Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы Қарақия елді мекенінің тұрғыны аудан әкімінен қымыз өндіру, саумалмен емдеу орталығын іске қосу қажетті жер телімдерін қарастыруын өтінді

Бекітілген кестеге сай, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер негізінен жер телімі, табиғи газ, аяқ жол, ауыз суға қатысты туындаған сұрақтарын қойып, өтініштерін жеткізді.

Дәлірек айтсақ, Қарақия елді мекенінің тұрғыны Ж.Бектаев қымыз өндіру, саумалмен емдеу орталығын іске қосуды жоспарлағанын айтып, жеке кәсібін жүргізуге қажетті жер телімдерін қарастырып беруін өтініп, көмек сұрады.

Ал Ленгір қаласының тұрғыны А.Абдуллаев Достық көшесіндегі аяқ жол құрылысын аяқтап, автокөлік жолын ретке келтіруді, Амангелді көшесіне түнгі жарық орнатуды сұранды.

Т.Ажиева болса өзінің тұрмыстық жағдайын, әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін, тұрғын үй кезегінде 2016 жылдан бері тұрғанын, 3 баласының мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, баспана бөлуде жағдайын ескере отырып, комиссия шешімінің оң қорытынды алуға ықпал етуін өтінді.

Өз кезегінде Кенші көшесінің тұрғындары табиғи газға қосылуға қажетті құжаттарды реттеу жұмысын жылдамдатуды сұранды.

Ленгір қаласындағы Шапағат мөлтекауданының тұрғындары коммуналдық үйлерді жекешелендіруге қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.

Ал Кәсіпкер С.Тұрлыбеков таулы аймаққа барар жолдан 49 жылға жалға жер алғанын, қазіргі кезде құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын қонақ үй құрылысын жүргізіп жатқанын айтып, электр энергиясын тарту үшін техникалық шарттарға алуға қолдау сұрады.

Аудандағы ең жас ақын, Диханкөл елді мекенінің тұрғыны Н.Дүйсенбек өзінің ҚР Жазушылар Одағына кандидат ретінде тіркелгенін, ол үшін Алматы қаласына сапарға шығатынын айтып, бағдарламасымен таныстырды. Шығармашылығына қолдау көрсетіп жүрген Төлеген Тұртайұлына алғысын жеткізді.

Көксәйек елді мекенінің тұрғыны К.Мұздыбаева ауыз су мәселесіне қатысты туындаған сұрақтарын қойып, даулы мәселені шешуге ықпал етуді өтінді.

Керегетас елді мекенінің тумасы, кәсіпкер «Аспан Азия» ЖШС-нің директоры туған жеріне спорт кешені мен саумалмен емдеу орталығының құрылысын жүргізуді жоспарлағанын, ол бойынша елді мекенде туындаған мәселені шешіп, қолдау көрсетуді сұранды.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы қабылдауға келген тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдылықтарға сәйкес жергілікті билік органының өз құзыреті аясында мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, жұмыс жүргізілетіндігін айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.