Түркістан облысы: Түлкібастық оқушы республикалық кино фестивалінен жүлделі оралды

Республикалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар шығармашылығы республикалық кино фестивалінің «Телевизиялық сюжет» номинациясының II дәрежелі дипломы Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-шы сынып оқушысы Дүйсенбек Жібек Ержанқызына бұйырды.

Жетекшісі: Жаримбетова Индира Қадырқызы. Бұл фестивальге республиканың барлық өңірінен 140 оқушы қатысып, бақ сынаған. Облыс абыройын қорғап, жүлделі орын алған оқушы мен жетекшісі республикадан келген бағалы сыйлық және сертификатпен марапатталды.

Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысының міндеттін атқарушы Жайлаубай Рахат Сәрсенбекұлы жеңімпаз оқушы мен жетекшісін өз атынан Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романының ешқандай цензураға ұшырамаған түпнұсқасын тарту етті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin