Халқы саны көп, кезінде жұмысшылар қалашағы атанып кеткен Састөбе кентінде көптен бері айтылып жүрген кент орталығында орналасқан көлдің аймағын ретке келтіру мақсатында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Састөбе кентіне арнайы барып, ауыл әкімімен һәм кәсіпкермен жолықты.
Кезінде кент тұрғындарының демалыс аймағына айналған көл бүгінде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы кәсіп болып тұр. Кент әкімшілігінің меншігіндегі көлдің осыған дейін екі аймағы да екі мәрте іші толық тазаланған. Кент аймағындағы Жыланды бұлағы арқылы жиналатын көлді кент әкімшілігі ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берген. Алдағы уақытта кәсіпкер көлдің бір аймағына балық шаруашылығын дамытып және келесі аймағына демалыс аймағын жасамақ. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыстың заң талаптарына сәйкес атқарылуын және суға шомылу қауіпсіздігін сақтауды ескертті. Сонымен қатар, кездесуде кент аймағында жаңа кәсіпкерлік нысандардың жобалары да таныстырылып, алдағы уақытта қолға алынбақ.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.