Түркістан облысы: Түлкібас ауданындағы жазғы сауықтыру лагерінде оқушыларға салауатты өмір салты насихатталды

Түлкібас ауданында орналасқан «Қуаныш» жазғы сауықтыру лагерінде «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17 аудан һм қаладағы өнерпаз оқушылардың қатысуымен жалпы физиологиялық сана-сезімді дамытып, белсенді өмір сүру салты насихатталды.

Демалушылар бос уақыттарын дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін жаттығу іс-әрекетке жұмсады. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығып-шыңдалуымен қатар түрлі бағытта іс-шаралар өткізілді.

Соның бірі аталған лагерь демалушылары арасында «Спорт нашақорлыққа қарсы!» атты тақырыпта жарыс ұйымдастырылды. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулу және олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Сайыс жоғары деңгейде, тартысты өтті. Аталған сайыс жеңімпаздарына әдени және спорттық іс шараларға белсене қатысқан демалушыларға орталық атынан алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin