
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда болған азаматтар тарапынан көтерілген жайылымдық жерлердің жетіспеуі, қараусыз жатқан жерлерді мемлекет есебіне қайтару, ауыз су қысымының жетіспеуі сынды мәселелер бойынша аудан басшысы қолданыстағы заңдарға сәйкес нақты жауап беріп, тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау барысында кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында мемлекеттік грантқа қол жеткізе алмаған тұрғындар аудан әкімінің көмегіне жүгінді. Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы наразы болған тұрғындарды сабырға шақырып, барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, комиссия төрағасына гранттың не себепті берілмегенін анықтап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және халықтың сұрауы бойынша комиссия құрамын қайта қарап, өзгертулер енгізуді тапсырды.
Жеке қабылдауға жазылған азаматша аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы О.Сейдалиев көшесінің бойында орналасқан тұрғын-үй алаңына балалар алаңшасын салу, ауыз және ағын су мәселелесін реттеу, электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелерді көтерді. Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы айтылған мәселелерді тыңдап, сала мамандарымен бірге бүгін барып, көше тұрғындарымен кездесу өткізетінін жеткізді.
Жеке қабылдауға кезекті жазылған азаматшалар азаматтық қызметкерлерге сауықтыру ақысын төлеу мәселесін айтып өтті. Қабылдауға қатысқан сала мамандары негізінен мемлекет тарапынан біліктілікті қажет ететін мамандарға сауықтыру төленетінін түсіндірді. Аудан басшысы бұл мәселе алдағы уақытта Заң талаптарына сәйкес зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, хабарланатынын жеткізді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
843250 182145Top rated lad speeches and toasts, as effectively toasts. might quite well be supplied taken into consideration making at the party consequently required to be a little far more cheeky, humorous with instructive on top of this. very best man speeches funny 935659
12693 590413Exceptional weblog here! Also your site loads up quickly! What host are you employing? Can I get your affiliate link to your host? I wish my website loaded up as rapidly as yours lol 938709
320910 359269obviously like your web site however you need to take a look at the spelling on quite a few of your posts. 396425