Түркістан облысы: Созақ ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені құрылысының қарқыны артты

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Созақ ауылында болып, елдімекенде жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Жобалардың орындалу сапасын тексеріп, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімдік тәртібіне ерекше назар аударуды тапсырды. Сапар барысында Ж.Өткелбаев көшесінің бойында заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс аумағында болды. Жоба бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Кешенде көпфункционалды спорт алаңдары, жаттығу және сауықтыру залдары қамтылатын болады.

Сонымен қатар, аудан басшысы Созақ ауылдық округі аппаратының жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысымен танысты. Бұдан бөлек, жеке инвестор есебінен салынатын 250 орындық балабақша жобасы қаралды. Жаңа білім беру мекемесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Жаңа балабақшаның құрылысын жақын уақытта жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұған қоса алдағы уақытта ауылдан жаңа саябақ салынатын аумаққа барып, жауаптыларға жобалау және абаттандыру жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You