы бейнероликтер жарияланды», — дейді Ербол Тасжүреков.

Вице-министр кейбір табысты бизнес-жобалардың мысалдарына қысқаша тоқталып өтті. Мысалы, Түркістан облысында Балтакөл ауылындағы Біржан Жүнісов наубайханасының жобасы жүзеге асырылуда, онда күн сайын 300-ден астам нан сатылады. Жобаны жүзеге асырғанға дейін кәсіпкер жұмыссыз болған. Ауыл тұрғыны 8 миллион теңге несие алды. Жоба сәтті жүзеге асырылуда және кәсіпкер несиені мерзімінен бұрын өтеуді және бизнесті кеңейтуге 29 миллион теңгеге дейін қайта алуды жоспарлап отыр, оған бағдарламаның шарттары мүмкіндік береді.

Қызылорда облысында алғашқылардың бірі болып Бидайкөл ауылындағы «Барлыбай және К» кооперативінің томат пастасын өндіру цехы шағын несие алды. Мұнда басшы Қанат Мұсаев несиеге 27,6 миллион теңге алып, томат пастасы мен консервіленген өнімдерді өндіру желісін сатып алды. Цехтың қуаты – тәулігіне 2 тонна өнім. Бүгінгі таңда 25 мың банка өнім – томат пастасы, аджика, салаттар сынама ретінде дайындалды. Кәсіпкер сапа сертификатын алды. Сондай-ақ жобаны іске асыруға кооператив мүшелері ретінде тұқыммен, көшетпен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілген ауыл тұрғындары тартылады. Олардың өнімдері томат пастасын өндіру цехына қабылданады.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Сараптамалық топ құрылды. Осы Сараптамалық топ нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдаған ұсыныстар берді:

  • Бюджет кодексіне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға қаражатты тікелей аудару үшін (ұсыныс Ұлттық экономика министрлігіне жолданды);
  • уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу кезінде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне қосымша балл беру үшін Жер кодексіне (бұл мәселе пысықталуда);
  • ӘКК-нің ауыл шаруашылығы кооперацияларының жарғылық капиталдарына қатысуы үшін «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға (бұл ұсыныс Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді);
  • ӘКК-ні бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу жолымен сенім білдірілген агент ретінде айқындау үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға.

Оған қоса «Ауыл аманаты» бағдарламасын жетілдіру бөлігінде ұсыныстар берілді, оның ішінде:

  • мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және қызмет көрсету саласында, әсіресе тауашалық салаларда (бал, гүлдер, құс, ұсақ тауарлы фермаларда артықшылығы бар ІҚМ және ұсақ мал фермаларында және т.б. отбасылық фермалар) үлгілік жобаларды әзірлеу;
  • өнімді өткізуді, қайта өңдеуді және оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобаларды кластерлік модельге немесе кооперацияға интеграциялау;
  • кооперативтерді құру кезінде сату кооперативтеріне баса назар аудару қажет;
  • ірі агробизнес пен жобаға қатысушылар арасындағы кооперация және т.б.

Бұдан басқа облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісім бойынша бағдарламаның негізгі көрсеткіштерін бекітті.

Экономикалық көрсеткіштердің мониторингі Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілді, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мониторинг жүргізілетін әлеуметтік көрсеткіштер ескерілді. Бағдарламаны іске асыруға 2024 жылы 100 миллиард теңге бөлінді.

«Қаражат жетіспеген жағдайда облыс әкімдіктерінің жергілікті бюджет қаражатынан шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлу мүмкіндігі бар, бұл “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарын несиелеумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Сонымен, Созақ ауылдық округінің әлеуметтік саласында атқарылып жатқан шаруаларды да тілге тиек етсек.

Ауыл округінде 4 елді мекен болса, 2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жалпы халық саны — 10 700,  тұрғын үй саны — 1628. Оны елді мекендер бойынша бөлгенде:

Созақ елді мекені: 6140 адам.

Шақырық елді мекені: 2915 адам.

Көктөбе елді мекені: 905 адам.

Ыбрай елді мекені: 740 адам.

Жалпы зейнеткерлер саны: 899.

Ауған соғысының ардагері – 1.

Тыл ардагері – 31.

Батыр ана – 36.

Алтын алқалы ана – 144.

Күміс алқалы ана –  216.

Округ бойынша 2023 жылы мүгедектігі бар 17 азамат және 59 зейнеткер шипажайға жолдама алған  (Сарыағаш, Таң нұры, Мейір, Ардагерлер үйі). Ал 2024 жылы мүгедектігі бар 6 азамат және 27 зейнеткер шипажайға жолдама алды (Сарыағаш, Таң нұры, Мейір, Ардагерлер үйі).

Құрылыс саласы бойынша да ауыз толтырып айтатын мәліметтер баршылық. «2023 жылы ауылдық округте ірі құрылыс нысандары салынды. Атап айтар болсақ, Ыбырай елді мекенінен 200 орындық жаңа мектеп ғимараты және 1000 орындық Созақ ауылында үлкен футбол алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен Ыбырай және Көктөбе елді мекендерінде жалпы  ұзындығы 5,6 шақырым көше бойы жарықтандырылды. Сонымен қатар Созақ ауылынан мал өлексесін тастайтын Беккери шұңқырының құрылысы аяқталып, Ыбырай елді мекеніндегі кіші футбол алаңшасының төсеніші (газон)  жаңартылды» — дейді Созақ ауылдық округі әкімі Батырхан Аяпов.

Бұдан бөлек демеушілер есебінен Созақ ауылының Өткелбаев көшесінің бойынан 1000 орындық мешіт құрылысы, Көктөбе елді мекенінен де 100 орындық мешіт құрылысы салынып, пайдалануға берілген екен.

Созақ ауылдық округі әкімінің айтуынша, 2023 жылы Созақ мектеп гимназиясының 2003 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен Созақ ауылының кіре берісінен Рәміздер аллеясы салыныпты.

Ал 2024 жылы Созақ мектеп гимназиясының 2004 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен Созақ ауылына кіре берісінен Созақ ауылының атауын заманауи жаңа үлгіде жазылған қақпа орнатылса, Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 2004 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 1 бір отбасыға 5 бөлмелі тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліп отыр.

Жалпы, Созақ ауылдық округі бойынша барлығы 40 көше бар. Оның жалпы ұзындығы 76,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде: асфальт — 55,6 шақырымды, қиыршақ тас – 15,9 шақырымды, топырақ 5,3 шақырымды құрайды.

2023 жылы Созақ ауылындағы 5 көшеге 7 шақырым жолға асфальт төселген. Ыбырай елді мекенініне 0,5 шақырым асфальт төселді.

Созақ ауылдық округі әкімі Батырхан Аяповтың сөзіне қарағанда, 2024 жылға бюджет есебінен Созақ ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысы басталса, ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында Созақ ауылының 5 көшесін жарықтандыру жоспарлануда. Демеуші есебінен Созақ ауылындағы Өткелбаев көшесінің бойынан спорт кешені ғимаратын салу жоспарлануда. Созақ ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жәдігер Әлібеков әлеуметтік жағдайы төмен 1 отбасыға берілетін тұрғын үйдің құрылысын жүрізуде.

Созақ ауылдық округінде көше тазалығы да жолға қойылған. Айталық, 2024 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр аптаның сенбі күндері мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындарын ұйымдастырып, көше бойларын тазалауға сенбіліктер өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілген.  Сондай-ақ көшелерге, тұрғын үй маңына бейберекет күл-қоқыс тастаған тұрғындарға айыппұл да салыныпты.

Иә, Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасын тауып келеді. Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған жұмысқа аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, тұрғындар аса белсенділікпен атсалысуда.

100-ге тарта медицина қызметкері Шолаққорғана ауылындағы Жібек жолы көшесі бойында арықты тазалап, тал көшеттерін әктеді. Қоқыс қалдықтарын жинады.

Сондай-ақ, еріктілер мен азаматтар “Жасыл белдеу” аумағына тал көшеттерін егуде. Оның ұзындығы 2, 7 шақырымға артып отыр. Алдағы уақытта 4000 астам тал көшетті егіледі деп күтілуде.

Ауыл, кент округтердегі көше бойы әктеліп, тал қопсытып, тазалық жұмыстары қарқынды жүруде.

Бүгінгі таңда аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған көгалдандыру жұмыстарының қарқыны күн санап артуда. Аудан орталығындағы «Абай» және «Тәуелсіздік» саябақтарына 2000-ға жуық көшет егілсе, Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына жаңадан егілген тал көшеттерінің саны 4000-ға жуықтады.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әр күні «Жасыл белдеу» аумағында болып, санитарлық тазалық пен көгалдандыруға қатысты жұмыстарды жіті бақылауда. Бүгін аумаққа арнайы барған аудан басшысы жаңадан егілген тал көшеттерін шарбақпен қоршап, тамшылатып суару қондырғысын орнату шараларын пысықтады.

Айта кетейік, Шолаққорған -Түркістан бағытындағы жолдың екі жанын қосып есептегенде, «Жасыл белдеудің» жалпы аумағы 10 шақырымды құрап, онда бүгінге дейін егілген көшеттердің саны он мыңнан асты.

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы жұмыстар қарқын алуда. «Таза өлке» апталығына орай егілген тал көшеттері күн санап артып отыр. Бүгін аталған акцияға Созақ ауылының тұрғындары жұмыла кірісуде. «Созақ» демалыс аймағын жеміс талдармен көмкеріп, жасыл желекке айналдыруда. Бұған Созақ ауылындағы «Жастар» саябағы да қоса қамтылуда.

Созақ ауылына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков санитарлық тазалық пен көгалдандыруға қатысты атқарылған жұмыстарға қолдау білдірді.

Айта кетейік, акцияға қатысушы жергілікті тұрғындар «Созақ» демалыс аймағына 300-ден астам түрлі жеміс талдары мен 1000-ға жуық қара тал көшетін ексе, бюджеттік мекеме қызметкерлері «Жастар» саябағына күншығыс елдерінде арман ағашы саналатын Сакура ағашының 250 түбін отырғызды. Бұған қоса 100 түп арша ағашы, 200 түп роза, 1500 түп қара тал көшеттері егілді. Айта кетейік, «Жастар» саябағына бұған дейін 500-ден астам арша ағашының көшеттері отырғылып, көшеттер 100 пайызға өніп тұр.

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жұмыстар жалғасуда. Көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүруде.

Аудандағы барлық ауыл, кент округтерден тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары мен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулалардан 235 тонна қоқыс қалдықтарын шығарды. Көшелер сыпырылып, арықтар мен жол жиегіндегі қоқыстар жиналды. 3000 түп ағаш түптері әктеліп, көгалдандыру жұмыстары жүрді. Көше тазалығын сақтауға тұрғындарда ат салысуда.

Айта кетейік, бұл бір күндік жұмыс емес. Туған жерді таза ұстау – баршамыздың парызымыз. Жалпы, «Таза Қазақстан” экоакция аясы басталғалы, ауданда 500 арша, 22000 мың қара тал егілген екен.

Батырхан Аяпов орайы келгенде әскери сала бойынша да мол мағлұмат берді. «2023 жылы Созақ  ауылдық  округіне аудандық әскери комиссариаттан көктемгі және күзгі әскери шақырылымға 40 азаматты әскерге жіберу жоспарланса, жалпы округ бойынша 47 азамат әскерге жөнелтіліп, жоспар артығымен орындалды. 2024 жылы Созақ ауылдық округіне аудандық әскери комиссариаттан көктемгі әскери шақырылымға 20 азаматты әскерге жіберу жоспарланса, бүгінгі таңға дейін 22 азамат әскерге жіберіліп, жоспар артығымен орындалды» — дейді ол.

Ал ауылдық округтегі кәсіпкерлік сала бойынша тоқталсақ, қазіргі  таңда  Созақ ауыл  округі  бойынша  44 дүкен, 6 жанар-жағармай құю бекеті, 3 тойхана, 5  қоғамдық  монша,  2 жеке меншік  емхана, 5 дәріхана, 5 жекеменшік  балабақша халыққа қызмет көрсетіп келеді. 

Естеріңізде болса, жуырда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездескен-ді. Онда алдымен биыл аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ауылдық округтегі бірқатар мәселелерді де қамтып өтті.

— Алдарыңызға келіп, кездесудегі мақсатымыз — өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Өткен жылы бірқатар түйткілді мәселелердің түйіні шешіліп, Созақ ауылдық округі үшін табысты жыл болды. Биыл әкімшілік ғимаратының құрылысын бастап, жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайтын Абдраманов, Абай және Алибаев көшелеріне көше жарықшамдары орнатылады. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар «КХ-2 Ұланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының құрылысы толық аяқталады. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтуға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қосымша ұсыныстарыңыз болса, тыңдап, нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргіземіз, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Жиында бірқатар тұрғындар сауалдарын жолдаса, бірқатары жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсат — тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс атқарылатынын айтты. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin