Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы «Бастаубас» бұлағының басын қайта каптаждау қажет екені анықталды

Бекітілген кестеде көрсетілгендей, Төлеби ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі Қасқасу ауылдық округінде өтті. Кенесарық елді мекеніндегі Бекасыл Биболатұлы атындағы білім беру ошағында өткен басқасуда Төлеген Телғараев тұрғындарға 2023 жылдың 5 айының ​ қорытындысы мен жүзеге асатын жобалар, сәуір айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын таныстырды.

Кездесуге белгіленген уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігі жүзеге асып жатқан жобаларды таныстыруға, қалған уақыты «сұрақ-жауап» форматына арналды. Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы жиында округ халқы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініш, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

ІІ тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысы төмендегідей болған-ды:

Кеңесарық елді мекеніндегі «Балауса» балабақшасының жылу қазандығын ауыстыру және тозығы жеткен еденді ретке келтіру бойынша облыстық білім басқармасына сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Қаржыландырған жағдайда аталған жұмыстар жылыту маусымына дейін аяқталады.

Кеңесарық елді мекеніндегі «Бастаубас» бұлағына ауыл тұрғындары мен депутатардың қатысумен​ Ленгір су мекемесі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізу барысында бұлақ басын қайта каптаждау қажет екені анықталған. Қазіргі таңда бұлақ басын каптаждауға сметалық құжаты әзірленуде. Алдағы болатын бюджеттік нақтылауға қаржыландыруға ұсынылатын болады. Қаржы қаралған жағдайда ағымдағы жылдың соңына дейін аталған мәселе шешіледі.

КХ-35 автомобиль жолының бойына орнатылған түнгі жарық шамдары «Жарық жол» МКК-нің күтіп ұстауына өткізіліп, маусым айында​ іске қосылды.

Керегетас елді мекенінің Бейбітшілік көшесінің бойында орналасқан үш көпірге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қар, жаңбыр салдарынан су шайып кеткен жерлерін ретке келтіру бойынша жарамсыздық актісі әзірленді. Ендігі кезекте сметалық құжаты әзірленіп, 2024 жылдың бюджетін нақтылауға ұсыныс енгізілетін болады.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген түйткілді мәселелердің ​ шешудің нақты жоспары бекітіліп, ресми сайтқа жарияланады.

Кейіннен тиісті сала басшыларымен бірге аудан әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Айтылған ұсыныс пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін және көп қаражатты қажет ететін жұмыстар алдағы жылдардың еншісінде кезең-кезеңімен шешімін табатындығын айтты.

Сонымен қатар бүгін Төлеби ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев арнайы іс-сапармен келіп, аудан активімен кездесті. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі ғимаратының мәжіліс залында өткен басқосуда сенаторлар Парламент қабырғасында қабылданған заң жобаларын таныстырып, олардың тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Депутаттар ауданның жай-күйі, әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері, аймақтардағы мәселелер мен халықтың тыныс тіршілігімен танысу мақсатында облыс аумағында кездесулер өткізіп жүргендерін әңгімеледі.

Пікір алмасу форматында өткен кездесуде аудан қариялары , сала мамандары медициналық портал жұмысын оңтайландыру, білім беру ошақтарының басшыларын ротациялау, балалардың жазғы лагерьге жіберу ісін жандандыру, ауыл шаруашылық саласына қатысты сұрақтар қойып, пікірлерін жеткізді. Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы он екі елді мекендегі 25 мың 243 халық ауыз суды Балдыберек өзенінің ашық су көзінен пайдаланып отырғанын, ауыз судың сапасына ұдайы шағымдар айтылып жатқанын, мәселені түбегейлі шешу жолдарының бірі оны Бақырауық бұлағына қосу керектігін айтты. Бұлақ бастауы Ақсу Жабағылы қорығының қорғау аймағында орналасқандықтан, қорық шекарасына кіріп, бұлақтың суын ауыз су жүйесіне қосуға рұқсат беруін сұранып, халықтың өтінішін жеткізді. Мәслихат төрағасы интернет сапасының сын көтермейтінін айтып, жайылымдық жер, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, карьер мәселесін де сөз етті.

Кездесу барысында Сенат депутаттары көтерілген әрбір ұсыныстың маңыздылығын айтып, олардың кезең-кезеңімен өз шешімін табуына ықпал жасайтынын жеткізді.

Жиын соңында аудан ардагерлері ел жағдайымен танысу үшін арнайы келген, өзекті мәселелерді халықпен бірге талқылап, шешімін табуға қолдау көрсетіп жатқан халық қалаулыларына бата беріп, істеріне сәттілік тіледі.

Депутаттар жұмыс кестесіне сәйкес, ауданымыздың белсенді жастарымен кездесті. Ашық аспан аясында басқосуда жастар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы болып жатқан өзекті және қызықты оқиғаларын айтып, ойында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

Кейіннен, «KazPlast», «Қазығұрт» ӨК-не арнайы барып, мекеме қызметкерлеріне жолығып, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Осы орайда атап өтер тағы бір жайт, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков те ауданға іс-сапармен келіп, тұрғындармен кездесті.

Алдымен «Amanat» партиясы Төлеби аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар жер, ағын су мәселелері мен құрылыс нысандарында жіберілген кемшіліктер, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, білім сапасын арттыру бойынша өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Мәжіліс депутаты барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта зерделенетінін жеткізді.

Қоғамдық қабылдаудан соң Ардагерлер үйінде ардагерлермен және әжелер мектебінің мүшелерімен жүздесіп, парламентте атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Кездесу барысында аудан ардагерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, аудандық мәслихат депутаттары халық арасында жиі көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Сапар аясында Ұласбек Сәдібекұлы Бірінші Мамыр ауылында орналасқан «Балмұздақ» ЖШС цехының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.