VIII шақырылымдағы Төлеби ауданы мәслихатының екінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров жүргізіп, күн тәртібінде қаралатын он мәселемен таныстырды.
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезекті екінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер енгізіліп, қаралды:
- 2022 жылға арналған аудандық және қала, ауылдық окруктері бюджеттерінің орындалуы туралы.
- Аудан бойынша құрылыстардың орындалу барысы жайлы
- Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 наурыздағы №50/275-VІ «Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №23/127-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтік әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы.
- Алатау ауылдық округіне қарасты Қорған елді мекенінің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасына ішінара өзгеріс енгізу туралы.
- Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/227-VІ «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/21-VІІ «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жер учаскесін иеліктен шығару келісімшартын келісу туралы.
- Төлеби аудандық мәслихат аппаратының құрылымын бекіту туралы.
Бюджет шешіміне өзгерістер енгізу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жастарға көтерме және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру барысы жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұрбек Ашрапов баяндама жасады. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Бейсебаева хабарлады. Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу жайын аудан әкімінің кеңесшісі Ақмарал Қалменова баяндады. Қорған елді мекенінің бас жоспарына өзгеріс енгізу қажеттігі жөнінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерхасен Тілеубердиев баяндама жасады. Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту, жер учаскесін иеліктен шығару келісімшартын келісу туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Анарбек Сарбеков хабарлады.
Күн тәртібіне қойылған әр мәселе бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы биыл ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілетініне назар аударып, жұмыстардың сапалы атқарылуына тұрақты бақылау жүргізу керектігін атап өтті. Осы жұмыстарға халық қалаулылары атсалысатынына сенім білдірді. Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.